Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет9/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
7261 (1)

Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде 
пайдалану: 


10 
а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті 
масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған 
масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан 
қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды; 
ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-
қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді; 
б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, 
олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың 
физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) көрсету оңайға түседі; 
в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың 
(магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т.б.) таралуын, 
тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен 
оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге 
болады; 
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне 
ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны 
мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни 
абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді. 
Үшіншіден, географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды 
іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерали-
зациялаудың зор маңызы бар.  
Картаның қасиеттері Жалпы алғанда карта – бұл Жер әлемі 
бетінің жазықтықтағы бейнесі. Бұндай қысқа да нұсқа тұжырымға 
қоса, жоғарыда географиялық карта атауына берілген толық 
анықтамадан картаға тән мынадай қасиеттер туындайды: 
- масштабтылық. 
Картографиялық 
бейнелеулер 
нақты 
өлшемдерімен салыстыруда белгілі бір пропорцияда кішірейтіліп 
кескінделеді; 
- картографиялық бейнелеудің іріктелуі. Карта бетінде ең 
басты, кейіпті деген құбылыстар мен объектілер көрсетіледі; 
- картографиялық 
бейнелеудің өзгелілігі (символичность). 
Сызбалық кейіптеу шартты картографиялық белгілеулер мен 
құбылыстар картографиялық бейнелеудің тәсілдері мен келбетуеледі; 
- математикалық айқындылығы. Картаны жасау картографиялық 
салынды деп аталатын кескіндеудің математикалық тәсілімен жүзеге 
асады. Мұнда бейнелеуге қойылатын шарттар: үздіксіздік пен бір 
мағыналылық сақталып қалады, яғни жер әлемі бетіндегі әрбір 
нүктеге (объектіге) сай карта бетінде бір ғана нүкте сәйкестенеді; 
- картографиялық бейнелеулердің әр алуандылығы. Кеңістікті 
таралған қай құбылыс немесе объект болмасын оны карта бетінде 


11 
келбеттеуге болады. Тіпті картаның көмегімен өткен уақытқа көз 
жіберуге болады. Мысалға, тарихи карталарды еске түсіріңіз.
Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында 
пайдаланылады. Ол – жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт 
құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты 
іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, 
мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді 
пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді 
таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құралы. 
Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де 
маңызды. Социолониялық құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын 
көптеген міндеттерін – географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, 
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және 
табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс 
орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т.б. – 
географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық 
карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық 
карта белгілі бір жердің геология құрылысын көрсетумен қатар, 
қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол – 
құбылыстардың кеңістегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде 
және болжауда да аса қажетті құрал.
Ғылыми практикада модельдендіру нақты объектіні оқып білуде 
және жасауда орын бастаушы ретінде түсіндіріліп келеді. 
Картографияда «модель» деген термин қолданады және өзінің 
ерекшеліктері бар. Модель жер бедерін, географиялық қабықты, жер 
қыртысын және атмосферада тіршілік ететін тірі организмдермен 
әлеуметтік 
құбылыстармен 
адамның 
іс-әрекетінен 
болатын 
құбылыстарды көрсетеді. Осы «Картографиялық модельдендіру» 
ұғымын орыс ғалымы географ, картограф К.А. Салищев қолданды. 
Ғалым К.А. Салищев карталардың ең негізгі 4 функциясын атап 
көрсетті. 

Коммуникативті – картаны қолдану кезінде ең негізгі 
хабарлар беру; 

Оперативті – карта бойынша практикалық жұмыстарды орындау; 

Танымдық – әртүрлі саладағы мамандар мен оқушылар 
өздерінің білімін дамыту үшін қолданады. 

Болжамдық – картографиялық моделдеу кезінде бір 
құбылысты бағыт бере отырып дамыту. 
Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша 
графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық 
белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, 


12 
бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, 
еңістікті т.б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, 
пайдаланған материалдарын т.б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген 
объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен 
мәліметтер де болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет