86
Конустың бүйір бетінің горизонталь әлпеті
шеңбердің бөлігі мен S
нүктесі арқылы өтетін бөлігі үзік сызығымен кескінделеді
4-сурет. Конустық проекциялар
Птоломейдің қалыпты тең аралық конустық проекциясы.
Қалыпты жанама конуста салынады. Картографиялық тор құру,
шарты бойынша барлық меридиандар
мен паралельдер бойымен бас
масштаб сақталуы керек. Бұл тордың барлық паралельдері шеңбер
доғалары болып саналады.Осы проекцияны алғаш рет грек ғалымы
Птоломей қолданды. Ондағы конуспен
жанасу паралельдерімен
оңтүстіктен солтүстікке қарай 15 градусқа дейнгі паралельдермен
шектелген карта жолағында бұрмаланушылықтар көп емес.
Сондықтан олар батыстан шығысқа карай созылып жатқан елдер үшін
қолайлы.
Красовскийдің қалыпты конустық проекциясы. Красовский
проекциясындағы
картографиялық
тор қиып өтетін конуста салынады.
Оны есептеу кезінде ондағы бейнеленген КСРО территориясының көп
бөлігінде нақтырақ алсақ 40 градус және 73 градус солтүстік ендік
паралельдер арасында аудан бұрмаланушылықтары мүлдем болмай,
шеткі паралельдерінде ұзындық масштабтары тең болу керек. Тор
қалыпты конустық проекцияларға тән формаға енген.
Нольдік
бұрмалану сызығы 50 градус және 68 градус ендік паралельдер
бойында орналасқан. Оларды конус және глобустық қиып өтетін
паралельдер деп есепеуге болады.
Ондағы меридиан бойындағы
аралықтартең және олардың масштабыбас масштабқа жақын.
Жалған конустық проекциялар – параллельдері концентрлік
шеңберлермен, орта меридианы түзу сызықпен, қалған меридиандары
қисық сызықпен бейнеленетін проекциялар.
Жартылай конустық проекциялар – параллельдері орта
меридианды кескіндейтін түзу сызық
бойындағы шеңберлермен
бейнеленетін проекциялар.
Достарыңызбен бөлісу: