7. Алалиясы бар бала мен олигофрениядағы сөйлеу тілінің дамымауына салыстырмалы талдау.
8. Алалия мен афазияның салыстырмалы талдауы.
9. Алалия мен дислалия, ринолалия, дизартрияның салыстырмалы талдауы.
10. Алалия мен функциональды сипаттағы сөйлеу тілі дамуының уақытша тежелуіне салыстырмалы
талдау.
Ұсынылған әдебиеттер
1.Логопедия негіздері. 2017. Дүйсенбаев А.Қ., Балтымова М.Р
2.Логопедия. 2014. Өмірбекова Қ.Қ.
3.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова
Г.Б.
4.Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде
логопедиялық
жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. 2014. ИбатоваГ.Б., Оразаева Г.С.
5.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова
Г.Б., Коржова Г.М.
6.Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы. 2014. Қ.Қ. Өмірбекова
Лекция 21. Афазия
1.Афазияның себептері
2. Афазияның жіктелімі
3. Афазияны педагогикалық-түзету жұмысының негізгі бағыттары
Афазия (грекше “а”-теріс мағыналы қосымша, “phasis”-айту
) - сөздің бұзылуы, есту және
артикуляциялық аппаратының қызметінің сақталуы кезіндегі тіл құралымының толық немесе
жарым-жартылай қолдану мүмкіндігін жоғалтуы. Афазия кезіндегі
толық немесе жарым-жартылай
сөйлеуді жоғалту бас миының жергілікті зақымдануымен байланысты.
Афазия – психология, неврология, физиологияның көне мәселесі. Афазияның сипаттамасын
толықтыруға, анықтауға жаңа зерттелердің деректері мүмкіндік берді.
Афазия дегеніміз бас мидың органикалық бұзылуының салдарынан сөйлеу тілінің жүйелі
бұзылуы. Ол сөз байланысының әр деңгейін қамтиды, оның басқа
психикалық процестерімен
байланысына әсер етеді және адамның барлық психикалық ортасының дезинтеграциясына әкеліп
соғады, әсіресе сөз қызметінің қатынасын бұзады.
Афазия кезінде фонологияның сөздік деңгейлерін қамтитын (фонетика, лексика, грамматика)
сөйлеу қызметінің жүйелі бұзылуы байқалады. Афазия өзіне келесі құрамаларды қосады: ауызша
қатынасуы және сөздің бұзылуы; басқа психикалық процестердің бұзылуы;
даралық өзгеруі және
ауруға деген жеке реакциясы.
Афазия жөнінде кейбір мәліметтерді XVII ғасырдың клиникалық әдебиеттерінде кездестіруге
болады. Бұл бұзылысты қарқынды зерттеу XIX ғасырдың аяғында басталды. «Афазия» терминін
француз ғалымы Труссо 1864 жылы енгізді. Афазия жөніндегі ілімнің дамуын үш кезеңге бөлуге
болады. XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басын
бірінші кезең деп білеміз. Осы уақытта
неврология классиктері афазияның негізгі екі түрін (формасын) ажыратты: моторлы афазия (П.
Брок (1861) афазиясы) және сенсорлы афазия (К. Вернике (1874) афазиясы).
Кейінгі он жылдың
ішінде афазияның басқа да түрлері сипатталып, ажыратылды. Олардың негізіне моторлы және
сенсорлы бұзылыстардан басқа оданда күрделі процестердің бұзылыстары алынған. Осылай өткізгіш
(проводниковая)афазия бөлінді. Оның жалғыз симптомы ретінде моторлы және сенсорлы
орталықтардың арасындағы «жолдардың үзілісінің» салдарынан сөзді қайталауының бұзылуы
есептелді. Кейіннен сенсорлы және моторлы
транскортикальды афазия ажыратылды. Бұл жағдайда
сөз қайталауы сақталғанымен спонтанды сөйлеуі бұзылған болып келеді.
Кейіннен сенсорлы және
моторлы
субкортикальды афазия пайда болды. Онда ми қыртысының моторлы және сенсорлы
орталықтарынан мидың төменгі бөліктеріне апаратын «жолдарының үзілісі» байқалады.
Афазияның келесі түрі -
амнестикалық. Мұнда сөйлеу үрдісінің сенсорлы және моторлы
компоненттері сақтаулы, бірақ «сөзді есте сақтау орталығы» зақымдалған болады. Осының
салдарынан заттың атауы бұзылады.
Екінші кезең. ХХ ғасырдың 40-жылдары афазиологияның
қарқынды дамыған кезі
болатын. Физиология, психология, неврология, нейрохирургия және т.б. ғалымдардың қарқынды
дамуы жаңа ғылымның, яғни нейропсихологияның ашылуына ықпал етті. Бұл ғылым афазия жөнінде
ілімнің дамуының негізін қалады. Афазия туралы жаңа ілімнің негізін қалаған А. Р. Лурия еді.
Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген осы бұзылыстың классификациясының авторы да А. Р. Лурия.
Үшінші кезең, А. Р. Лурияның ұйғарымы бойынша - болашақтың ісі.
Афазия жөнінде
зерттеулер жалғастырылды және қазіргі кезде жалғастырылуда (Э. С. Бейн, М. К. Бурлакова, Т. Г.
Визель, П. А. Овчарова, В. В. Оппель, Е. Н. Правдина-Винарская, В. М. Шкловский және т.б.). Соңғы
жылдары ғалымдар жартышарлар ассиметриясы мәселесіне қызығушылық тантып отыр, нақты
айтсақ, сөйлеу тілінің оң жартышармен өзара байланысы туралы және оның ырғақ-әуезділігін іске
асыруда оң жартышардың рөлі көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: