7
ұсақ масштабты деп ажыратады.
Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне
тарамданады. Оның біреуінің
көп ғасырлық тарихы болса,
кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде.
Комитеның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану
мәселелерімен шұғылданады.
Картография теориясының негізгі әдістемесі –
картатану.
Математикалық картография – картаның математикалық
негіздерін зерттейді. Ол картографиялық
проекция теориясын
әзірлейді, картографиялық тор құрудың әдістерін жасайды,
олардағы
бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны
әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді.
Картаны безендіру және картографиялық семиотика -
картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен
теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады.
Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін
құру және
оларды пайдалану тәртібін зерттейді.
Картаны басып шығару – картаны, атласты, т.б.
картографиялық
өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту,
картаны полиграфиялық
безендіруден тұратын техникалық пән.
Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы –
салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және
ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану карто-
графиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: