№1 кесте
Тыныс алу (тыныс шығару)
Тыныс шығару (суреттер)
Мұрын
Ауыз
Мұрын
Ауыз
Мұрын
Мұрын
Ауыз
Ауыз
Бұл жаттығулардың мақсаты – дем алып, дем шығарудың әр түрін жаттау барысында
диафрагмальді тыныс алу және біртіндеп сабырлы дем шығару.
Сонымен бірге, бұл жаттығулар
тыныс алудан кейінгі кідірістен кейін тыныс алудағы сөйлеу кезіндегі тыныс алудың ритміне негіз
болады. Сөйлеу кезіндегі кідірісті қалыптастыру ішкі себептермен пайда болады, себебі бала тыныс
шығаруын тоқтатып, назарын демді қалай шығару екендігіне аударады: тыныс алудан тыныс
шығаруға көшкенде мұрын арқылы ма, әлде ауыз арқылы ма. Кейін дауысты дауыссыз дыбыстарды
айтқызып үйрету кезінде бұл кідіріс уақыт бойынша созылады және бекітіледі. Ал, буындар, сөздер,
сөз тірекестеріне көшкен кезде ол толығымен қалыпты болады да, сөйлеу кезіндегі дұрыс тынысты
қамтамасыз етеді.
Мұндай жаттығулар кезінде баланы тыныс алып, тыныс шығару кезіндегі ауыз қуысы және
жұтқыншақ қуысының кілегейлі қабықтары арқылы өтетін бағытты ауа ағының сезінуге үйрету
қажет. Ауыз арқылы шығатын ауа ағынының бағытын тегіс қағаз бетіне қойылған мақтаның
қозғалысымен немесе тыныс шығарғанда алақанды ауызға тақап ұстау арқылы қадағалайды.. Осы
кезде бала ауа ағынының бағытын бақылап, логопедтің айтуы бойынша түзетіп, өзгертіп отыра
алады. Мұндай дем шығару ауыз арқылы толық, сабырлы тыныс шығарудың бағыттылығын
қалыптастырады.
Бұл әдістеме тыныс алуды дамытуға арналған логопедиялық
тәжірибеде жиі қолданылатын
арнайы жаттығуларды жүргізуді көздемейді (мақтаны үрлеу, рәзеңке ойыншықтарды үрлеу т с.с.),
себебі тыныс алудың мұндай түрлерінің сөйлеу тіліне ешбір қатысы жоқ. Сондай-ақ, бұл
жаттығуларды орындау барысында бала қиналып жасайды, ал бұл жағдай оның сөйлеу тіліне
зиянды. Себебі сөйлеу аппаратының бұлшық еттеріне беріліп, артикуляцияны ауырлатады.
Баланың назары үнемі сөйлеу кезіндегі тыныс шығарудың бағытына, артикуляция
мүшелерінің қалпына аударылып отырады. Аыз арқылы дұрыс тыныс шығаруды ұйымдастыру үшін
ауыз қуысындағы тілдің қалпын өзгерту қажет.
Дем шығарудың түрлерін үйрету кезінде-ақ баланың назары бірден артикуляция мүшелерінің
қалпына аударылады: ауыз арқылы тыныс шығарғанда тілдің ұшын алдыңғы төменгі күрек тістерге
тіреп, ауызды есінегендегідей ашып ұстау.
Тілдің түбірі төмен түсуі керек. Тілдің ұшының алдыңғы астыңғы күрек
тістерге қарай
жылжуы тілдің түбірін қажетті қалыпқа дейін төмен түсірмесе, уақытша тілді тістер арасынан
шығарып, тілдің түбірін шпательмен басуға болады (шпатель ең соңғы жағдайда қолданылады).
Тілдің түбірі төмен болғандағы ауыз арқылы дұрыс тыныс шығару нәтижесінде бала кез-
келген дыбысты анық (мұрын арқылы емес) айтып, кейіннен сөйлеу тілінде де, қалыптастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: