әдістеме бойынша жүргізілсе, баланың операциядан кейін дұрыс сөйлеу мүмкіндігі толық
туындайды. Ал, кейде жаңа жағдайларда дұрыс сөйлеуді меңгеруіне 5-6 сабақ жеткілікті болады. Ол
үшін баланың дәптері бойынша барлық дауысты, дауыссыз дыбыстар
артикуляциясы қайталанып;
диафрагмальді тыныс алу және ауызбен дем шығаруды үнемі қадағалап отырып, күнделікті
сөйлеуінде таза сөйлеу дағдысы бекітіледі. Басында сөйлеудің темпі бәсеңсиді;
кейіннен біртіндеп
қалыптасып, баланың назары сөйлеудің анықтылығына, мәнерлілігіне бағытталады. Басында
баланың сөйлеуін үнемі логопед, кейін ата-аналар немесе мектепте және үйде
баламен араласатын
адамдар қадағалайды. Уақытында логопед балаға кеңес беріп отырады.
Сонымен, уранопластикадан кейінгі логопедиялық жұмыс операцияның жасалғанына және
операциядан кейінгі жұмысты ескеру бойынша құрылады. Жұмыс әдістері науқастың сөйлеу тілі
ерекшеліктеріне байланысты және психикалық статусын ескеріп қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: