Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет7/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94
7261 (1)

Картография тарихы – картографиялық өндірістің дамуын, көне 
картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді.
Картографиялық топонимика – географиялық атаулардың 
мағыналық мәнін зерттейтін пән. Картография салаларын нысанға қарап 
та жіктейді. Мысалы, Жер бетін (құрлықтар мен мұхиттарды), 
планеталық және астрономиялық картографиялау. 
Картометрия – карталар бойынша әр түрлі географиялық 
нысандардың ауданын, ұзындығын, бедердің орташа биіктіктерін 
және баска да сандық сипаттамаларын зерттейтін картография тарауы. 
Картометрия мен морфометрия айла-тәсілдердің қолдануы 
мынадай іс-әрекеттерді қамтиды. 
Картометриялық өлшеулер: 
- сызықтық өлшемдер арқылы географиялық координаталарды табу; 
- құбылыстың апплиаталарын (тіке құрамаларын) анықтау. 
Мысалы, абсолюттік, салыстырмалық және өзара биіктіктерді, тереңдікте 
және қалыңдықтарды өлшеу; 
- бұрыштарды, бағдарлау бағыттарын, аудан мен көлемнің 
мөлшерлерін өлшеп табу. 



Морфометриялық өлшеулермен табылатын шамалар: 
- жер бедерінің көлбеулігі, өзен желілерінің жиілігі, жол 
қатынастарының қосынды созыңқылығы; 
- су ағыстарының және жағалауларының ирелеңдігі
- ландшафтың дараланулары (құрылымы); 
- топырақтық ареалдар мен өсімдіктердің топталуының тығыздығы; 
- жердің жыртылуының, орман-тоғайлығының, батпақтылығының 
деңгейлері. 
Топография – жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде 
жоспарға және ірі масштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) 
түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, 
бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу 
сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады. 
Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика
географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық 
карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді. 
Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен 
планның немесе картаның масштабына байланысты болады. Масштабы 
кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және 
жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға географиялық 
тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін 
мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп 
құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл 
атқарады. Әскери істегі топография – тактикалық және оперативтік 
мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери 
ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде 
аэросьемка немесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялық 
сьемкалар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет