Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет45/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94
7261 (1)

Аэрофототопография - аэрофототүсіріс материаддары бойынша 
топографиялық карталарды жасаудың әдістерін және құралдарын 
зерттейтін және жасайтын топография тарауы.  
Аэрофототопография тақырыбына мыналар енеді:

жеке аэрофотосуреттің және стереоскопиялық жұптың 
геометриялық қасиеттерін зерттеу;

аэрофотосуреттер бойынша топографиялық картаның және 
фотопланның түпнұсқаларын жасау әдістерін жете зерттеу; 

аэрофотосуреттерді бажайлаудың далалық және камералық 
әдістерін белгілеу; 

далалық дайындау нүктелерінің ең аз санын анықтау және 
оларды аэрофотосуреттерді өндеу немесе фототриангуляцияны 
дамыту тәсіліне байланысты өте тиімді орналастыру мәселелері; 

топографиялык карталарды жасау немесе аэрофотосуреттерді 
өндеудің жеке процестерін орындау үшін фотограмметриялық аспаптарды 
жасау; 

картографиялау мақсатында аэрофотосуреттерді алуга арналған 
аэрофототүсірулік аппаратураға және фотографиялық материалдарға 
катысты техникалық талаптарды талдап белгілеу; 

есептеу техникасының дамуьша байланысты фотограмметриялық 
және 
геодезиялық 
координаталар 
арасындағы 
аналитикалық 
байланыстардың ең қолайлы формулаларын шығару. 
Аэрофототопографиялық түсіру стереотопографиялық немесе 
құрама әдіс бойынша анықталады.
Құрастырылған әдіс аэрофотосуреттерді фотограмметриялық 
өндеудің мензулалық түсіріспен үйлестірілуі болады. Аэрофотосуреттер 
бойынша фотоплан жасалады, содан соң оның көшірмесіне далада 
мензулалық түсірістің әдістерімен жер бедерін түсіреді. Құрастырылған 


67 
әдіс, әдетте, онша ойлы-қырлы емес жазық аудандарды түсіру үшін 
қолданылады. Стереотопографиялық әдіс әр түрлі нүктелерден 
суретке түсіруден алынған жергілікті жердің екі суретінің 
стереоскопиялық қасиетін пайдалануға негізделген. Стереожұптар 
бойынша камералық жағдайда жергілікті жердің контурлары мен 
бедері алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет