«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


«Бізде ондай ешқандай шектеу жоқ. Өйткені архитекторлармен бірігіп



Pdf көрінісі
бет60/73
Дата06.05.2024
өлшемі3.21 Mb.
#500653
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

«Бізде ондай ешқандай шектеу жоқ. Өйткені архитекторлармен бірігіп 
саламыз. Сондай-ақ конструкторлар оның құрылымын, қалай салыну керек 
екенін, техникалық жағдайын есепке алады», - деді Алматы қ. сәулет және қала 
құрылысы басқармасының бөлім басшысы Қартайған ЕСЕНБАЕВ
Бүгінде Алматының солтүстік-батыс бөлігі қарқынды дамып келеді. Бас жоспарға 
сәйкес бірнеше жыл ішінде аталған аумақ көрікті ғимараттармен толыуы тиіс. Алайда 
шаһарда бой көтерген нысандардың біразын шет елдік құрылыс компаниялары атқарып 
келеді. Жобасын өздері жасағанмен бұл қалалық сәулетшілер кеңесінде сараптамадан 
өтеді. Ал, қаладағы үйлердің дизайны бір ғана стильде болуы керек, деген жүйе жоқ. 
Дегенмен де «Алып шаһардағы сәулет өнерінің өркендеуіне ерекше көңіл бөлінуі 
керек», - деп санайды мамандар. 
«Жалғыз ғана сәулетшілер емес, қоғам болып, үкімет, әкімшілік болып, бәріміз 
осы салаға үлкен көңіл аударуымыз керек. Алматы қаласы кеңес заманында 
сәулет өнерінің Меккесі болып есептелген. Әрине, соны бүлдіріп алмауымыз 
керек. Нарқықтық экономика болғаннан кейін Алматы қаласының көптеген 
функциясы өзгерді», - деді ТМД елдері сәулетшілер одағының президенті Ақмырза 
РҮСТЕМБЕКОВ.


Иә, кеңес заманында сәулет өнерінің меккесі атанған шаһардың қалпы бұзыла 
қойған жоқ. Дегенмен ретро Алматыны сағынатындар да баршылық. Десе де, заман 
талабына сай көптеген сан-түрлі ғимараттардың тағаны тартылды. Соңғы жылдары 
қаламызда ең көп салынған сауда үйлері мен қонақүйлер екен. Ал Қазақстан қонақ үйі, 
орталық цирк сияқты ерекше нысандар қатарын Универсиадаға арналған ғимараттар 
жалғастырмақ.
Авторлары: 
Үмбетәлі 
Меймеш, 
Талап 
Сағымбаев 
https://almaty.tv/kz/news-archive/news/alyp-sha-arymyzdy-azharyn-ashatyn-z-ul-m-imarattar 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет