Дислексияның жіктелімі
Дислексияны жіктеу негізіне авторлар әр түрлі критерийлерді алады: оқудың бұзылу
деңгейін, байқалуын (Р. Беккер); оқу актісіне қатысты анализаторлардың бұзылуын (О. А.
Токарева); кейбір психикалық функциялардың бұзылуын (М. Е. Хватцев, Р. Е. Левина), оқу үрдісінің
операцияларын ескеруін (Р. И. Лалаева)
О. А. Токарева оқу бұзылысын анализаторларының (есту, көру және қимыл-қозғалыстары)
бірінші бұзылысына тәуелді деп топтастырады. Осыған байланысты дислексияның акустикалық,
оптикалық және моторлы түрін бөледі. Автордың ойы бойынша, дислексияның көп тараған түрі
акустикалық
бұзылыстарымен
байланысты,
мұндай
жағдайда
естіп-қабылдауының
дифференциациясының нашарлығы, дыбыстық талдауының жеткіліксіз дамымауы байқалады.
Балалар қиындықпен әріптерді буындарға, сөздерге біріктіре алады, өйткені әріптер фонема белгісі
сияқты қабылданбайды; артикуляция және дыбысталуы бойынша ұқсас дыбыстарды алмастырады
(ызың және ысқырық, ұяң және қатаң т.б).
Дисграфияның белгілері
Жазудың бұзылуын белгілеуде, негізінде, дисграфия, агрофия, дизорфография, эвалюциялық
дисграфия (баладағы оқуды меңгеру үрдісінің бұзылуын белгілеуге) деген терминдерді қолданады.
Дисграфияның негізгі белгісі (симптоматикасы) жазуда кездесіп тұрақты және қайталанып
отыратын ерекше қателер болып табылады.Ондай қателерді төмендегідей топтастыруға болады:
әріптерді алмастыру және шатастыру, сөздік дыбыстық, буындық құрамының бұзылуы, сөйлемде
сөздердің бірге жазылуы, аграмматизмдер. Сонымен қатар дисграфияда сөзсіз функциялардың
бұзылуының белгілері де байқалады.
И. Н. Садовникова жазудағы қателерді толық анықтап жүйелеу және түзету жұмыстарын
тиімді ұйымдастыру үшін ерекше қателерді деңгейлік принципке сүйеніп талдау қажет деп
есептейді. Соның негізінде ерекше қателерді үш топқа бөледі:
- әріп және буын деңгейіндегі қателер;
- сөз деңгейіндегі қателер;
- сөйлем деңгейіндегі қателер.
Достарыңызбен бөлісу: |