Негізгі бөлім Иерархиялық модель



бет2/3
Дата02.06.2023
өлшемі25.38 Kb.
#474608
1   2   3
6 апта сро

Желілік модель
Мұндай қатынастар желілік деп аталады. Егер де файлдағы әр жазба басқа бірнеше файлдардың жазбаларына бағынатын болса мәліметтер арасындағы қатынастар желілік деп аталады. Осындай қатынастарды өңдеу қажеттіліктері себептерінен 60-шы жылдардың (XX ғасыр) аяғында желілік маліметтер қорларын басқару жүйелері пайда болды. Иерархиялық жүйелердегідей желілік мәліметтер қорларының жүйелерінде мәліметтерді байланыстыру үшін алдын ала анықталған физикалық көрсеткішітер қолданылды. Иерархияда әр ұрпақта (файлдағы бағынышты жазбада) тек қана жалғыз анасы (иерархияда бағындыратын жазба) балады. Желілік модельдер әртүрлі файлдардағы жазбалар арасында күрделілеу қатынастарды сүйемелдеді.
Желілік модельдің нетізгі объекттері келесі: мәліметтер элементі, мәліметтер агрегаты, жазба, мәліметтер жиыны. Иерархиялық модельдегідей мәліметтер қорын басқаратын жүйе көмегімен пайдаланушыға қол жеткізуге болатын минималды ақпараттық бірлік мәліметтер элементі болып табылады. Модельдегі жалпылаудың келесі деңгейіне мәліметтер агрегаты сәйкес. Модельде агрегаттардың екі типі анықталған: вектор типті агрегат және қайталанатын топ типті агрегат. Мәліметтер агрегатының аты болады, жүйеде осы ат бойынша агрегатқа қатысу болады. Нақты ортаның объекттерінің кейбір класын модельдейтін агрегаттар жиыны яғни мәліметтер элементі жазба деп аталады. Жазба түсініктемесі бұл жерде иерархиялық модельдегі «сегмент» түсініктемесіне сәйкес. Сегмент сияқты жазба үшін де жазба типі және жазба данасы түсініктемелері енгізіледі. Желілік модельдің келесі негізгі түсініктемесі «жиын» болып табылады. Жазбаның екі типін «бір-көпке» қатынасымен байланыстыратын екі деңгейлі граф жиын деп аталады. Жиын жазбалардың екі типтері арасындағы иерархиялық байланысты көрсетеді. Осы жиындағы жазбаның аналық типі жиын иесі, ал ұрпақтық жазба типі осы жиын мүшесі деп аталады. Жазбалардың кез келген екі типі үшін оларды байланыстыратын жиындардың кез келген саны берілуі мүмкін. Осындай мүмкіндіктің болғаны нақты ортаның екі объекттері арасындағы «көп-көпке» қатынасын модельдеуге мүмкіндік береді. Осы жағдай иерархиялық модельге қараганда желілік модельдің артықшылығы. Жиын ішінде бір жиын иесімен байланысты жиын мүшелерінің даналарын тізбектеп қарап шығуға болады. Жазбалардың екі типтері арасында жиындардың кез келген санын анықтауға болады: мысалы, екі өзара байланысқан жиындарды құрастыруға болады. Жазбаның бір типі бір кезде жиын иесі және жиын мүшесі бола алмайтыны жиынның маңызды шектеуі болып табылады.
Сонымен, физикалық көрсеткіштерді қолдану анықталған қатынаспен байланысқан мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Бірақ, бұл қатынастар алдын ала анықталуы керек. Басқа анықталмаған қатынастар негізінде мәліметтерді алу қиын немесе мүмкін емес. Физикалық көрсеткіштерде негізделген жүйелердің кемшілігін түсіну үшін, келесі модельді қарастырайық (1.5.5 суретті қараңыз). КЛИЕНТТЕР, ШОТТАР және ШОТ_ЖОЛДАРЫ файлдар физикалық көрсеткіштермен иерархиялық байланысқан. Олардан басқа ӨНДІРУШІЛЕР және ТАУАРЛАР файлдарыда иерархиялық байланысқан болсын. Бірақ, ТАУАРЛАР файлы ШОТ_ЖОЛДАРЫ файлмен физикалық көрсеткішпен байланысқан емес. Сұлбадағы ТАУАРЛАР мен ШОТ_ЖОЛДАРЫ файлдар арасындағы пунктир сызығы олар арасындағы логикалық байланыс бар екендігін көрсетеді, себебі шоттың әрбір жолы белгілі тауар туралы мәліметтен тұрады. Егер де бұл файлдар арасында физикалық көрсеткіш орнатылмаған болса, мысалы, сатып алынған таурлардың өндірушілері туралы мәліметті ала алмаймыз. Ол үшін күрделі, ұзақ бағдарламалау қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет