Негізгі бөлім i-тарау. Ресейге қосылар алдындағы Қазақстан



бет2/2
Дата17.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#143285
1   2

Ресейге қосылған Қазақстанның бастапқы түрі протектарат болды. Сөйтіп,ә дегеннен-ақ басқа елдермен халықаралық-құқықтық қарым-қатынас жасау субъектісінен айрылып, сыртқы саяси бостандығынан айырылды. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын сөз етсек, мұнда да кіріптарлық мүшкіл халі көзге тседі. Қазақ хандығы Ресейге көптеген жеңілдіктер мен артықшылықтар беріп, олардың сауда керуендерін қорғап күзетуге, Ресей жеріне және қазақ жеріндегі орыс адамдарына шабуыл жасауға кепілдік берді.

Алайда, сөз жүзінде протектарат есебінде болған Қазақстанның ішкі өзін-өзі басқаруына Ресей тарапы мүмкіндіктер бермей, бірінші күннен-ақ қазақ хандығының басқару жүйелеріне қол сұға бастады. Тіпті қайсы ханды сайлауға болатынын не болмайтынын көрсетіп, оны өздері таңдады. Сөйтіп, ежелден қалыптасып, өзгермей келе жатқан «хан сайлау» дәстүрін аяққа басты.

Қазақстанның Ресеймен мемлекеттік-құқықтық қарым-қатынасы негізінен вассалды тәуелділік қатынаста болды. Оны біз қазақ хандары мен билеушісі топтарының патшалық Ресейге ант беруінен көреміз. Тіпті қазақ ханы, сұлтан, белгілі ақсақалдары мен батырлары тек ант ішіп қана қоймастан, аманат реінде ең жақын туысқандарын да патша тарапынан берді. Патшалық Ресей мүддесіне алым-салықтар жиналды. Патшалық өкімет өзінің мақсат-мүддесіне 1782 жылға дейін Сыртқы Істер коллегиясы арқылы жүзеге асып келеді. Дегенмен патшалық Ресей Қазақстанды толық өз қоластына қаратып алу жағын жайлап жүзеге асыра бастады. Оны патшалық Ресей асқан айлакерлікпен орындады.

Әбілхайыр ханның Ресейге қосылуына, әсіресе, Кіші жүзден Батыр, Орта жүзден Барақ пен Әбілмәмбет сұлтандар ашық қарсы шықты. Бұл жайлы Әбілхайыр орыс өкіметіне жазған хатында «Абулмамбет-султан, Барак-султан, Карасакал и Батыр-султан – эти четыреединомышленики. Они говоря нам «лучшие отдать калмыкам своих сыновей иалман.(дань), отталкивает журт (народ) от России» [12], Ақыры, 1748 жылы Әбілхайырды Барақ сұлтан өлтірді. Шекаралық бекіністерге қазақтардың шабуылы жиілей түсті.Бұның алдын алу үшін патша бірнеше жарлық шығаруға мәжбүр болды.

Әбілхайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қоластына қарауы, қазақ жерінде орыс қамалдарын салуға жол ашты. Сөйтіп,Орта жүз бен Ұлы жүзге патшалық Ресей ентелеп кіре бастады.

Жарлық шығарып, күш көрсеткеніне қарамастан Сырым батыр(1783-1797), Қаратай сұлтан (1805-1816), Арғынғазы сұлтан (1815-1821), Жоламан сұлтан(1819-1824) және Кенесары, Саржан сұлтандар (1820-1840), Исатай-Махамбет (1836-1837), Шекті руының (1855-1858) т.б. ұлт-азаттық көтерілістері біріне-бірі жалғасып жатты. Бірақ, бұл көтерілістер алдына қойған мақсатына жете алмады. Өйткені, әрқайсысы әр жерде, әр түрлі уақытта бас көтеріп, саясатын берік ұстанған, айлакер патшалық саясат үстем шығып отырды. Нәтижесінде Қазақстан 1867-1868 жылдары Ресейге түгелдей қосылып, ежелден келе жатқан қазақ жері Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды.Бұрынғыдан да бетер патшалық Ресей отаршылдық саясатын қатайта түсіп, қазақ халқын езу күшіне ие болды.

Әйтсе де Қазақстанның Ресейге қосылуы саяси –экономикалық күрделі оқиғаларға толы ұзақ процесті басынан өткерді. Қазақ халқы отаршылдық патша саясатына ышқына күрес жүргізді. Ақыры, ештеме шығара алмайтынына көзі жетіп, ақырын күтіп, терең шыдамдылық тұңғиығына батты.

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары осы күнге дейін тарихшылар тарапынан алдымен Ресей империясының отаршылдық мүддесі, кейіннен кеңес үкіметінің тап тартысы принциптері негізінде зерттеліп келді. Шындығына келсек, бұл қозғалыстардың негізгі мақсаты ұлтын езгі мен қанаудан, мешеуліктен азат ету, егемендікке қол жеткізу еді.

Қазақстандағы патшалық отарлау саясатына қарсы бағытталған бұл аталған көтерілістер екі сипаттқа ие болды. Оның бірінші сипаты: патша өкіметінің қазақ хандығын жоюына қарсы күресі еді.Олардың ұстанған бағыты Қазақстанды Ресейден айырып алып, өз алдына дербес, ешкімге тәуелсіз қазақ хандығын қайта құру болды.


Бұл қозғалыстар патшалық езгінің күшеуі нәтижесінде пайда блып, бірте-бірте ұлт-азаттық көтерілістерге айналып отырды. Бұл көтерілістің басында езілген қазақ шаруалары тұрды. Көтеріліске халық бұқарасы түгел отаршылдық езгісіне ғана емес, сол секілді қазақ шонжарларының да феодалдық езгісіне қарсы күресіп отырды.

Қаратай сұлтан 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім қайтыс болған соң хан болуға ұмтылды. Оның беделінен сескенген патшалық өкімет оны емес, Айшуақтың баласы Жантөрені хандыққа бекітті. Сұлтандар мен билер 1806 жылы Қаратайды хан көтерді. Ол «кіші ордаға» шабуыл жасап, 1809 жылы Жантөрені өлтірді. Жеке басының қамын ойлап, тек қана хан болуды көксеген Қаратайды қалың халық қолдамады.

Арынғазы сұлтан да хандық қазақ үкіметін құруға тырысты. 1816 жылы көктемде – шекті, жаппас, арғын, алшын т.б. рулардың билері мен ақсақалдары Арынғазыны Кіші жүздің ханы етіп сайлады. Орта жүз бен Кіші жүзді біріктіріп ортақ мемлекет құруды, исламдық сипат беруді алдына мақсат етіп қойды. Арынғазыны Бұқара әмірі хан деп таныды. Патшалық өкімет қулық-сұмдықпен Арынғазыны Петербургке шақырып алып, 1829 жылы Калугаға жер аударды. Арынғазы сол жақта өлді.15.

1783 жылы Кіші жүзде бұрқ ете қалды. Оны біз патшалық өкімет саясатына қарсы Е.И.Пугачевтың 1773-1775 жылдардағы көтерілісінің жалғасы іспетті, феодалдық пен отаршылдыққа қарсы күрес деп білеміз. Оған басты себеп патша өкіметінің қазақтардың көшіп-қонуына еркіндік бермей, мал өрісін тарылту, Жайық сыртына өтуге тыйым салынуы еді. Сол көтеріліс аздап та болса, осы мәселеге септігін тигізді. 1775 жылы 7 қарашадағы жарлығымен патшалық өкімет қазақтарға Жайық пен Еділ өзендерінің оң жағалауындағы Ембі, Сағыз аудандарына қыста көшуге рұқсат етті. Бірақ, амалсыздан берілген бұл жеңілдіктерді орайы келсе шектеуге тырысты. Сөйтіп, 1782 жылы 27 желтоқсанда ол жерлерге жалға алған жағдайда рұқсат етілді.16.Орал қазақтары бұл жарлыққа да бағынбады.Қазақтарға жерді жалға да беруге келіспей, күзетін күшейтті. Осыған байланысты 1783 жылы көктемде қазақтар Орал бекінісі желісіне шабуыл жасады. Көптеген солдаттарды тұтқынға алды. Патша өкіметіне қарсы шаруалар жаппай шыға бастады. Бұлардың басында Сырым Датов тұрды.

Сырым Датов хандықты жойып әрі патшалық Ресейден Тәуелсіз халық басқаратын мемлекет құруға әрекет жасады.Бұл мақсат Емельян Пугачев көтерілісі алдына қойған мақсаттан бірде-бір кем емес болатын. Ол казактармен кескілескен ұрыс жүргізді. Патшалық Ресеймен күрес жолына Хиуа хандығынан қару-жарақтар алды. Сырым Датов беделінен шошыған патшалық өкімет оны өз жағына тартуға әрекеттенді. Тіпті Бас басқарма құрып, ондағы прокурорлық лауазымды С.Датовқа ұсынды да.

С.Датов көтерілісін жазалаушы отрядтар тұншықтыра алмады. Патшалық өкімет лажсыздан хандық билікті қайта құрып, сұлтандар мен старшиналарды бітістіруге мәжбүр болды. Бұл С.Датовқа әрмен қарай күрес жүргізуіне кедергі келтірді.Ол 1802 жылы Хиуада жүргенде у беріп өлтірді.

С.Датов негізінен жер үшін күресті. Ол хандық билікті жойып, оны халық съезімен алмастыруға, съездер аралығында аға старшиналар қолына беруді жақтады.

Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіне Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовтың де көтерілісі ерекше орынға ие. 1836 жылы Жәңгір ханға ашық қарсы шыққан бұл көтеріліске көп адамдар қатысты. 1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі бай ауылдарға шабуылдады. Осы жылғы қазан айының ақырында Исатай Тайманов хан ордасын қоршауға алды. Көтерілісшілер саны 2000 адамнан асып түсті. Патша өкіметі аз уақыт ішінде өз әскерлерін, зеңбіректерін шоғырландырып үлгерді. 15 қараша күні зеңбіректің күшімен патша әскері көтерілісшілерді шегіндірді. Исатай Тайманов Хиуа хандығы жерінен шыққан Қайыпқали Ишимов тобына қосылды. Бұл кезде Орталық Қазақстанда Кенесары бастаған көтеріліс күшінде еді.

1838 жылы 12 шілдеде Қиылы маңындағы жазалаушы отрядпен қақтығыста Исатай Тайманов мерт болды. Кейін көтеріліс жолы бәсеңдеп, бытыраңқы жасақтарға айналып кетті. Бұл таптық сипаттағы тек феодал-байларға ғана емес, сол секілді патшалық озбырлыққа қарсы бағыттағы көтеріліс болды.

Жанқожа батыр көтерілісі қазақ тарихында өзіндік орын алары хақ. Өйткені, әдепкі қалыптасқан тұрмыс-тіршілігінен ажыраған Сыр бойы қазақтарының 19 ғасырдың орта шегінде хал-ахуалы күрт қиындап, дағдарысқа ұшырады. Осынау қиын кезеңде өмір сүрген Жанқожа Нұрмахаммедұлының бүкіл өмрі – патшалық Ресей, Қоқан, Хиуаларды былай қойғанда, билікке таласқан ішкі алауыздықтың басты күнәкерлері сұлтандар мен бай-феодалдармен арпалыста өтті.

Хиуа мен Қоқан хандықтары қазақ жеріне етене еніп, бекіністер сала бастады. Ұлы жүз қазақтарының көпшілігі Қоқан хандығының өктемдігінің астында қалды. Жасақ үшкір, зекет секілдіт ауыртпалығы мол салықтарды айтпағанның өзінде, әртүрлі сылтаулармен бейқам жатқан қазақ ауылын баса-көктей, малын барымталап, тұтқын алып қайтып жүрді, оларды бекініс салуға, ауыр жұмыстарға пайдаланды. «Тәжік атқа мінсе, тәңірін ұмытады» деген мәтел сол заманда пайда болған. Жанқожа жас кезінде Жаңадария боындағы Хиуа бекінісіндегі соғыста көзге түсіп, Хиуаның батырын өлтірді.

1830 жылы аз ғана қолмен Жанқожа Созақ бекінісіне тарпа бас салды. Мұндай ерлік жасауға наибы (орынбасары) Бабажанның төзгісіз озбырлығынан туындаған еді. Жанқожа би де, батыр да болғанмен байлыққа қызықпаған, қарапайым адам болған. Жанқожа жайлы тарихта әлі күнге тиянақты ой айтылмай келеді. Оның басқаруымен болған 1856-1857 жылдардағы Сырдария қазақтарының көтерілісі нағыз ұлт-азаттық қозғалыс еді.

Жанқожа 1774 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Арықбалық ауылдық кеңесі жерінде дүниеге келген. Бекет, Ерназар, Есет батырлармен сырлас-мұңдас болып өскен. Кейіннен батыр Арыстан Жантөринді өлтіріп, Орынбор түрмесінен Сібірге айдалып бара жатқанда анасына:

«...Барсаң сәлем дегейсің

Жанқожа, Есет Нарыма,

Қазақтағы барыма!

Жанымда болсаң Жанқожа

Шаппас па еді арына»

деп текке айтпаған.

19 ғасырдың І жартысында Қазақстанның Ресейге әлі бағына қоймаған жерлеріне Қоқан хандығы отарлау саясатын жүргізіп, Түркістан қаласын алды. Одан әрі Жаңақорған, Жәлек, Күмісқорған, Шымқорған, Қосқорған т.б. бекіністерін салып, орныға түсті. 1817 жылы Сырдың сол жағына Ақмешіттің құрылысын бастап, келер жылы дарияның оң жағына көшірді. Әбден асқынған Хиуа бектері ойына келгенін істей бастады. 1845 жылы көтерілісшілер Бабажанды өлтіріп, көтеріліске шығады. Өйткені, 1820-48 жылдары арасында Хиуа, Қоқан хандарына, 1856-57 жылдары Ресей патшалығына қарсы жүргізілген соғыстар Жанқожа басшылығымен өтті. Жанқожа қартайған шағында Табын руынан шыққан Байқадам батырдың баласы Ақсақал атып, 1860 жылы опат болады. Оны айдап салған табын-Шүмекей руларының сұлтаны Елекей Қасымов еді.

Кенесары саясатында Орта Азия елдері басты орын алды. Осындай қысылтаяң шақта ең қауіпті жау Ресеймен соғысу үшін Орта Азия халықтарымен тіл табыспаса болмайтын еді. Бірақ, Ұлы жүз Қоқан бектері қоластында болуы Кенесарыға екі жүзді саясат жүргізуге мәжбүр етті. 19 ғасырдың 30 жылдары Ұлы жүздің бестамғалы,Сиқым, Ысты, Шапырашты, Жалайыр, Сіргелі т.б. рулар Қоқан бектеріне тәуелді болып қала берді. Осыны пайдаланған Қоқан бектері Сыр бойын бойлай, батысқа қарай жалғасқан рулардан алым-салықтар жинап, мал-жанын тонап, озбырлық жасауын тимағаны, әрі үлкен ағалары Есенгелді, Саржан мен Әлжан сұлтандарды өлтіргені үшін, 1841 жылы ақпанда лажсыздан Кенесары Қоқан хандығына шабуыл жасады. Мұны Кенесары патшалық өкіметке (Перовскіге жазған хатында): «азапқа түскен қазақ руларын Қоқан озбырлығынан босатып алу, әрі біз тонамаған керуенді өздері біздерге жабады» дегендей ақпармен білдірді. Ал Бұхара, Хиуа хандықтарымен астыртын тіл табысып, түсіністікке дейін барды. Оларға өз өкілдерін жиі жіберіп отырды. Созақ бекінісіне Бұхара хандығының әскери күштерінің бірге қатысуы да осы түсіністік нәтижесі. Сол секілді Кенесары әскери құрал-жабдықтарын, зеңбіректерді Бұхара хандығы беріп отырды. Осы жерде айта кетер бір мәселе, бәленің бәрі өз ішімізде болды. Әмәндә жегідей жеген алауыздық қазақтың билеуші тобын екіге бөлді. Бір тобы патшалық Ресейдің отарлау саясатының түпкі мәнін жақсы түсінсе, екінші тобы патшаға қызмет етуге ұмтылды. Бұл жазалаушы отряд қимылдарын жеңілдетіп берді. Тумысынан бірбет Кенесары күресін қолдамаған ауылдарды,әсіресе округты аға сұлтандарды қатігездікпен жазалады. Өзіне қолдау білдіргендер арасына темірдей тәртіп орнатты.

Патша өкіметінің өкілдері «Кенесарының жақтасы» деп араларындағы жазықсыз адамдарды «бүлікшіл» ретінде Омбыға, одан әрі Сібірге айдатып жатты. Әсіресе, осы тұрғыда Ақмола округінің аға сұлтаны полковник Қоңырқұлжа Құдаймендинді атасақ та болады.

1838 жылы Ақмола бекінісін түгелдей өртеп жіберді. Кенесары ең ауыр соққыны 1844 жылы тамызда патша әскерінің Екатеринск бекінісіне берді. Күтпеген сәтте тиген қазақ жауынгерлері орыс-казактарды, солдаттармен қоса жер жастандырды. Хандық пен қолбасшылық дарыны мол Кенесары жайлы әлі зерттеулер жүргізіле берері хақ.

Жан-жақтан қыспақтаған патша әскеріне Кенесары лажсыз Торғай даласынан Жетісуға ойысады. Жағдайының қиындап бара жатқанын ұғынған Кенесары қырғыздары да, қазақтарда Қоқан хандығы мен Ресей отаршылдығына қарсы күресте пана болар деп үміттенді. Бірақ, олай болмай, үміт ақталмады. Ыстықкөл төңірегіндегі қырғыздар атынан 1844 жылы Орынбай Бекмұратов Ресей мемлекетінің билігін мойындауға даяр екендігін білдірді. Бұл Кенесарыны қатты ызаландырды. Оның үстіне қырғыз манаптары: Орман,Жантай,Жанғаралы Батыс-Сібір губернаторына қырғыз елін өз құрамына қабырдауды әрі Кенесарымен соғысуға жәрдемдесуді өтінеді. 1846 жылы Кенесарыны қолдаушы Ұлы жүз батыры Шорақты, қырғыз Солты руының батыры Жаманқараны өлтірді. Жауап ретінде қырғыздар Шорақ ауылын шауып, малын айдап әкетті. Қазақ-қырғыз арасындағы шиеленіс өрши түсті. Қырғыздардың бас қолбасшысы Орман Кенесарыға қарсы күресу үшін Сарыбағыш, Бұғы,Солты, Сарыезу т.б. тайпаларды бас қосқан мәслихатын шақырды. Қоқан қоластындағы қырғыздар бұл жиынға қатыспады. Жиын Кенесарыға қарсы ұрысуды қолдады.

1847 жылы Наурызбай мен Ержан сұлтандар Қырғыз ауылдарын талқандады. Кенесарының ең соңғы шайқасқан жері қазіургі Тоқмақ қаласынан 6 шақырымдай жерде, Шу өзенінің сол жағындағы Кекілік-Сеңгір өңірі еді. Кенесары әскеріне келетін су жолдарының арнасынт басқа жаққа бұрып, әскерді ауыз сусыз қалдырды. Сонда Кенесарының: «Аспандағы жұлдыз көп пе, әлде жатқан қырғыз көп пе» - деген сөзі ел аузында қалған. Осының бәрі Кенесары қалін ауырлата түсті. Арналарында Кенесары, сұлтандар Құдайменді, Ержан т.б. барлығы 32 төре тұқымы бар еді. Кенесары мен Наурызбай қатаң жазаланып өлтірілді. Олардың терісін сыпырып, еттерін иттерге берген деген әңгіме де бар.

Кенесарының қасіретті қайғылы қазасы, оның жерленген жері әлі жұмбақ өлімі туралы түрлі лақап таратылған. Ахмет Кенесарының – «Сұлтаны Кенесары и Сыздык» Ташкент. 1899 г. Естелік ретіндегі кітабында әкесінің сүйегін иттерге берді деген жорамалына сенім жоқ сияқты.

Кенесары Қасымов патшалық озбырлыққа қарсы тарих сахнасында Абылай ханның ісін жалғастырушы ірі тұлғаға айналды. 1841 жылы қазақтар Кенесары Қасымовты үш жүзге хан етіп сайлады. Кенесары өз күшін екі бағытпен соғысуға бөліп, Ресеймен де, Қоқан хандығымен де соғысты. Өз қарамағындағы елге соғыс жүргізу үшін алым-салықтар жинады, қоғам ішіндегі тәртіпке қатаң шаралар қолданды.

Кенесары сауда – саттық саясатына өзгерістер енгізіп, әскер күшімен саудагерлерден астықтар тартып алынды. Көпес саудагерлер баж салығын төледі. Ел ішіндегі барымтаны айыптап, ру аралық кикілжіңдердің кінәлілерін аяусыз жазалады. Өз әскерін жүздікке,мыңдыққа бөлді. Кенесары ойысқан Жетісу өлкесіне қару-жарақтар мен зеңбіректері бар әскерлер құпия мал санақшылары түнде жеткізілді. Ақыры 1847 жылы қырғыздарды да өз жағына өткізген орыс саясаты Кенесарыны өлтірумен тынды. Әрі ол жерлерді Ресей қоластына қосып алу шараларын жеңілдетті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруалары саналып, оған бастан-аяқ қалың бұқарасы қатысты. Бұл жеңіске масаттанған, қанат біткен Ресей патшалығы 19 ғасырдың 60-70 жылдарында Орта Азияға жорық жасап, Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтарын да жаулап алды. Нәтижесінде бұл хандықтар бұрын басып алға қазақ жерлері Түркістан генерал-губернаторының құрамына енді.

Қазақстан тарихында белгілі себептермен Кене ханның соғысын бір жақты қарап теріс баға берілді. Тек, еліміз тәуелсіздік алғаннан соң барып, там-тұмдап болса да шындық ашылып жатыр. Біз енді соны өрбіте түсейік.

Кенесары қозғалысына Қазақстанда қалам тартып терең зерделеген еңбектердің дара бозы профессор Ермұхан Бекмаханов ( 1962 ж. ҚазССР, Ғылым Академиясының корреспондент- мүшелігіне сайланған). Ол көптеген нақты құжаттарға сүйене отырып көтерілістің тарихын терең пайымдап, зерделгені үшін кітаптыі авторы үлкен ғалым саяси қуғын-сүргінге түскен. Ол белгілі үш автор Х.Айдарова, А.Ф.Якунин, Т.Ж.Шойынбаев «Қазақстан тарихын маркстік- лениндік рухта зерттейік»[18], - деген мақаладан кейін басталды. Осыдан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің арнайы қарарында көтерілісті даттап «Феодалдық-монархиялық реакциялық» деген ауыр да, сыңар жақты баға берілді.

Осылайша Кеңестік тоталитаризм дәуірінде Кене хан көтерілісі негізінде большевиктік идеология, тап күресі, әлеуметтік принципке негізделіп зерттелді де, осыған байланысты халықтың азаттық күресі мәселелерін талқылап, оны терең зерттеуде монокоммунистік бағыт үстем болды.

Тек қана, Қазақстанда 90- жылдарда бастап Кенесары хан бастаған көтеріліс жөнінде қоғамдық пікір қайта оянып, жаңа, тың мәліметтер жариялана бастады. Оған белсене ат салысқандар егеменді еліміздің көрнекті білгір ғалым – тарихшылары мен жазушылары. Алғашқы рет көрнекті жазушы Мұхтар Мағауин тарихшы, әдебиетшілерді жинап Кенесары қозғалысына әділ баға беруді қолға алды. Ғалым Е.Бекмахановтың қайғылы кезеңін архив деректеріне сүйене отырып –« Бір істің тарихы», - деген атпен жазылған ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Кеңес Нұрпейісоввтың тұңғыш мақаласын айтуға болады.

1991 жылы «Қазақстан Коммунисі» журналының №3 санында жарияланған академик Р.Б.Сүлейменов пен профессор Ж.Қасымбаевтың архив деректері негізінде жазылған Кенесары қозғалысына арналған мақаласы да мәселенің әлі де басы ашылмай жатқанына түрткі болды.

Ақмола қаласында 1991 жылы академик Манаш Қозыбаевтың жалпы редакциясымен ұлттық қозғалысқа (1837-1847 жылдардағы Кенесары хан басқарған көтеріліске) арналған арнайы жинақ жарияланды. «Қазақ жеріндегі 19 ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістердің заңдылығы, ерекшеліктері, әсіресе, Кенесары қозғалысы кең жағрафиялық өңірдегі оқиғалармен байланыстыра талқылануы» 29, - деген профессор Ж.Қасымбаев, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың Кенесары туралы 1993 жылғы Кенесары хан (саясатшы және қолбасшы) деген кітабын Кенесары тарихнамасына қосқан елеулі үлес деуге болады. Әсіресе Кенесарының тарихнамасы, кітаптың құндылығы көптеген мұрағат құжаттарға, Кенесары көтерілісі орыс зерттеушілерін бейқам қалдырмаған еді. Міне солардың еңбектерін жан-жақты талдай отырып, сын көзбен жазылған еңбек. Кенесары сияқты тұлға, оның ерлігі ақылды , дарынды қолбасшы екендігі, бірақ әлі терең зерделеуді қажет ететіндігін, тарихшылардың алдында тұрған міндет екендігін ескертеді.Ол: «...Кенесары хан бастаған 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс тарихын зерттеуде ғалымдар енді ғана шын мәнінде қолға ала бастағанын айта кеткіміз келеді» 30, - деп аяқтаған.

Қорытынды.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан Елбасы Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз еліміздің негізін нығайтамын деп, қолынан келгеннің бәрін жасауда. Құдайға шүкір, қазір қазақстан әлемге танылғанымен, тәуелсіздігімізді бекіте түсер мәселелер көп. Солардың бірі ретінде Ресей боданы болған кезең жайлы М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев, с.З.Зиманов, Ғ.Сапарғалиев, т.б. қалам тартты. Бірақ, әлі де шындыққа сай зеттеулер жүргізіле берулері қажет.

Алдымызда демократиялық-құқықтық мемлекет құру мақсаты тұр. Олай болса оны алдымен алыстан іздемей, өзімізден іздегеніміз жөн. Қашанда әр халықтың өзіндік түйсігі, мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, қалыптасқан заңдары болады. Ол заңдар алдымен имандылық, ар-ұят, намыс секілді көздерден бастау алып, өзінің ұрпақтарына ғана арналады.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан өз тарихы, өзінің ұлттық рухани мәдениеті бар. Оны жан-жақты зерттеп, зерделеп, қоғам кәдесіне жарату керек. Осындай маңызды рухани байлықтар арасында тарих пен құқықтың алар орны ерекше. Құқықтың қай қоғамда болмасын, араласпайтын жері жоқ. Қай халықтың құқығы жан-жақты дамып, кемелденген болса, бұл сол халықтың абыройы, жеткен жетістігі болып табылады. Сол себепті де әрбір халық алдымен өздері тәртіпті болуға тырысады. Тәртіп барлық мәселені оңай шешеді де, әрқайсысын өз орнына қоя да біледі. Тәртібі жоқ халық ерте ме, кеш пе, әйтеуір дағдарысқа ұшырап, өз түбіне өздері жетеді. Оны тарих айқын көрсетіп бере алады.

Экономикалық факторлардың қиындығына қарамастан қазірдің өзінде өз келбетін тапқан әрі өркениетті елдер қатарына қосылу Атазаңымызда зерделегендейбасты мақсатымыз болу керек. Олай болса өз құқықтарымызды дұрыс бағаламау үлкен зардаптарға соқтыруы мүмкін. Оның шет жағасы бой көрсетуде.

Мәселен, бүлдіршіндей қаракөздеріміз қалталы шетелдіктердің қолтығында кетсе, жасөспірімдеріміз арақтың соңында кетсе, осының бәрін экономикалық қиындыққа аудара салуымыз керек пе Не әлде басқа халықтар мұндай қиыншылықтарды көрмеді дей аламыз ба Әрине, көрді, бастарынан өткерді де. Бірақ, ата-бабалары қалдырған сара жолдарынан таймады, ұлттық намысын қорлап, қасиеттерін жоғалтқаны жоқ. Біздің қазақ халқының басынан да қазіргіден қиын тауқіметтер өтті ғой «Ақтабан шұбырындыны» былай қойғанда, кешегі Кеңес дәуіріндегі ашаршылық, «шаш орнына бас алған» заман, соғыс т.б. Сонда да өзіміздің ұлттық қасиетімізді ешкімге таптатпайтын едік. Енді ше Мұның бәрі кешегі патшалық Ресейдің отарлау, Кеңес дәуірінің тоталитарлық саясаттарының нәтижесінде халықты мәңгүрттендіргендігінің салдары. Халқымыздың өз ата- бабаларының қалдырған ұлы мұраларын білмеулерінің, оны арындай сақтамандықтың салдары.

Ел боламыз, ұлт боламыз десек, уақыт өткізбей ұлттық қадір-қасиетіміздің сипаттарын сомдай түсетін ата-баба салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына, қалдырған рухани мол мұраларына шұғыл бұрылып, бұлжымас заң қағидаларына айналдыруымыз керек.

Қолданылған құжаттар тізімі

1. Назарбаев Нұрсұлтан: Қазақстан тарихы – бірігу тарихы, Тұтастану тарихы. «Егемен Қазақстан» 1998, 18 наурыз.

2. Кенжәлиев З. «Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет» А., 1997.

3. Қозыбаев М. Ата тарихы туралы сыр. «Егемен Қазақстан» 1992, 3 қазан.

4. Әбуталиев Н. Ордабасы Қожаберген. Алматы, 1995.

5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. А., 1992.

6. Созақбаев С. Тәуке хан. «Жеті Жарғы», Алматы, 1994.

7. Зиманов С.З., Усеров Н.У. «Жеті Жарғы жайлы». В сборнике «Проблемы казахского обычного права», Алматы, 1989.

8. Апполова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией 18 начале 19 в. М., 1960.

9. Марғұлан А.Х. Из истории городов и строительного искусства Древного Казахстана. А., 1950.

10. Қазақ шежіресі, Алматы, 1994.

11. Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России. А., 1948. 129 б. Ана тілі, 1990, 19 сәуір.

12. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1949, 1 т., 155 б.

13. Бекмаханов Е. Қазақ халқының Кенесары бастаған азаттық қозғалысы. «Жұлдыз», 1991,№10.

14. Мойсеев В.А. Джунгарское ханство и казахи 17-18 вв. Алматы, 1191,стр.56.

15. Басин В.Я. Казахстан в системе внешней политики России в первой половине 18 в. В кн: Казахстан в 15-18 вв. А., 1969, стр.73.

16. Өсерұлы Н. Халық дәстүрінен үйренейік. «Фемида», 1996, №9, 30 б.

17. Кенжәлиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы, 1971.

18. Зиманов С.З., Еренов А. О характере феодальной собственности на землю в Казахстане. Труды Алма – Атинского юридического института. А., 1955, т.1, стр. 49.

19. Әбдіраманұлы А. Халық данасы – Сары би және Қоңырат руларының шежіресі. А., 1992.

20. История государства и права КазССР, Алматы, 1982, ч.1.

21. Қазақстан тарихы, очерктер. Алматы, 1994, 289 бет.

22. Зиманов С.З. Общественный строй казаков первой половине 19 века. А., 1958.

23. 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын – жырауларының шығармалар жинағы, Алматы, 1971.

24. Мағауин М. «Алдаспан», Алматы, 1971.

25. Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане. А., 1966.

26. Өсерұлы Н. Шариғат. Алматы, 1996, 286-287 беттер.

27. Қасымбаев Ж. Кенесары хан, А., 1993.

28. Өзбекұлы С. Барлыбек Сұлтанов. Алматы, 1996.

29. Мұса Ғ. «Жетісу қазақтары жайлы». «Қазақ», 1914, №60.



30. Салықов Кәкімбек. Кенесарының соңғы сөзі. «Қазақ елі», 1998, 30 қазан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет