Не журналистика кафедрасы


-тақырып. Проблемалық сұрақтар



бет66/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

6-тақырып. Проблемалық сұрақтар
1.Қазіргі қазақ драмасындағы әбден танылған драмалық образдар қатарында кімдерді атайсыз (мысал дәптерге).
2. Өзіңіз оқыған бір шығармадан геройлық образ бен эпикалық образға анализ жасаңыз. Екі образдың жасалуында, іс-әрекетінде қандай ұқсастық, қандай айырмашьшьщ бар, ажыратьщыз.
3. Бір шығармада образдың тектік, тәсілдік, әдістік тұрғыдан жіктелген барлық түрінің бірдей кездесуі мүмкін бе, болмаса неге, себебін жазыңыз (мысал дәптерге). Көркем бейненің танымдық, эстетикалық, философиялық мәні тұрғысында теориялық оқулықтар бойынша конспект жазыңыз.
4. Қазақ әдебиетіндегі тек реалистік образдар тудырған қаламгерлерді атаңыз.
5. Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрлеріне мысал келтіріңіз.
6. Белгілі бір қаламгер туындысындағы өзіңізге ұнаған образға талдау жасау.
7. Досыңыздың портретін жазыңыз. «Мәңгілік бейнелер сыры» жөнінде ой толғаңыз.
8. Көркем образдың нақтылық, жалпылық қырларына мысал келтіріңіз.
9. Көркемөнердің қандай түрлерін білесің, олардың өзіне тэн ерекшеліктерін және ортақ қоғамдық функңиясын еске түсіріп, жауабын ойлану.
10. Әдебиеттің өзге өнер түрлерінен қандай басты ерекшеліктері бар? Оларды атап, іштей түсіндіруге тырысу.
11. Көркем бейненің танымдық, көркемдік-эстетикалық мәні дегенді қалай түсінемін?
12. Әдебиет өнеріне тән көркем бейне және бейнелілік деген ұғымдар аясын айқындаңыз.
13. Көркем бейне қаламгер үшін көркем таныту құралы бола ала ма?
14. Кейіпкерлерді тип, яғни, типтік тұлға немесе эпизодтық, екінші кезектегі бейне деп бөлу неге байланысты?
15. Көркем бейненің жекелік (жалқылық) және жалпылық қырлары неден көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет