5
КIРIСПЕ
«Iндеттану және инфекциялық аурулар» (051212 – Ветерина-
риялық медицина мамандығы бойынша), «Індеттану және инфек-
циялық аурулар ветеринариялық-санитария негіздерімен» (051202-
Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша) пәндерiн оқыту-
мен өндiрiске кәсiби ветеринария дәрiгерлерiн даярлау аяқталады.
Ұсынылып отырылған «Iндеттану және инфекциялық аурулар
ветеринариялық-санитария негіздерімен» оқу құралы білім алушы-
лардың кредиттiк оқу жүйесiне сәйкес интерактивтi әдiстердi
пайдалану арқылы зертханалық,
тәжірибелік сабақтар, студенттің
өзіндiк жұмыстары (СӨЖ), оқу және өндiрiстiк практикалары
негізінде (оқу құралы ретінде) ветеринария мамандықтарын
меңгерулеріне арналған. Онда, аудиториялық сабақтардың әдісте-
мелері, бiлiм алушының өзіндiк жұмысын жандандыру, белсендi-
лiгiн арттыру мәселелері, эпизоотолог ретiнде дәрiгерлiк ой қорыту
жүйесін қалыптастыруға арналған сұрақтар, iндеттiк жағдайға
байланысты тапсырмалар, мысалдар, іскерлік ойындар қамтылды.
Iндеттанулық балаудың жұқпалы ауруларға қарсы күрес
шаралары жүйесiнде маңызды орын алатыны ескерiлiп, iндет
ошағы
анықталғанда инфекцияның шығу, таралу себептерiн
анықтау, iндет процесi мен iндет ошағына толық сипаттама беру
үшiн iндеттанулық мониторинг жүргiзудiң нақтылы әдiстемелерi
ветеринариялық практикада алғаш рет құрастырылып, ұсынылып
отыр. «Жұқпалы аурудан (бруцеллез, туберкулез т.б.) сау емес
пункттi iндеттанулық зерттеу» әдiстемелерi, «сырттан әкелінген
асыл тұқымды аналық малды профилактикалық карантиндеу»
жүйесін жетілдіру, «індеттен сау емес пункт», «індет ошағы»,
«індет ошағының ядросы», «қатер төнген аймақ» категорияларын
қазіргі
талаптар тұрғысынан нақтылау, індет ошағының құрам
бөліктерінің шекарасын анықтау, «бруцеллезден сау емес пунктті
жедел сауықтыру» тәсілдері оқу құралы авторының ғылыми
жетiстiктерiне (10 авторлық куәліктермен, патенттермен раста-
лынған), эпизоотолог ретiнде қалыптасқан тәжiрибелерiне (індет
орын алған шаруашылықтарды, ауылдық округтерді сауықтыру
кезінде жинақталған), iндеттанулық тұрғыда талдау, ойлау,
синтездеу ұғымдарына негiзделiп дайындалған.
6
Лабораториялық сабақтардың зертханаларда, ал
тәжірибелік
сабақтардың мал фермалары, ет комбинаты, ветеринариялық
клиника, оқшаухана жағдайларында өткiзiлуi қажет.
Мал фермаларында студенттер iндеттанулық мониторинг
жүргiзу, жануарлардан жаппай қан алу, малды аллергиялық
зерттеу, иммундеу әдiстерiн, ал ет-сүт комбинаты, қасапхана, вет.
клиника, оқшаухана жағдайларында клиникалық,
патология-
анатомиялық зерттеулер, лабораториялық тексерулерге тiрi малдан
сынамалар, өлекседен патологиялық материал алу тәсілдерін
үйренедi.
Сонымен
бiрге
ветсанитариялық
обьектілерде
дезинфекция, дератизация, дезинсекция әдiстерiн меңгередi.
Аудиториялық сабақтарда оқу құралы және қажетті жаб-
дықтармен қатар: ветеринариялық заң кiтаптары, әдiстемелiк
нұсқаулар, слайдлар, бейнетаспалар, интерактивті тақта болуы тиiс.
Олар инфекциялық ауруларды дауалау, індет ошағынан арылу
шараларын меңгеру мақсатында практикада туындалатын түрлi
iндеттiк жағдайларды шешуге арналған арнайы тапсырмаларды
студенттердiң ізденіп, орындауларына қажет.
Жұқпалы аурулар аналогты басылымдардағыдай жануарлар-
дың түр ерекшеліктері (күйістілер, тақтұяқтылар, т.б.) бойынша
емес, бірнеше түлікке ортақ, жылқы, сиыр, қой, түйе
шаруашы-
лықтарында, доңыз фермаларында, құс фабрикаларында, ит
питомниктері мен терісі бағалы аң фермаларында, омартада, су
қоймалары мен тоғандарда инфекциялық аурулармен күрес
шаралары тарауларымен топтастырылды.
Әдiстемелiк ұсыныстар, іскерлік ойындар, мысалдар арқылы
студенттердiң негізінен өздігінен iзденiп оқып-үйренулерiне, ал
оқытушының iзденушiлерге теориялық білімді, ғылыми-иноваци-
ялық жетістіктерді өндірістік тәжірибемен байланыстыруда дұрыс
бағыт берiп, ұйымдастырушы рөлiн атқаруына баса мән берілдi.
Сонымен қатар ветеринария терминдерін
қазақ тілінде нақтылау,
орнықтыру мәселелері әркез назарда ұсталды. Талғамы жоғары
оқушы қауымның кітап жайында ұсыныс, тілектері болса, оларды
қабыл аламын.