патогенезі - Нефротикалық сиңцром зақымданған шумақ фильтрінен белоктың аса көп мөлшерде жоғалтылуынан дамиды. Жоғалтылатын белоктың мөлшері тәулігіне 3,5-тен асканда жойылған белоктың орнын бауыр толықтырып үлгермейді, сондықтан қандағы белоктың мелшері азаяды. Нефротикалық синдромға тән ісіну гипопротеинемияның салдарынан болады. Шумақтық фильтрдің зақымдану механизмдері «Гломерулонефриттер» тақырыбыңда айтылған.
Клиникалық көрінісі. - Клиникалық керіністе нефротикалық синдромға әкелген негізгі аурудың белгілері анықталады. Нефротикалық синдромның жеке басына келесі белгілер тән
- 1. Әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, жүрек айнуы, ентікпе, бел тұсының ауырсынуы
Клиникалық көрінісі. - 2. Ісіну. Алдымен бет, табандар мен балтырлар ісінеді, содан кейін ісіну бүкіл денеге таралады. Кейде ісіну анасарка деңгейінде болады (гидроторакс, асцит, сиректеу гидроперикард). Ісінудің басты себебі — гипоальбуминемия. Гипоальбуминемияға байланысты канның коллоидтық-осмостық қысымы төмеңцейді, қанның құрамындағы су тамыр сыртына шығып гиповолемияға әкеледі. Гиповолемияның езі АДГ-ның, рениннің, альдостеронның шамадан артык бөлінуіне түрткі болады. Осыдан су мен натрийдің реабсорбациясы күшейеді де, судың жиналуы одан сайын артады. Ісіну синдромы қан қүрамыңцағы белоктың мөлшерін қалыпты деңгейге жеткізгенде ғана қайтады. Егер нефротикалық синдром жаңа басталып, ісіну синдромы айқын көрінбесе, онда жасырын ісінуді Мак-Клюр-Олдрич сынамасымен анықтауға болады: фйзиологиялық ерітіндінің 0,2 мл білектің ішкі бетінің терісінің арасына енгізеді. Инъекциялық папула сау адамда 30-40 минуттан кейін жойылады. Нефротикалық синдромда папула бұдан тез жойылады, кейде бірнеше минуттан кейін жоқ болады. Ісінудің ауыр түрінде терінің аса керілген аймақтарында, санда, кеуденің, құрсақтың бүйір бетіңде стриялалар пайда болады.
Клиникалық көрінісі. - Дистрофиялық бұзылыстар: терінің құрғақтығы, тырнақтардың сынғыштығы, шаш талшықтарының үзілгіштігі; миокардттың, өзге ағзалардың дистрофиясы. Миокардттың дистрофиясына байланысты жүрек тондары әлсізденеді, тахикардия болады, кейде систолалық шу естіледі. ЭКГ-да гипопротеинемиялық миокардиодистрофияның белгілері аныкталады.
Достарыңызбен бөлісу: |