Емдеу педагогикалық жүйені алғашқы рет И. А. Сикорский және оның шәкірті И. К.
Хмелевский қолданған. Көптеген ғалымдар мен тәжірибелі мамандар бұрынғы құрастырылған
әртүрлі тәсілдердің ең тиімділерін алып, оны тұтықпаны түзетудің кешенді тәсілдері деп анықтады.
В. А. Гиляровский, Ф. А. Рау, Ю. А. Флоренская, Н. П. Тяпугин, М. Е. Хватцев, Н. А. Власова, В. С.
Кочергина, М. С. Лебединский, С. С.
Ляпидевский, В. И. Селиверстов өздерінің зерттеулерімен,
тұтықпаны түзетуде кешенді емдік-педагогикалық ықпал ету әдісін ары қарай дамытады.
Тәжірибелік іс-әрекеттермен тұтықпаны түзетудің кешенді әдісін дамытуға зор үлес қосады. Қазіргі
замандағы тұтықпаны түзетудің кешенді әдісін тұтығушының психофизиологиялық жағдайына
әртүрлі мамандардың және әртүрлі тәсілденрмен ықпал етуі деп түсінеді.
Емдеу-педагогикалық кешенді әдісті тұтығушыға ықпал ету сипатына қарай екіге бөлуге
болады: емдеу-сауықтыру және түзету-педагогикалық.
Емдеу-сауықтыру жұмысының негізгі мақсатына тұтығушының жүйке жүйесі мен
денсаулығын нығайту және сауықтыру, психофизиологиялық жақтарының
ауытқуларын жою және
емдеу жатады.
Емдеу-сауықтыру жұмысына емдеуге тиімді жағдай жасау, күн тәртібі мен тамақтану тәртібін
ұйымдастыру, шынықтыру, емдеу физкультурасы, дәрімен емдеу, физио- және психотерапия
жатады.
Күн тәртібі мен тамақтандыру тәртібі. Тұтықпа
балалардың көпшілігі аурушаң, әлсіз
келеді, сондықтан күн тәртібін анықтап, құрастыруда дем алуға жеткілікті, көп уақыт беруін,
сабақтан тыс, басқа да жұмыс мөлшерін азайту қажет.
Жүйке жүйесін сауықтыруда ұйқының маңызы өте зор. Ұйқы жүйке клеткаларын
әлсіреуден сақтайды, оларды қоректі заттармен оттегімен қамтамасыз етеді. Күн тәртібінде мектепке
дейінгі балалар он он бір сағат түнде, күндіз екі сағат, оқушылар сегіз тоғыз сағат түнде, бір жарым
екі сағат күндіз ұйықтауы қарастырылу қажет.
Балада жаңадан пайда болған рефлекстердің тұрақтанып бекуі
және организмдегі барлық
биохимиялық процестердің өтуі тамақтануға тығыз байланысты болады. сондықтан тұтықпа баланың
тамағын витаминизациялауға көп көңіл бөлу керек.
Шынықтыру процедуралары. Баланың күн тәртібінде міндетті түрде шынықтыру
процедуралары қарастырылады: таза ауада жүру, спорттық ойындар (шаңғы, коньки т.б), сүртіну,
құйыну, душ қабылдау, шомылу т.б. баланың денсаулығын, жеке тұлғалық ерекшелігін ескере
отырып шынықтыру түрлерін дәрігер тағайындайды.
Емдеу физкультурасы мен ритмика.
Тұтықпа балалардың кемшілігінде әр түрлі деңгейде моторикасының бұзылуы байқалады.
Сондықтан физикалық жаттығулардың ондай балалар үшін емдік маңызы зор.
Емдік
физкультураның бір саласына логопедиялық ритмика жатады. ритмикада қимыл жатығулар жүйесі
музыканың сүйемелдеуімен және баланың сөйлеуімен қоса жүргізіледі. Музыкалық қимыл
жаттығулары жалпы моториканың, бұлшықеттердің қимылдарын дамытуға, баланың сөйлеуін оның
эмоционалдық жағдайы мен тәртібін қалыптастыруға зор әсерін тигізеді. Бұл сабақтарда баланаң
қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін ойын тәсілдері жиі қолданылады.
Дәрімен емлеу орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің қызметін қалыпқа келтіріп,
сөйлеу аппаратының тырысуын азайтады, психогендік өзгешеліктерін азайтып,
жалпы организмді
сауықтырады.
В.С.Кочергинаның ақылауы бойынша, тұтығулардың жасы ұлғайған сайын дәрімен
емдеудің ролі артады. Дәрімен емдеу кешенді ықпал етудің маңызды компоненті болып саналады,
өйткені ол тұтығушылармен жүргізілетін түзету логопедиялық жұмысының нәтижелі болуына,
тұтықпаның қайталануынан сақтандыруға мүмкіндік туғызады.
Психотерапия. Тұтықпаны кешенді емдеу жүйесінде психотерапияның орны ерекше. Сөзбен
ықпал етудің негізін түсіндіру, сендіру, көндіру әдістері жатады, ал бұл әдістер емдеу педагогикалық
жұмысында кең пайдаланады. Қазіргі кезде психотерапияны екі түрге бөледі:
1)
Ұтымды немесе түсіндіру;
2)
Сугестивті сендіру терапиясы . сергек жағдайда ұйқыда (гипноз) және өзін сендіру
жаттығу түрлеріне бөледі.
Психотерапияның барлық түрлері бәр жағынан тұтығушылардың психогендік бұзылыстарын
жоюға (логофобия, ақаулығын көңіл аудару т.б), екінші жағынан ақаулықтың
салдарынан өзгерген
әлеуметтік қатынастарын қайта қалыптастыруға бағатталады.
Айта кету керек, мектепке дейінгі жастағ балалармен ұтымды психотерапия әрт.рлі ойын
түрлерін де қолданады.
Психотерапиялық сендіру, әдетте жеке әдіс ретінде емес, жалпы емдеу педагогикалық
шаралар комплексін пайдаланады.
Сендіру психотерапияның арнайы әдісін екі түрге бөледі: басқа адамның сендіруі
(гитеросугестия) және өзін өзі сендіру (аутосугестия).
Тұтықпаны емдеуде сергек жағдайда сендіру мен ұйқыда сендіру әдістері қолданылады (К. М.
Дубровский).
Аутогендік жаттығу әдісін әртүрлі невроздарды емдеуде қолданады. Өзін өзі сендіру арқылы
тұтығушы беттің, мойынныңғ иықтың бұлшықеттерін босаңсытуға,
тыныс алуын реттеуге,
тырысуын бәсеңдетуге болады. аутогендік жаттығуларды кешенді әдістердің құрамында қолдану
көптеген авторлардың әдістемелерінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: