"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет7/29
Дата28.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#484728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
критериалды бағалау

1-суретКритериалды бағалаудың қағидаттары 
Білім беру сапасын арттыру үшін ынталандырушы орта құру арқылы 
тиімді бағалау жүйесін жасауда келесі негізгі жағдайларды қамтамасыз ету 
қажет:
Білу деңгейінен бағалау деңгейіне дейін - Б.Блумның таксономиялық 
тәсіліне сәйкес нақты күтілетін нәтижелерге бағытталған және оқу 
мақсаттары жүйесін жүзеге асыратын стандарт пен оқу бағдарламаларын 
құрастыру (Кіріктірілген білім беру бағдарламаларын, пәндер бойынша оқу 
бағдарламаларын қараңыз).
Білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды 
бағалауды 
өткізудің 
тәртібін 
анықтайтын 
нормативтік-құқықты 
қамтамасыз ету. Бұл бірыңғай стандарттар құрастыруға, нақты рәсімделген 
механизмдерді жасауға, барлық рәсімдерді жүзеге асыруға және үйлестіруді 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді (Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
Оқу мен бағалаудың 
өзара байланысы
Дамуға бағыттылық 
Анықтық пен 
қолжетімділік 
Үздіксіздік 
Объективтілік, 
айқындық және 
валидтілік 
Бағалау баланың өз оқуы мен дамуында қай 
тұста екенін, қалай жақсы жетістікке жетуге 
болатынын түсінуге мүмкіндік береді 
Дер кезінде және пайдалы ақпараттар ұсыну 
мақсатында бағалау үнемі жүргізіледі 
Бағалау сапалы өткізіледі және барлық 
талаптарға жауап береді
Мұғалімдер мен оқушыларға бағалаудың 
қалай өткізілетіні түсінікті, нәтижесі анық және 
қолжетімді
Оқу бағалауды, ал бағалау оқуды анықтайды 
және дамытады 
12 


білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, 
оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі 
қағидаларының 3-тарауы. Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім 
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібін қараңыз). 
Басқарудың ұйымдық құрылымын анықтайтын және бағалау жүйесін 
енгізу мен үйлестіру кезінде есеп жүргізетін ұйымдастыруды қамтамасыз 
ету. Аталған жағдайды жүзеге асыру аясында бағалау үдерісінің 
мониторингісін жүйелі өткізу (жиынтық бағалау мәліметтері негізінде 
өткізіледі және қосымша іс-шараларды талап етпейді), бағалау жүйесінің 
тиімділігін зерттеу және бағалау үдерісінің қатысушыларының пікірін танып 
білу мәселелерін қарастыру қажет. Көптеген ұйымдастырушылық және 
басқарушылық қызметті жүзеге асыруды критериалды бағалау бойынша 
өңірлік, мектеп үйлестірушілері жүргізеді (Өңірлік және мектеп 
үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты 
қараңыз). Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім басқармасы 
әдіскерлері ішінен, мектеп үйлестірушілері жалпы білім беретін мектеп 
директор орынбасарлары арасынан анықталады.
Бағалау бойынша үйлестірушілердің міндеттерінің бірі озық іс-
тәжірибені зерделеу, талдау, енгізуге бағытталған педагогтердің кәсіби 
қоғамдастығын дамыту болып табылады.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, критериалды бағалауға қатысты 
ұсыныстар мен оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру, мұғалімдердің 
бағалауға қатысты тәжірибелерін дамыту, стандарттау мақсатында 
мұғалімдерге бағалау құралдарының үлгілері бар жинақтарды ұсыну (Пәндер 
тұрғысында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинақтарын, 
жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныстарды қараңыз). 
Ақпараттық қамтамасыз ету, рәсімдерді цифрландыру үшін 
автоматтандырылған ортаны құрастыру бойынша IT-шешімдер және білім 
беру үдерісіндегі барлық қатысушылардың өзара онлайн әрекеті: 
электрондық журнал мен күнделік, тапсырмалар қоры, орталық мұрағат және 
т.б. Бұл әр оқушының жеке траекториясын құру арқылы дербес бағалауға 
мүмкіндік береді (Оқушылар жұмысының орталық мұрағатын ұйымдастыру 
бойынша нұсқаулығын, «Жүйелік-әдістемелік кешен» сайтын
(http://smk.edu.kz/) 
қараңыз).
Кадрлық қамтамасыз ету, бағалау жүйесін жүзеге асыру мәселелері 
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін жүйелі арттыру (Оқушыларды 
критериалды бағалау мәселесі бойынша біліктілікті арттыру курстарын 
қараңыз).
13 


Психологиялық-педагогикалық кеңес беру – оқу нәтижесіне қатысты 
оқушылардың жауапкершілігін, белсенділігін, жұмыла әрекет етуін арттыру 
үшін қолайлы орта құру және мектеп пен ата-аналар қоғамдастығы арасында 
ынтымақтастық орнату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет