Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


-тақырып. Инфекциялық ауруларды балау әдістері



Pdf көрінісі
бет9/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   121
2-тақырып. Инфекциялық ауруларды балау әдістері
3-тәжірибелік сабақ. Жұқпалы ауруларды балау ерекшеліктері. Тірі 
малдан лабораториялық зерттеуге материал алу. 
 
Сабақтың мақсаты. Инфекциялық ауруларға нозологиялық балау 
(диагноз) 
қою әдістерінің ерекшелiктерiн талдау, олардың негiзгi 
принциптерiн түсіну, тірі малды клиникалық зертеу, материал алу, оны 
лабораторияға жіберуді меңгеру. 
Қажеттi жабдықтар. Тірі жануар, фенендаскоп, 30% глицерин, 10% 
фармолин, банкiлер, целофан қаптар, төсенiш шыны, қайшы, скальпель, 
пинцет, Пастер түтiктерi, спирт шамы 
Сабақтың 
жүргiзiлу 
орны, 
әдiстемесi. 
Сабақ 
кафедраның 
клиникасында, оқшауханада немесе шаруашылықта жүргзiледi. 
Сабаққа студенттер келесi тақырыптар бойынша дайындалып келулерi 
қажет: 
1. Микробтың инфекциядағы 
маңызы және оның зардаптылық 
қасиеттерi. 
2. Микроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы. 
3. Микробтың 
жануар 
денесiне 
енiп, 
таралуына 
байланысты 
инфекцияның түрлерi. 
4. Иммунитет және иммунологиялық жүйелер.
Инфекциялық ауруларды балау ерекшелiктерi. Бiрiншiден, аурудың 
нозологиялық балауы тез арада қойылуы қажет. Екiншiден, балау әдiстерi 
жүйелi қолданылып, инфекцияның iндеттiк өзiне тән ерекшелiктерiне, 
клиникалық, патология-анатомиялық белгiлерiне баса мән берiледi. Мысалы 
сiреспе, секiртпе ауруларын балауда клиникалық белгiлерi бұл ауруларға өте 
тән. Жұқпалы ауруларға қарсы күресте негiзгi проблемалық мәселе ауру 
жануарларды емдеу емес, iндет ошағын өрбiтпей, аурудың нозологиялық 
балауын ерте, дер уақытында қойып, iндет ошағынан арылу шараларын 


17 
жедел ұйымдастыру. Көптеген жұқпалы ауруларда жеке нозологиялық балау 
әдiстерi шешушi роль атқармайды. Сондықтан әдiстердi жүйелi түрде 
қолдану аурудың нозологиялық балауын дәл қоюға мүмкiндiк бередi. 
Жүйеге: iндеттанулық талдау, клиникалық, патоморфологиялық, бактериоло-
гиялық, вирусологиялық, серологиялық, баяу типтi сезiмталдыққа негiздел-
ген аллергиялық әдiс, т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет