Не педагогика факультеті



Pdf көрінісі
бет30/89
Дата25.02.2024
өлшемі2.07 Mb.
#493148
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89
Логопедиялық технология лекция

4.Дыбыс айтудың тотальді бұзылуы. 
Барлық дыбыстар мұрындық ренкпен айтылады, әсіресе дауысты дыбыстардың айтылуы 
бұзылады. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы жоқ таңдай-жұтқыншақ қалқаншасына қарай тартыңқы 
болады. Соның салдарынан дыбыс айтылуы бұзылады, дыбыстар қырылдап шығады. Дыбыстарды 
алмастыру сирек кездеседі. Ринолалияға шалдыққан балалар компенсаторлы құрал ретінде 
жұтқыншақ аймағындағы дем шығару жолында тарылу құрайды. Осы кезде ызың, ысқырық
дыбыстар қауырт, жағымсыз ренкпен айтылады (М.Зееман). Қауырт дыбыстар ауаның қатайған 
дауыс перделерінің қаттарымен ысылуынан болады. Қысқа және шұғыл дем шығарған кезде 
олардың арасында шу пайда болады. Сонымен, ашық органикалық ринолалияда жарықтар 
артикуляциялық аппараттың қызметін патологиялық өзгерістерге соқтырып, сөйлеу тілнің ауытқуын 
ұлғайтатын фактор болып табылады. Туа біткен жырықтардың анатомиялық өзгерістері тек сөйлеу-
қозғалыс анализаторының шетінің жоғарғы бөлімде байқалады (жарықтың болуы, таңдай бұлшық ет 
кешенінің жеткіліксіз дамуы, тіс-жақ жүйесіндегі өзгерістер). Бұл анатомиялық өзгерістер сөйлеуді 
барлық үш жүйесінің (энергетикалық, генераторлық және резонаторлық) тұрақты функционалды 
ауытықуларға әкеліп соқтырады. Бұл сөйлеу кезіндегі тыныс алуының түріне, дауысының және оның 
артикуляциясының ерекшеліктеріне әсерін тигізеді. Сонымен, ашық ринолалия және оның сипаты 
компенсаторлы бұзылыстарға байланысты болады: ауыз қуысындағы тілдің патологиялық қалпы, 


жұмсақ таңдай бұлшық еттер қимылының бұзылуы және сөйлеу-қозғалыс анализаторының шетінің 
барлық бұлшық ет топтарының өзара әрекеттістігінің бұзылуы. 
Функционалдықашық ринолалияның шығу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Бұған баланың 
сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстың айтылу кезінде жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал 
болады. Функционалдық ашық ринолалияның бір түрі – «үйреншікті» ашық ринолалия. Бұл тамақ, 
көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін немесе дифтериядан кейін болған 
парезден пайда болады. Ол жұмсақ таңдайдың қимыл-қозғалысы ұзақ мерзімге дейін шектеулі 
болғанына байланысты. Ашық ринолалияның функционалдық тексеруінде қатты және жұмсақ 
таңдайында органикалық өзгерістер байқалмайды. Дауысты дыбыстардың айтылуының күрделі 
бұзылуы функционалдық ашық ринолалияның негізгі белгісі. Ал дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде 
таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады және олардың үндері мұрыннан шықпайды. 
Функционалдық ашық ринолалияның болжамы органикалыққа қарағанда едәуір қолайлы. Ол 
фониаторлық жаттығулардан кейін жойылады, ал дыбыс айтуының бұзылуы дислалияны түзетуінде 
қолданатын тәсілдер арқылы жойылады.
Бітеу (жабық) ринолалиядабарлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде ауа ауыз арқылы 
өтеді. Бұл баланың мұрнымен тыныс алуы қиындағанымен түсіндіріледі. Мұрын қуысына өтетін 
жолды жауып тұратын полип, аденоидтың ұлғаю, мұрын қалқасының майысуы және басқалары 
себеп болуы мүмкін. Мұрын резонансы тұтас немесе жарым-жартылай дауыс қалыптасу барысында 
өшеді, дауыс бір қатар обертонын жоғалтады, мұрын жолды дыбыстары («м», «н», «ң») бұрмаланып 
қатаң айтылады. Егер мұрын резонансы жоқ болса, онда бұл дыбыстар ауыздан айтылады б, б’, д, 
д.Бітеу ринолалияда дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы бұзылады.
М. Зееманбітеу ринолалияның екі түрін ажыратады: алдыңғы бітеу және артқы бітеу 
ринолалия. 
Алдыңғы бітеу ринолалияда ауаның мұрын қуысынан өте алмайтыны байқалады.
Мұрынның артқы бөлігінің төменгі қабыршығының қалыптан тыс ұлғайып кетіп 
/гипертрофия/, тұрақтап ұзаққа созылуынан /хроникалық/, мұрын шеміршегінің майысуынан, мұрын 
жолының ісінуінен пайда болады. 
Артқы бітеу ринолалия– мұрын жұтқыншақ қуысының тарылуы байқалады. 
Балаларда жиі кездесетін тамақ көмей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп ұлғаюының 
салдарынан, сирегірек - мұрын жұтқыншақтың қабынуынан, мұрын жұтқыншақ фибромасы немесе 
басқалай ісіктерден пайда болады. 
Функционалдық бітеу ринолалиябалаларда жиі кездеседі, бірақ анықталуы әр уақытта дұрыс 
бола бермейді. 
Оның бір ерекшелігі - мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы 
бұзылмаған жағдайда пайда болады. Функционалды ринолалияда мұрындық және дауысты 
дыбыстың үнінің әуезділігі органикалық бітеу ринолалияға қарағанда күштірек бұзылған болуы 
мүмкін. Оның себебі - жұмсақ таңдай фонациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы 
кезіндегі әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетіп дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын 
жолды жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар жүйке ауруына шалдыққан балаларда байқалады. 
Органикалық бітеу ринолалияда ең алдымен мұрын қуысының тарылуының себептері 
жойылуы керек. Мұрынмен тыныс алуы қалай дұрысталса, ақаулықта солай жоғалады. Егер мұрын 
жолының тарылуын жойғаннан кейін де ринолалия көрінісі өзгермесе, онда функционалды 
бұзылыста қолданатын жаттығуларды пайдалану қажет. 
Ринолалияны түзетуде логопедиялық жұмыстың тиімділігі мұрын жұтқыншақтың қалпы, 
uvula қызметі, баланың жасына байланысты.  
Аралас ринолалия бір уақытта ашық және жабық ринолалия себептері қатар болған жағдайда 
байқалады, яғни мұрын бітелуімен қатар мұрын-жұтқыншақ қабысуының жеткіліксіздігі бар кезде 
болады. Сөйлеу тілі бұзылысының түрі басымдылық бұзылысқа байланысты болады. Жұмсақ 
таңдайдың қысқа болуы, оның кілегей асты жарылуы және аденоидтардың ұлғайуының үйлесуі 
аралас ринолалияның көрінісі болып табылады.
Қорытынды.1.Сөйлеу тілі бұзылыстарының классификациясында ринолалияны сөйлеу тілінің 
дербес бұзылысы деп қарастыруға болады. 
2. Ринолалияда жетекші бұзылыс болып дыбыстардың артикуляциясы мен фонациясының 
бұзылуы табылады. 


3. Ринолалияның түрлері анатомиялық ақаулыққа және сөйлеу кезінде дем шығаруында ауа 
ағымының бағытына байланысты ажыратылады. 
4. Ең жиі кездесетін сөйлеу тілінің бұзылысы таңдайдың туа біткен жарықшалары салдарынан 
пайда болған ашық ринолалия болып табылады. 
5. Таңдай жарықшалары салдарынан пайда болған ашық ринолалияда сөйлеу тілінің 
ақаулығына екінші реттік компенсаторлы бұзылыстар әсер етеді: ауыз қуысындағы тілдің қалпы, 
жұмсақ таңдай бұлшық еттері әрекетінің бұзылуы және сөйлеу-қимыл анализаторының шеткі 
ұштарының бұлшық еттері үйлестігінің бұзылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет