Негізгі құралдардың тозу есебі. 1 Негізгі құралдардың тозу есебі


Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі



бет2/4
Дата22.09.2023
өлшемі23.95 Kb.
#478335
1   2   3   4
f606541f67615e0 (1)

Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бірқалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құнмен қалдық құнның айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
Мысалы: станоктың бастапқы құны 1000000 теңге ал қалдық құны 100000 теңгені құрайды. Бұл станоктың пайдалану мерзімін бес жыл деп аталып осы жоғарыда айтылған әдіс бойынша бір жылдық амортизациялық аударымды есептейтін болсақ, ол 180000 теңгені құрайды. Яғни
1000000-100000=900000
900000/5=180000
Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 900000 теңге ((1000000-100000), яғни бастапқы құнымен қалдық құнының айырмасы), ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл стоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялық аударым мөлшерін сол соманың 20 пайыз деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады.
900000 х 20 % =180000
Төмендегі кестеден үш жағдайды көруге болады:

  • Негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ішінде, яғни 5 (бес) жыл бойы оған есептелетін амортизациялық аударым сомасы өзгермейді (тұрақты);

  • Жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп (көбейіп) отырады;

  • Негізгі құралдардың қалдық құны бірқалыпты азайып отырады.

Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)
Бұл әдіс объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет