Ндірістерді автоматтандыру


Сигналды нормализатор /клеммалы плата/ гальваникалық шешілу модулі



бет17/23
Дата21.12.2023
өлшемі0.99 Mb.
#487240
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Лекция- каз

4.3 Сигналды нормализатор /клеммалы плата/ гальваникалық шешілу модулі
Жалпы жағдайда бұл элемент барлық 3 функцияны атқарады (мысал – ADVANTECH фирмасының ADAM-3000 модульдер сериясы), немесе соның бірін.
Сигналды нормализациялау дегеніміз:
- «тоқ-кернеу» түрленуі (ЭЕМ және кірістірілген модульдер тек қана потенциалды сигналмен жұмыс істейді);
- табиғи сигналдарды бірыңғайлыға (унифицированный) түрлендіру (термопара, термокедергі, тензокөпір арқылы).
Сонымен қатар, жүйенің берілген элементінің құрамында шуды азайтушы кіріс RC-фильтрлері және кернеуді айырушылар болуы мүмкін.
Мысал: WAGO фирмасының 750-400 серия модульдері; ADVANTECH фирмасының PCLD 780/880/8115/8710/8712 сыртқы модульдері; DATAFORTH фирмасының ең кең тараған SCM5B, SCM7B сериясының модульдер номенклатурасы.
4.4 Күшейткіштер/мультиплексорлар
Егер датчиктерден кіріс сигналдарының саны аналогты енгізу модульдерінің кіріс санынан артқан жағдайда аналогты енгізу модульдерінің кіріс санын кеңейту үшін пайдаланылады (кірістердің стандартты саны МВА: 8 дифференциалды, 16 ортақ өткізгішпен).
Берілген жүйе элементі коммутациямен қатар басқа да бірқатар функциялар атқара алады:
- Коммутацияланған сигналды күшейту. Егер датчиктер негізгі ЭЕМ-нан салыстырмалы түрде алыс ара-қашықтықта орналасса, сонымен қатар термопаралардан, әсіресе ТВР,ТПП типтілерден келетін сигналды күшейту үшін қажет.
- Термопараны тікелей берілген құрылғыға қосуға мүмкіндік беретін термопараның суық дәнекерлеу температурасын компенсациялау.
- Жоғарғы және төменгі шектер арасындағы кіріс сигналын шектеу және қосымша фильтрлеу.
- Тізбектердің гальваникалық шешімі. Мультиплексорлар келесі типті болады: 4- 1, 8-1, 16-1, 32-1.
Мультиплексорлар каскадтық схемалар бойынша жиналуы және 256 қоршалған (изолированные) кірісті дифференциалдық каналдарды бір шығысқа ауыстыруды қамтамасыз ете алады.
Мысал: PCL кіріс/шығыс көп функционалдық платаларға(коммутатор 48-1) каскадтық схема бойынша құралған PCLD-789D мультиплексорларын қосу.

4.3 сурет - DВ-37 типті қрсқышпен жабдықталған аналогты кіріс платаларына аналогты сигнал коммутаторларын қосу




4.4 сурет - IDC-20 типті қосқыштарымен жабдықталған аналогты кіріс платаларына клеммалық платалар мен аналогты сигналдар коммутаторларын қосу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет