- Нефротикалық синдромның басты белгісі протеинурия. Кейде несеппен тәулігіне 20-50 г белок жойыла-ды. Несептегі белоктың негізгі компоненті — альбумин, бірақ сонымен бірге ірі дисперсиялы белоктар да бөлінеді.
Лабораториялык өзгерістер - Нефротикалық синдромда белоктармен бірге түрлі ферменттер де бөлінеді: трансаминаза, лейцинаминопептидаза, қышқыл фосфатаза, гЧ-ацетилглюкозаминидаза, т.б. Ферментурияның деңгейі шумақтық фильтрдің, әсіресе ирелеңді түтіктер эпителийінің зақымдану деңгейіне тәуелді. Ферментурия — бүйректің ауыр зақымдануын көрсетеді.
- Зәр анализінің езгерістері нефротикалық синдромға әкелген негізгі аурудың түріне тәуедді. Протеинурияға байланысты несептің шөгіндісінде цилиндрлер көп болады (гиалиндік, түйіршікті, балауыздық). Балауыздық цилиндрлер — мөлшері аса мол протеинурияға тән белгі. Гломерулонефритте эритроциттердің саны басым.
- Гипоальбуминемия және гипопротеинемия — нефротикалық синдромның өзекті белгісі.
- Гипопротеинемияның себептері: 1) протеинурия; 2) белоктың интерстициялық сұйықтыққа өтуі; 3) белоктың ішек арқылы бөлінуі; 4) белок катаболизмінің күшеюі.
- Гиперлипидемия — нефротикалық синдромның әдеттегі белгісі. Қанда холестериннің, үшглицеридтердің, фосфолипидтердің деңгейі жоғарылайды. Холестериннің деңгейі кейде 10 есе биіктейді. Нефротикалық синдромда болатын гиперлипидемия атерогенді (Фредриксон бойынша ІІБ немесе IV типті).
- Гиперлипидемияның себептері: 1) молекуласының ірілігінен шумақгық фильтрден өтпей айналым-дағы қаңда жиналуы; 2) бауырда липидтер синтезінің жоғарылауы; 3) липолиздік ферменттердің несеппен жойылуынан қандағы активтілігінің төмендеуі.
Гемостаз бұзылысы - Нефротикалық синдромда канның ұю касиеті жоғарылайды, осыдан тромбозға, қанның тамыр іші шашыраңқы үю синдромының дамуына бейімділік әрдайым сакталады. Гиперкоагуляцияның басты себептері: қанның қойылуынан тұтқырлығынын артуы; қанның антикоагулянттық қасиетінің төмендеуі, тромбоциттердің адгезиялық, агрегациялық қасиеттерінің жоғарылауы.
Достарыңызбен бөлісу: |