Тағы «Сәулет өнері» жобасы еуропаның архитектуралық стилі мен азияның
эклектикасының тоғысуы туралы, сондай-ақ қираған үйінділерден
алып қалалар мен
шаһарлардың қайта салынуы жөнінде әңгімелейді. «Қазіргі таңда шығармашылық ұжым
Түркістан, Орал, Алматы және Жаркент қалаларында болып, ондағы ең маңызды
ескерткіштер жөнінде сөз етті. Хабардың әр бөліміне елімізбен қатар шетелдің беделді
архитекторлары қатысады. Мысалы, бағдарламаның
алғашқы бөлімінде танымал
отандасымыз Сағындық Жанболатов пен Алмас Ордабаевтың пікірлері берілді. Сонымен
қатар Лондон қаласындағы әйгілі Норман Фостермен сұхбаттасу үшін келіссөздер
жүргізілуде. Өздеріңіз білетіндей ол Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім
сарайы», «Хан Шатыр» және «Назарбаев орталығы» сынды көптеген ғимараттардың
авторы» - дейді «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева.
«Сәулет өнері» жобасының ұжымы жыл соңына дейін Қазақстандағы мешіттер,
кеңестік
кезеңнен қалған құрылыстар, тарихи орындар туралы 15 шығарылым жасауды
жоспарлап отыр. «Тағы бір айта кетерлігі, біз тек ескі ғимараттардың тарихына ғана
үңіліп қоймай, сондай-ақ заманауи архитектуралық жауһарларымыз жөнінде де сөз етеміз.
Қазақстандағы жас архитекторлар мен шет мемлекеттерде аты шығып, өзінің талантымен
әлемді мойындатып жүрген отандастарымыз туралы да хабар барысында айтылады» - деп
қоса кетті арнаның Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева.
Достарыңызбен бөлісу: