Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет43/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94
7261 (1)

13.2 Тахеометриялық түсіру 
Түсіру арнайы тахеометр – теодолиттің (теодолит) және өлшеу 
райкасының көмегімен іске асырылады. 
Тахеометриялық топографиялық түсіру инженерлік 1:500 – 
1:5000 масштабында қолданылады. 
Тахеометрия – нүктелердің жер беті биіктігі бойынша және 
пландағы орналасуларын олардың горизонтальды және вертикалды 
бұрыштары мен ара қашықтығын бір уақытта өлшеу арқылы 
анықтайтын әдіс. Тахеометрияда айналма тахеометр немесе тахеометр-
автомат деп аталатын аспап қолданылады. Олардың көмегімен іздеген 
шаманы есептемей-ақ табуға болады. 
Тахеометрлік суретке түсіру полярлық әдіс бойынша жүргізіліп, 
ситуация мен рельеф горизонтальдар арқылы жоспарға түсіріледі 
(біркелкі биіктіктер сызықтары). Тахеометрлік суретке түсіруде 
ситуациялық сипаттамалық нүктелерінің орны анықталып, солар 
арқылы берілген масштаб дәлдігі мен ситуацияның контуры 
салынады. Өлшеу нәтижелері тахеометрлік журналға толтырылып, 
қосымша крок жұмысы жүргізіледі. Крок – грекше «сурет нобайы». 
Кротың абристен ерекшелігі – онда бедер бейнеленеді де, өлшемдер 
жазылмайды.  
Тахеометр (грек. tachyc, tacheos – шапшаң және …метр) – 
тахеометрлік түсіру кезінде қолданылатын геодезиялық аспап. 
Тахеометр арқылы белгілі бір нүктенің (пикеттің) бақылаушы тұрған 
(прибор орналасқан) нүктемен салыстырғандағы горизонталь және 
вертикаль бұрыштары, қашықтығы және өсімшесі (h) анықталады. 
Тахеометриялық түсірісте түсірілетін нүктеде тұрған рейкадағы 
аспаптың дүрбісімен бір рет нысаналау арқылы осы нүктенің 
координаталарын, яғни бағытын, арақашықтығын және салыстырмалы 
биіктігін анықтайды. Демек, тахеомертлік түсірістің мәні аспаптың 
нысаналау осінің бір жағдайында вертикаль бұрышты v, горизонталь 
бұрышты β және рейкадан қашықтық өлшеуіш жіптерінің 
аралығындағы бөліктер санын есептеуден тұрады. Осы мәліметтер 
арқылы нүктенің кеңістіктегі координаталарын есептеп шығарады. 
Тахеометриялық түсірісте жергілікті жердің топографиялық 
нысаны түсірілетін нүктелердің барлық үш координаталарын есептеп 
шығаруға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинайтын далалық 
жұмыстар мен планды сызу және есептеп шығарулардан тұратын 
ғылыми өңдеу жұмыстары нәтижесінде жасалынады. 
Тахеометриялық түсірісті тахеометрлермен немесе теодолиттермен 
атқарады. Тахеометрлердің түрлері:  


64 
Электрондық тахеометр (ТЭ)ара қашықтықтарды, горизонталь 
және вертикаль бұрыштарды өлшеуге арналған, әрі өлшеу 
нәтижелерін автоматты түрде тіркейтін электроскопиялық аспап. 
ТД тахеометр – 2-разрядты полигононметриялық жүрісті салуға 
және жоғары дәлдікті тахеометриялық түсірісті жүргізуге айналған. 
Ол Т5к теодолиті негізінде жасалынған және екі кесінді авторедукциялық 
қашықтық өлшеуішпен жабдықталған, ал екі метрлік горизонталь 
рейка бойынша жазықтыққа келтірілген редукциялнаған ара 
қашықтықты 1/5000-ге жуық салыстырмалы қателікпен анықтауға 
мүмкіндік береді. Осы рейкадан салыстырмалы биіктікті де 
анықтайды. Рейкадан есептеуді есептеу микроскопы мен нонониустың 
көмегімен жасайды. 
ТН тахеометр – номограммды аспап болып табылады. Оның 
көмегімен горизонталь және вертикаль бұрыштарды, ара қашықтықтың 
горизонталь ұзындығын және салыстырмалы биіктікті өлшеуге 
болады. Вертикаль дөңгелектің көрініп ұратын бөлігіне, дөңгелек сол 
жақ бөлігінде (СД) болған кезде, номограмма салынған.
Тахеометрдің дүрбісін негізгі дөңгелек пен верттикаль штрихтың 
қиылысқан жері рейканың керек нүктесіне бағытталатындай етіп 
рейкаға нысаналау қажет.  
ТВ тахеометр – ішкі базалы оптикалық аспап болып табылады, 
ол аспаптың өзі де екі кесінді айнымалы базасы бар қашықтық 
өлшеуішпен жабдықталған. База каретканы жылжыту арқылы өлшеніледі. 
Осы аспаппен дүрбіні арнайы рейкаға немесе жергілікті затқа тікелей 
нысаналағанда горизонталь ұзындықты және салыстырмалы биіктікті 
анықтауға болады. Оның өзінде 60 метрге дейінгі қашықтықты 
рейкасыз, ал 60 метрден 180 метрге дейінгі қашықтықты рейкамен 
өлшеуге болады.
Тахеометр болмаған кезде тахеометриялық түсірісті теодолит пен 
рейканың көмегімен жүргізуге болады. Мұндай жағдайда әрбір 
пикеттік нүктеге дейінгі көлбеу ара қашықтықты жіпті қашықтық 
өлшеуішпен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге 
мүмкіндік береді. 
Түсірістің алдында әр станцияда тексерілген аспапты алдымен 
центрлейді, горизонтальдайды, вертикаль дөңгелектің нөл орнын 
анықтайды, аспаптың биіктігін өлшейді, өлшеу нәтижелерін арнаулы 
журналға жазады, аспаптың биіктігін рейкаға белгілеп, лимбаны 
таңдап алынған бастапқы бағытқа қарай бағдарлайды. Содан соң 
лимбаны бекітеді. 
Алидаданы босатып, рейка қойылған түсірілетін пикеттік нүктелерді 
жүйелі түрде нысаналайды. Дүрбіні рейкаға тордың вертикаль жібі 


65 
рейканың осімен, ал горизонталь жіпті рейкадағы аспаптың биіктігіне 
сәйкес белгімен беттесетіндей етіп нысаналайды. Жіпті қашықтық 
өлшеуіштен, горизонталь және вертикаль дөңгелектерден есептеулер 
алып, оларды арнаулы журналға жазады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет