Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет117/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121
 
1. Жалпы мәлiмет 
 
Өндiрiстiк практиканың мақсаты: инфекциялық ауруларға қарсы 
қолданылатын ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринария-санитариялық және 
арнайы күрес шараларын ұйымдастыруды және орындауды практикалық 
жағдайда үйрену. 
Өндiрiстiк практика өтетiн орын: қалалық, аудандық, ауылдық округ-
тардағы немесе әуе, тас, темiр жолдар, шекара кедендерiндегi ветеринария-
санитариялық жұмыстарды орындайтын арнайы мекемелер, шаруашылықтар, 
базар лабораториялары. 
2. Студенттердiң практика кезiндегi мiндетi 
2.1. Iндетке қарсы арнайы шараларды жүргiзген кезде техникалық-
қауiпсiздiк шараларын мұқият сақтау. 
2.2. Әр күнгi iстелген жұмыстарды арнайы күнделiкке түсiру, өндiрiстiк 
практика соңында iстелген жұмыстарды талдай отырып, есеп беру. 
3. Өндiрiстiк практикада қамтылатын мәселелер және олардық 
орындалу тәсiлдерi 
3.1. Ветеринариялық-санитариялық есептердi, лабораториялық зерттеу-
лердi, сараптамаларды, инфекциялық ауруды тiркеу журналындағы дерек-
тердi, жануарларды жаппай аллергиялық, серологиялық зерттеу ведомос-
тарын, вакцинациялау актiлерiн, басқа да ветеринариялық және эпидемио-
логиялық құжаттарды талдау арқылы ауылдық округтердегi, шаруашылық-
тардағы, iндетке қарсы жалпы (ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринария-
санитариялық) және арнайы (серологиялық, аллергиялық зерттеу, вакцина-
циялау, т.б.) шаралардың орындалуын, олардың олқылықтарын, нәтижелiлi-
гiн талдау, жаңа ғылыми жетiстiктер, практикалық озық тәжiрибелер 
негiзiнде жетiлдiру жолдарын қарастыру. 
3.2. Инфекциялық аурудан сау бiр ауылдық округтi немесе шаруа-
шылықты iндеттанулық тұрғыдан талдау арқылы (кафедра оқытушы-
ларының берген әдiстемелiк ұсынысын басшылыққа ала отырып) олардың 
инфекциялық аурулардан iндеттiк жағдайын анықтау, сол өңiрдiң 
iндеттанулық картасын дайындау. Зерттеу нәтижелерi күнделiкте көрсетiлiп, 
ауылдық округке немесе шаруашылыққа жеке iндеттанулық зерттеу актiсi 
толтырылуы қажет. 
3.3. Инфекциялық аурудан сау емес бiр ауылдық округтi немесе 
шаруашылықты iндеттанулық зерттеу арқылы (кітаптағы сау емес пункттi 


206 
iндеттанулық зерттеу” әдiстемелерін басшылыққа ала отырып) iндет ошағы-
ның (қажет болған жағдайда оның ядросының), қатер төнген аймақтың, сау 
емес пункттiң шекаралары iндет ошағы анықталған әкiмшiлiк территория-
лары бойынша емес, ауру мал табынының (отарының) орналасуына байла-
нысты, яғни iндет процесiнiң негiзгi буындарының бiр-бiрiмен әрекеттесу 
мүмкiндiктерi бойынша анықтау. Iндет ошағынан арылу мақсатында жүргi-
зiлетiн ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринария-санитариялық және арнайы 
шараларды iндет процесiнiң негiзгi буындарына нақтылы бағыттай алатын
тиiмдi жоспар құру. Зерттеу материалдары негiзiнде дайындалған сау емес 
пункттi iндеттанулық зерттеу актiсi және iндет ошағынан арылудың жоспары 
арнайы құжат түрiнде толтырылып, қосымшалар ретiнде күнделiкке тiркелуi 
қажет.
3.4. Көктемгi немесе күзгi жоспарлы түрде жүргiзiлетiн топалаңға, 
туберкулезге, бруцеллезге, маңқаға, лептоспирозға, пуллорозға қарсы балау-
лық зерттеулерге және топалаңға, аусылға, қарасанға, шешекке, обаға, 
ньюкасл ауруына, парва, одено вирустар тудыратын инфекцияларға қарсы 
арнайы шараларды (қан алу, иммундеу, дезинфекция, т.б.) орындауға 
қатысып, серологиялық зерттеулерге малдан жаппай қан алуды, аллергиялық 
зерттеудi (зертханалық, тәжрибелік сабақтарда меңгерген әдістемелерді 
басшылыққа ала отырып) меңгеру. Iстелген жұмыстарды күнделiкке түсiрiп, 
вакцинация мен қан алуға актiлер, ведомостар толтыру.
3.5. Мал және олардың өнiмдерiне қатысты ветеринария-санитариялық 
объектiлермен (карантиндiк оқшаухана, мал төлдейтiн қора, қасапхана, 
биотермиялық апан, ветсанитариялық жiбергiш, дезинфекциялық тосқауыл
т.б.) танысып, олардың функцияларының дұрыс орындалып, орындалмауын 
талдау, бағалау.
3.6. Мал қораларын, серуендеу алаңдарын, басқа да ветсанитариялық 
объектiлердi механикалық тазалау, дезинфекциялау мал өнiмдерiнiң қалдық-
тарын зарарсыздандыру тәсiлдерiн меңгеру. 
3.7. Ветеринариялық лаборатория жағдайында патологиялық материал-
дардан алынған түрлi сынамаларды: бактериологиялық, серологиялық, 
вирусологиялық, биохимиялық әдiстермен зерттеудi арнайы нұсқауларға 
сәйкес, лаборатория мамандарының жетекшiлiгiмен меңгеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет