"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы


Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет18/29
Дата28.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#484728
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
критериалды бағалау

4.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны мен құрылымы
Критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі педагогикалық өлшеулер 
аясындағы қолданылып жүрген трендтермен салыстырулар ғана емес, 
еліміздегі әлеуметтік-мәдени даму ерекшеліктерін есепке алатын жаңа 
стандарттар мен бағалау механизмдерін құрастыруға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалаудың құрылымы бағалаудың екі түріне негізделген: 
қалыптастырушы және жиынтық (4-сурет).
4-сурет. Оқушыларды критериалды бағалау жүйесінің құрылымы 
Қалыптастырушы бағалау – бұл оқу тапсырмаларын, аталған оқу мен 
таным үдерісінің кезеңін орындау үшін міндетті бағаланатын сыныптағы 
күнделікті жұмыс барысын бағалау. Бұл оқушы мен мұғалім арасындағы кері 
байланысты қамтамасыз ететін оқушының оқу үлгерімінің ағымдағы 
көрсеткіші. Ол оқушының қиыншылығын анықтап, жақсы нәтижеге жету 
мүмкіндігін арттыруға көмектеседі. Оқушының оқуда жіберген ағымдағы 
олқылықтарын мұғалімнің, құрдасының ұсыныстарын, қалып қойған немесе 
қосымша тапсырмаларды ескере отырып, толықтыруға мүмкіндігі болуы 
қажет.
Жиынтық бағалау – бұл белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу 
жылы) аяқтаған кезде, сондай-ақ, оқу бағдарламасына сәйкес бөлімді 
меңгерген соң өткізілетін бағалаудың жинақтаушы түрі.
Критериалды бағалау 
Қалыптастырушы бағалауды мұғалім үздіксіз 
өткізеді, мұғалім мен оқушылар арасында кері 
байланысты қамтамасыз етеді және балл, баға 
қоймай-ақ оқу үрдістерін дер кезінде түзетуге 
мүмкіндік береді. 
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы 
тақырыпты, бөлім/ортақ тақырыптарды, белгілі бір 
оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім 
беру деңгейі) аяқтау бойынша балл, баға қою 
арқылы өткізіледі. 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалауды әр тоқсанда 
мұғалім 2-3 рет өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет