Негіздері


Нитрат-ионын қатты электродтарда тотықсыздандыруға арналған



бет23/40
Дата26.09.2023
өлшемі323.49 Kb.
#478675
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
treatise4938

Нитрат-ионын қатты электродтарда тотықсыздандыруға арналған қондырғының схемасы
Нитрат-ионын тотықсыздандыруға арналған электрохимиялық зерттеулер гальваностатикалық жағдайда, көлемі 100 мл термостатталған шыны (±0,5) электролизерде, катодты поляризациялау арқылы жүргізілді. В-24 маркалы тұрақты ток көзі қондырғысы (1) арқылы ток зерттелетін электродтарға (2) беріледі. Олар электролизердегі (3) ерітіндіге батырылған. Электродтар кеңістігі (католит пен анолит кеңістігі) МК-40 мембранасымен бөлінген. Тізбек арқылы өткен электр тогының күші, Э-59/104 маркалы амперметр (5) арқылы өлшеніп отырды. Катод ретінде, зерттеу мақсатына қарай - көлемі 2,0 х 4,0 см болатын титан, мырыш, графит электродтары, ал анод ретінде - диаметрі 0,25 мм дөңгелек стержень формасындағы графит электроды қолданылады.
Тәжірибеден кейін ерітіндіде түзілген аммоний-иондары Несслер реактивімен фотоэлектроколориметрлік әдіс арқылы анықталады.
Пайдаланылатын реактивтер, препараттар және алынған өнімнің анализі
Зерттеу жүмыстарында қолданылган барлық реактивтердің тазалық дәрежесі «химиялық таза» (х.ч) немесе «анализ үшін таза» (ч.д.а) деген атауларға сай келеді. Ерітінділер дистильденген суда дайындалады.
Ерітінділер концентрлі күкірт кышкылынан, 33 %-ды азот қышқылынан және калий гидроксиді, натрий сульфаты, хром (III) сульфаты, калий нитраты тұздарынан дайындалды. Дайындалған ерітінділердің концентрациялары көлемдік әдіс бойынша титрленіп, тексеріліп отырды.
Тотығудан кейін нитрат-иондарының мөлшері бойынша азот (II) оксидінің тотығу дәрежесі (n,%) есептелді:

 n=


мұнда: m(1) ерітіндідегі нитрат-иондарының бастапқы мөлшері, г.,
m(2) ерітіндідегі нитрат-иондарының электролизден кейінгі мөлшері.
Сонымен қатар азот (II) оксидінің анодты поляризация нәтижесінде тотығуға ұшыраған мөлшері, түзілген нитрат-иондарының мөлшері негізінде анықталады.
Ток бойынша шығымды анықтау үшін Фарадей заңы бойынша теориялық масса есептелінеді:
mтеор = Iqτ, мұнда I – ток күші; q – электрохимиялық эквивалент, г/А-сағ.; τ-электролиз жүргізетін уақыт, сағ.

Ток бойынша шығым ТШ, % =  ∙ 100
формуласы бойынша есептелінеді.
Мұнда, m(прак) - электролиз кезінде электродта бөлінген негізгі заттың массасы, г; m(теор) - электролиз кезінде Фарадей заңы бойынша бөлінетін заттың массасы, г.
Азот (II) оксиді тотықсызданғаннан кейінгі түзілген азоттың мөлшері бойынша тотықсыздану дәрежесі есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет