Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік


Гормондар.Гормондардың әсер ету механизмдері. Гормондардың жіктелуі. Гипоталамус-гипофиздік жүйенің гормондары туралы түсінік



бет44/72
Дата05.12.2023
өлшемі485.23 Kb.
#485486
түріҚұрамы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
áõ ýêç (1)-2

14. Гормондар.Гормондардың әсер ету механизмдері. Гормондардың жіктелуі. Гипоталамус-гипофиздік жүйенің гормондары туралы түсінік.
Гормондар - адам ағзасында аз мөлшерде түзіліп, қанға немесе лимфаға бөлінетін, рецепторлары бар нысана жасушаларына арнайы әсер ететін биологиялық активті заттар.
Гормондардың жіктелуі
Химиялық табиғаты жағынан гормондар 3 топқа бөлiнедi:
Нәруызды – пептидтiк
Амин қышқылдарының туындылары
Стероидты гормондар
Гормондардың бұл үш негiзгi тобынан басқа гормоноидтар бар. Оларға эйкозаноидтар (простагландиндер, тромбоксандар, лейкотриендер, липооксигендер), Д витамині, А витамині, гистамин, серотониндер, ас қорыту жолдарының гормондары, т.б. жатады.
І. Нәруызды–пептидтiк гормондарды 3 топшаға бөлуге болады:
1. Жай нәруыздар: инсулин, паратгормон, өсу гормоны, ЛТГ.
2. Күрделi нәруыздар: тиреотропты гормон (ТТГ), фолликулостимулдеуші гормон (ФСГ), лютеиндеуші гормон (ЛГ).
3. Полипептидтік гормондар: глюкагон, кальцитонин, адренокортикотропты гормон (АКТГ), меланоцитстимулдеуші гормон (МСГ), окситоцин, вазопрессин.
ІІ. Амин қышқылдарының туындылары: тиреоидты гормондар (тироксин–Т4, трийодтиронин–Т3); адреналин (А), норадреналин (НА).
ІІІ.Стероидты гормондар: кортикостероидтар (ГКС, МКС); жыныс гормондары.
Гормондардың жалпы қасиеттері:
•биологиялық әсер етуінің арнайылығы ;
•биологиялық активтілігінің жоғары болуы; •секрециялануы;
•қашықтықтан әсер етуі;
•гормондар қанда бос немесе нәруыздармен •байланысқан күйде болуы мүмкін;
•қысқа уақытта әсер етуі;
• барлық гормондар өз әсерін рецепторлар арқылы көрсетеді.

Рецепторлармен басқа да заттар (мысалы, дәрілік заттар, биогенді аминдер, т.б.) байланысады, олар лигандалар деп аталады.


Рецепторлар (Рец) химиялық табиғаты бойынша күрделі нәруызға жатады, олар – белгілі бір гормонға туыстығы бар, гормоннан алынған сигналды жасушаішілік метаболизм тіліне аударатын заттар.
Белгілі бір гормонға рецепторы бар жасушаларды нысана-жасушалар немесе гормонға тәуелді жасушалар деп атайды.
Рецепторлар:
• мембрананың сыртында (пептидтік гормондар, адреналин)
• цитоплазмада (ГКС);
• жасуша ядросында (тиреоидты гормондар, андрогендер, эстрогендер) орналасуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет