Не педагогика факультеті


Жоғарғы еріннің және қатты тандайдың туа біткен жарықтары, олардың баланың жалпы



Pdf көрінісі
бет31/89
Дата25.02.2024
өлшемі2.07 Mb.
#493148
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89
Логопедиялық технология лекция

Жоғарғы еріннің және қатты тандайдың туа біткен жарықтары, олардың баланың жалпы 
және сөйлеу тілінің дамуына тигізетін әсері 
Жақ-сүйек патологияларының ең жиі кездесетін түрлері қатты және жұмсақ таңдайдың 
жарықтары болып табылады. Жылдан жылға бұндай ақаулықтардың саны өсуде. Жақ – сүйек 
патологиясы сөйлеу тілінің дұрыс дамуына кедергі болады. 
Қазіргі кезде төменде көрсетілген топтастыру қолданылады. 
Туа біткен үстіңгі еріннің жарығы:жасырынды, жартылай жарық (жарық мұрынның 
төменгі қуысына жетпейді): а) мұрынның тері-шеміршек бөлімінің деформациясыз; б) мұрынның 
тері-шеміршек бөлімінің деформациясымен; 
Тұтас (толық) жарық (мұрынның төменгі қуысы және кейбір кезде мұрын жолы түбінің 
шетіне дейін жарықтың болуы). Жарықтар екі жақты және біржақты болуы мүмкін (44 - 45сурет).
Жас кезінен бастап хирургиялық емдеу және қажет болған жағдайда, ортодонт мамандарының 
бақылауы пайдаланылады. Бұл ақаулық сөйлеудің дамуы үшін қалыпты жағдай тудырады.
44 сурет 45 сурет 
Хирургиялық емдеу дер кезінде көрсетілген жағдайда жарықшалардың орнында сәл көрінетін 
тырқтық қалады (46-49 сурет).
 
 
 
48 сурет 49 сурет 
 
 
Туа біткен таңдайдың жарығы. 
1. жұмсақ таңдайдың жарығы:жасырынды ( субмукозды); жартылай және тұтас (толық); 
2. жұмсақ және қатты таңдайдың жарығы: жасырынды; жартылай және тұтас (толық), ( 51 
сурет); 


3. жұмсақ және қатты таңдайдың альвеолярлы өскінінің жырығы: екі жақты және біржақты; 
4. қатты таңдайдың алдынғы бөлігінің және альвеолярлы өскінінің тұтас жарығы: екі жақты 
және біржақты; 
50 сурет
Логопедке субмукозды немесе жасырын жарығын анықтау анағұрлым қиын. Оны анықтау 
үшін а дыбысын кең ашық ауызбен айту кезінде кішкентай үш бұрыш формасында сәл ғана 
жиырылатын, қатты таңдайдың артқы беткейіне назар аудару керек. Осы саладағы шырышты қабық 
жұқаланған және анағұрлым боз бояуға ие болып келеді. 
Таңдайдың ақаулары еріннің жарылуымен үйлесуі мүмкін. Бөлшектенген жарықтар 
толықтарға қарағанда, ал бір жақтылар екі жақтыларға қарағанда бірнеше есе жиірек кездеседі (М. В. 
Дубов бойынша). Ем шараларының ұзақтығы мен көлемі туа біткен патологияның ауырлығына 
тәуелді болып келеді, өйткені хирург және ортодонтпен келісіп жүргізетін ұзақ мерзімді емдеу талап 
етеді, жырықтар әдетте, әр түрлі тіс-жақсүйек деформацияларымен үйлеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет