Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
83
4.
Келесі әйел адамдардың қателігі—үйдегі болған
әңгімені сыртқа шығару.
Құрбыларына
жайып салу, мамасына айту деген
сияқты. Иә, түсінемін біреуге айтсаң ішің босап қалады,
тыныштық тапқандай жеңілдейсің. Бірақ сіз күйеуіңізбен
керемет күннен кейін татуласасызда, ал құрбыларыңыз
оны есте сақтап қалады.
Құрбыларыңыздың алдында
күйеуіңіз жеккөрінішті болып тұрады. Анаңыз да тура
сондай. Қызын ренжіткен адамды анасы ешқашанда
кешіре алмайды. Ішіңіз өртеніп, айтқыңыз келіп бара жатса
да, айтпауға тырысыңыз. Себебі болашақта ол үшін өкініп
қаласыз.
5.
Келесі қателігіміз—күйеуіне толықтай беріліп
кету.
Ішіне кіріп, бүкіл уақытын, бәрін соған арнау. Әрине
отбасы болғаннан кейін еркек бірінші орында тұрады.
Бірақ ол орын қандай? Өмірде
ең бірінші орында Алла
болу керек. Егерде күйеуіңіз ол орынды басатын болса,
ертеңгі күні қайғыңыз да, қуанышыңыз да, бүкіл
көңіл-
күйіңіз тек қана соған байланысты болып қалады. Ал ол
бізге керек емес. Сіз жеке тұлғасыз. Жеке тұлға деген—
жұмысы, машинасы, карьерасы бар адам емес. Тұлға
деген—жан дүниесі ешкімге тәуелді емес адам. Ол тек өз
ойына ғана тәуелді. Біреудің ойына еріп кете беретін адам
емес. Егерде күйеуге деген махаббатыңыз Алладан да
артық болып кетсе, Алла тағала сізден оны алып қоя алады.
Күйеуді
алып қояды, немесе күйеудің сізге деген
махаббатын алып қояды. Мәңгілік махаббатқа тек Алла
ғана тән. Сол үшін ешбір адамға қатты бауыр басып, бүкіл
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
84
өміріңізді арнамаңыз. Біз
қуанышты кезде Алланы еске
алмаймыз. Керісінше, сынақ келген кезде Алладан көмек
сұраймыз. Осы жерден қорытынды жасауға болады.
Бақытты кезде де дұға етіп, Аллаға шүкір етуіңіз керек.
Сол кезде ғана сіздің эмоцияналды, моральды
тәуелділігіңіз ер адамнан артқа шегіне бастайды.
6.
Тағы да бір кішігірім қателік—ер адам көңілсіз
Достарыңызбен бөлісу: