168
зерттеледі. Егерде материал антибиотиктер
қосылған Хенк ерітіндісіне
бірден салынбаса, оны лабораторияға мұзы бар термоспен тасымалдайды.
Балаулық зертеулерде қосалқы инфекциялар ескеріліп, бактериоло-
гиялық тексерулер де жүгізіледі.
Д а у а л а у і н д е т о ш а ғ ы н а н а р ы л у ш а р а л а р ы. Сиыр
малының респираторлық ауруларын дауалау және емдеу мақсатында аталған
инфекциялармен ауырып жазылған малдың қан сарысулары қолданылады.
Қан сарысулары індет ошағындағы сойылған малдан алынады. Арнайы
дайындалған гипериммунды қан сарысуларын да тиімді пайдалануға болады.
Қосалқы инфекцияларға қарсы: антибиотиктер, сулфаниламидтер, судың
шала тотығы, сүт қышқылы т. б. қолданылады.
Аталған дәрмектерді вирустық ауруларда аэрозол түрінде
пайдаланған
тиімді. Ол үшін мал тұрған қора толық тұмшауланып (герметикаланып),
қолданылатын дәрі-дәрмектер суда ерітіліп, арнайы қондырғылар (генерато
рлар, бүріккіштер) арқылы тозаңдатылады. Аэрозолды ортада мал 60 мин.
ұсталады (түрлі препараттарды аэрозолды қолдану технологиясы арнайы
нұсқауларда көрсетілген).
Вирустық ауруларды телімді дауалауға қазіргі кезде поли вакцина-
лардың кең түрде қолданылуы қарқынды тенденция алуда. Мысалы,
ринотрахеитке, парагрип-3, вирустық диареяға
қарсы осы аурулардың
антигендерінен дайындалған поли вакциналар практикада кең түрде
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: