Тыңдалымнан кейінгі тапсырмасы
3-тапсырма.
«Тіл жанашырлары» атты рухани-мәдени жаңғыру клубының мүшелерінің алдында «Тілі
жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген тақырыбында сөйлеңіз.
Бағалау
Бағалау критерийі
Дескриптор
Мәтіндегі
терминдер мен ұғымдарға, тілдік,
оралымдарға талдайды.
Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік
алдында сөйлейді.
1.
Мәтіннің жанрын, мақсатты
аудиториясын анықтайды.
2.
Терминдер мен ұғымдарды,
тілдік оралымдардың не үшін
қолданылғанын талдайды.
3. Сөйлеу әдебін сақтайды.
4. Коммуникативтік жағдаятқа сай
сөйлейді.
3.2. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері
Оқу мақсаттары
10.2.3.1 көпшілікке арналған интервью құрылымы мен
рәсімделуін білу,
жанрлық ерекшеліктерін талдау;
Сабақ мақсаттары
Интервью мәтінінің құрылымын талдайды.
Интервьюдің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.
Құндылықтарды дарыту
Прагматизм: табиғат
ресурстарын тиімді қолдану
Пәнаралық байланыс
География
Бастапқы білім
Мәтіннің құрылымына талдай алады.
Тірек сөздер
Қоршаған орта,
экология, экологиялық ахуал,
экологиялық қылмыс
Сабақтың жүргізілу барысы
Оқылым алды тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Сұхбат дегеніміз не?
- Ол қалай жүргізіледі?
- Оның құрылымы қандай?
- Ол қай стильде жазылады?
Оқылым тапсырмасы Оқушыларға «Қоршаған ортаны
қорғау табиғаттың өзінен
бұрын адамға керек» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының судьясы
Төлеубай Қожанмен болған сұхбат мәтінін оқыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: