Не топография негіздері


Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар



Pdf көрінісі
бет65/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94
7261 (1)

Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар: 
а) табиғат құбылыстарының карталары, яғни физико-
географиялық карталар. Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның 
барлық компоненттерін қамтиды. Бұл топқа геологиялық, геофизикалық, 


102 
жер беті және Дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, 
метеорологиялық және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, 
физико-географиялық 
ландшафтану 
мен 
физико-географиялық 
аудандастыру карталары және т.б. жатады. 
ә) қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-
экономикалық (экономика, халық, мәдениет, саяси-әкімшілік, тарихи) 
карталар.  
Қоғамдық құбылыстар қарталары

социосфера; 

техносфераны қамтиды.
Олардың тақырыптары әр алуан: халық, экономика мен шаруашылық, 
ғылым, білім және мәдениет, қызмет ету және денсаулық сақтау, дін 
және саясат, археология мен ұоғамның даму тарихы және т.б. Бұл 
топтағы карталар жылдан-жылға өсуде.
Табиғаттық карталар: 
- физико-географиялық; 
Ландшафтық 
Қоршаған ортаның бұзылуы
Табиғатты қорғау 
Физико-географиялық аудандастыру 
- геологиялық; 
тектоникалық және неотектоникалық 
литолого-стратиграфиялық 
гидрогеологиялық 
пайдалы қазбалар 
сейсмикалық және вулканизм 
геологиялық ортаны қорғау 
құрылымдық-геологиялық аудандастыру 
- геофизикалық; 
гравитациялық өріс 
магниттік өріс 
сейсмометрлік
электрлік өріс 
жылу энергиясы 
физикалық өлшемдер 
- жер беті мен мұхит түбінің бедері; 
Гипсометриялық және батиметриялық 
Морфометриялық және морфографиялық 
Геоморфологиялық (жалпы және жеке құбылыстардың) 
геоморфологиялық аудандастыру 


103 
- метеорологиялық пен климатологиялық; 
климат қалыптастырушы факторлар 
термикалық режим 
ылғалдану
қысым 
жел режимі 
атмосфералық құбылыстар 
аудандардың климаты, ауа-райы және атмосфералық әрекеті 
Гипсометриялық және батиметриялық 
Морфометриялық және морфографиялық 
Геоморфологиялық (жалпы және жеке құбылыстардың) 
геоморфологиялық аудандастыру 
- гидрологиялық (құрлықтағы сулар); 
гидрографиялық 
су режимі 
қар жамылғысы 
мұздану режимі және гидрологиялық құбылыстар 
судың физика-химиялық сипаттамасы 
судың ластануы 
гидрологиялық аудандастыру 
- мұхиттық (мұхит пен теңіз сулары); 
Гидрографиялық 
Физикалық қасиеттері (гидрофизикалық) 
Су массасының динамикасы 
Гидрохимиялық 
Теңіздер мен мұхиттардың флорасы және фаунасы 
Мұхит суының ластануы 
Мұхиттық аудандастыру 
- топырақтық (жер қыртысы); 
топырақтың генетикалық түрлері 
топырақтың физико-механикалық қасиеттері 
геохимиялық 
климаттық 
мелиоративті 
топырақтың ластануы 
топырақтардың аудандастырылуы 
- ботаникалық; 
қазіргі өсімдіктер жамылғысы 
қалпына келтірілген өсімдіктер жамылғысы 
өсімдіктердің жеке түрлері 
фенологиялық 


104 
өсімдік жамылғысының бұзылуы 
геоботаникалық аудандастыру 
- зоогеографиялық; 
Жануарлардың жеке түрлері 
Жануарлар кешені 
Зоогеографиялық аудандастыру 
- медико-географиялық карталар. 
Нозоареалдар (ареалдардың ауыруы) 
Аурулар мен эпидемиялардың таралуы 
Медико-географиялық аудандастыру 
Аумақтарды емдеу 
Тақырыптық карталардан арнаулы карталарды (оқулық, туристік, 
навигация, жобалау, т.б.) айыра білу қажет. Арнаулы карталар жалпы 
географиялық (туристік) және тақырыптық (оқулық), климаттық, 
топырақ, экономикалық т.б. карталарда болуы мүмкін. Бұл карталардың 
кейбірінің өзіне тән өзгешелігі болғандықтан, олар тақырыптық 
карталардың ерекше бір тобы – техникалық карталар деп аталады. 
Оларға теңіз навигациясына, ұшуға, жобалауға т.б. арналған карталар 
жатады. Географиялық карта көбіне территориялық белгілері 
(кеңістікті қамтуы) бойынша ажыратылады. Мысалы, дүние жүзінің, 
мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтардың, олардың ірі бөліктерінің
мемлекеттердің, облыстардың, аудандардың карталары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет