Не педагогика факультеті



Pdf көрінісі
бет50/89
Дата25.02.2024
өлшемі2.07 Mb.
#493148
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   89
Логопедиялық технология лекция

Алалияның топтастырылуы 
Алалия өзінің механизмі, белгілері және сөйлеу тілінің дамымауының деңгейі бойынша 
біркелкі емес. Оны зерттеу және ажыратуға деген көзқарас негізінде, зерттеушілер бұл бұзылыстың 
бірнеше түрін атайды. 
Алалияның түрлерін ажырату негізінде әр түрлі критерийлер жатқандықтан, оның 
топтастырылуы да алуан түрлі. 
А.Либманн (1925) алалияның мынандай түрлерін бөліп атады: моторлы естімеу 
сөйлемеу, сенсорлы естімеу сөйлемеу, сенсомоторлы естімеу сөйлемеу, ауыр тіл кемістігі мен 
естімеу сөйлемеу арасындағы өтпелі түрі. 
Р.Е.Левина (1951) бұзылыстың психологиялық топтастырылуын ұсынады, онда 
балалардың топтары мынандай: естіп (фонематикалық) қабылдауы толық емес балалар, көріп
(заттық) қабылдауы бұзылған, психикалық белсенділігі бұзылған балалар. 
В.К.Орфинская (1963) лингвистикалық топтастыруды құрастырады. Онда алалияда сөйлеу тіл 
жүйелерінің бұзылуының түрлері бойынша тіл жүйелерінің біріншілік немесе екіншілік 
бұзылыстарын он түрге бөледі: моторлы алалияның төрт түрі, сенсорлы жеткіліксіздіктің төрт түрі,
сөйлеу тілі дамымауының негізінде жатқан қимыл-көру бұзылыстарымен байланысты екі түрі. 
М.Зееман (1962) балалық жастағы орталық сөйлеу тілі бұзылыстарын (дисфазия) моторлы 
афазияға, аграфияға, алексияға тән түсінігі сақталған белгілері бар экспрессивті дисфатиялық 
бұзылыстар және сенсорлы афазияға ұқсас рецептивті дисфатиялық бұзылыстар деп бөледі. 
Авторлар балалық шақтағы афазиямен (алалия) ересектер афазиясының айырмашылығын 
атайды: балалардың бұзылыстары тұрақты және жиі кездеспейді, себебі баланың миы үнемі дамуда, 
және де онда орнын басушы функциялар қалыптасып жаңа байланыстар пайда болады. 
В.А.Ковшиков (1985) бойынша алалияның импрессивті (сенсорлы) және экспрессивті 
(моторлы) түрлері бар. Экспрессивті алалия дегеніміз, тіл бірліктерін меңгерудің және олардың 
функциясының бұзылуымен сипатталатын тіл бұзылыстары. Оның белгілері: артикуляциялық және 
мағыналық операциялар сақталған жағдайдағы грамматикалық, лексикалық және фонематикалық 
операцияларды меңгере алмау. 
Е.Ф.Соботович 
(1985), 
бұзылысты 
және 
сөз 
әрекетінің 
механизмдерін 
психолингвистикалық тұрғыдан талдай келе алалияның түрлерін бөліп атайды: тілдік 
синтагматикалық және парадигматикалық жүйелерін меңгерудегі бұзылыстар. Моторлы алалияда, 
Е.Ф.Соботовичтің пікірі бойынша, тілдің белгі түрін (сөйлеудің туу процесіндегі белгілерді біріктіру 
және ережелерді қолдану ережелерін меңгеру) меңгерудің бұзылуы байқалады. Алалияны сенсорлы 
және моторлы түрлерге бөлу бала дамуының ерте кезеңдерінде шартты түрде болады, тек кейін ғана 
бұзылыстың негізгі компонентін анықтауға болады. Жаңашыл зерттеулерде мұндай бөлу 
экспрессивті және рецептивті алалия (осылай афазияны бөлу) терминдерінде орын табады. Бұл 
терминдермен бұзылысты топтастырудың физиологиялық емес, психологиялық жағы белгіленеді. 
Бірқатар зерттеушілердің (К.П.Беккер, М.Совак, 1981; К.П. Критчли, 1974, т.б.) ойы бойынша
алалияда сөйлеу тілінің орталық бұзылыстары вербальды акустикалық агнозия және вербальды 
моторлы апраксия (сөз белгісін , үлгіні жасай алмау және айта алмау) түрінде кездеседі. 
Алалияның бірнеше деңгейлері бар: сөйлеудің бұзылуының қарапайым түрінен 
байланыстырып сөйлеуді мүлдем қолдана алмауына дейін. 
Сонымен, алалия мәселесіне арналған әдебиетте көрсетілген мағлұматтар көпжақты және 
пікірталасты. 
Сөйлеу тілі, күрделі процесс ретінде динамикалық шоғырлануға ие, және де сөйлеу әрекетіне 
қатысатын бас миының әр түрлі құрылымдары үнемі өзгеріп тұратын байланыстарға түседі. Өз 
құрылымы бойынша күрделі-ұйымдастырылған және полиммодальды сөйлеу процесі тек қана 


моторлы деңгеймен шектелмейді. Алалиясы бар балаларға экспрессивті сөйлеу тілінің кешігіп пайда 
болуымен қатар, оның патологиялық түрде дамуы тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет