Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
188
оның қолынан келеді, ол жауапкершілігі жоғары адам» деп
ойлау керексіз. Ойлап қана қоймай, бұл сөздерді сол
адамның өзіне айту керексіз. Білемін, бұл
сөздерге өзіңіз
де сеніңкіремей тұрғаннан кейін айту қиын. Өзіңіз
ойланып көріңізші, ол бір іс жайлы «менің қолымнан
келмейді»
деп өзіне сенбей тұрса, сіз де «қолыңнан
келмейді» деп айтатын болсаңыз, ол қандай күйде болады?
Әрдайым күйеуіңіздің орнына оның міндетін жасай
салатын болсаңыз, сіз оған жақсылық жасадым деп ойлап,
керісінше зияныңызды тигізесіз. Еріңіз әрдайым өзінде
болған сәтсіздіктерге сізді кінәлай беретін болады. «Сен
маған ескерткен жоқсың, сенің кесіріңнен осылай болды,
сенің көзің өтіп кетті» деп үнемі басқаларды кінәлай
беретін болады. Осыны есте сақтаңыз.
Кез-келген күйеуіңіздің орнына «қолынан
келмейді-
ау» деп ойлап, бірдеңе жасайын деп жатқанда «мен оның
өмірінде болмаған кезде өзі жасады ғой, мен үйде
болмасам өзі жасайтын еді ғой» деп ойлаңыз. Тағы бір
амал ретінде еріңізге қызығушылықпен қараңыз. Орысша
айтқанда сізде «заинтересованность в том, что он делает»
болуы керек. Үйде мысалы шеге қағып жатса, «істей алмай
жатыр» деп емес, «қалай істейді екен» деп қызығушылық
танытсаңыз, миыңызда қызығушылық таныту және сену
сезімі пайда болады. Бұның барлығы
сіз өзіңізді бірінші
орынға қойып үйренуіңіз үшін керек. Мен құр сөзбен
«Өзіңізді жақсы көріңіз, өзіңізді бірінші орынға қойыңыз»
деп айта салуыма болар еді. Бірақ әрекетке келгенде құр
сөз жеткіліксіз болады. Салдарымен емес,
себебімен
жұмыс жасау керексіз. Ал алғашқы себебі осы-шектен тыс
уайым. Кез-келген адамда аналық инстинкт болады.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
189
Еркекті баласы ретінде көреді. Бұл инстинкт жақсылыққа
алып келмейді. Сол себепті осы уайым сезімінен арылып,
оны қызығушылыққа алмастыруыңыз керек.
2.
Тәуелділіктен
Достарыңызбен бөлісу: