Сабақтың жоспары:
Лирикалық түр және оның сипаттамасы
Әдебиет тегінің бір саласы - лирика жэне оның жанрлары.
Бақылау сұрақтары:
Лирика жанрының басқа жанрлар мен тектерден айырмашылығы неде?
Лирикалық текке қандай жанрлар жатады?
Тапсырмалар:
Баллада жанрының табиғатын аш. Оның аралық жанрындағы ақауларға қалай қарайсың? (Ол лирикалық па әлде эпикалық жанр ма?)
Романс жанрына сипаттама бер, қазақ әдебиеттану ғылымында романс жанры бар ма? Бар болса кімнің қандай шығармасын білесің?
Глоссарий:
Лирика (грекше - ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) - әдебиеттің Аристотель заманьшан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологияльщ шығармалардьщ түрі.
Ода ( грекше осіе - ән) - есімі елге тараған жеке адамдарды не батырларды мадақтаған я болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса көтеріңкі, көңілді жыр.
сонет (итальянша зопейо; зопаге - сылдырау, сыңғырау ) - арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең;
идиллия ( грекше еісіуіііоп - суреттеу, сурет) - әлдебір парықсыздау салтанат, қарекетсіз қызық, уайымқайғысыз қызғылт өмір туралы жыр.
баллада (итальянша Ьаііаге - билеу) - лироэпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең.
Достарыңызбен бөлісу: |