Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік


Жалпы холестерин ( 4-5.2 ммолы л )



бет58/72
Дата05.12.2023
өлшемі485.23 Kb.
#485486
түріҚұрамы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72
áõ ýêç (1)-2

Жалпы холестерин ( 4-5.2 ммолы л ) холестерин жасқа байланысты артады . Холестериннің 30 % -ы бос күйінде , ал 70 % -ы эфирленген түрінде кездеседі .
Кетон денелері ( 90-170 мкмоль / л ) бұлар БMK тотыққанда түзілетін аралық өнімдер . Олардың қанда көбеюі ұзак жалпы және көмірсулы ” ашығуда байқалады . Гиперкетонемия ауыр инфекциялык ауру кезінде , жүректің ишемиясында, менингит , бас сүйек - мидың зақымдануы кезінде байқалады . Қант диабетімен ауыратын науқастарда қанда кетон денелерінің көбеюі диабеттік команың бастамасы болып табылады
Плазма пигменттері - каротиндер қызыл - сары түсті зат , олар А витаминінің провитамині болып табылады . Билирубинмен бірге қан плазмасының сары түске боялуын қамтамасыз етеді . Сонымен қатар канда С және А витаминдерінің біраз мөлшері, гормондар кездеседі .

Қалыпты зәрдің физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы, патология кезіндегі өзгерістер.

Мөлшері : Тәулігіне бөлінген зәрдің көлемін диурез деп атайды , ол шамамен 2 л - ге тең . Ер адамдарда зәр көбірек бөлінеді . Диурездің жоғарылауы - полиурия деп аталады , физиологиялық ( көп мөлшерде су ішкенде , сұйық тамақ ішкенде , қыста – себебі тер аз бөлінеді ) және патологиялық ( қантты және қантсыз диабет , созылмалы нефрит , пиелонефрит , ісіну қайтқанда ) деп екіге бөлінеді .
Олигурия -бөлінген зәр мөлшерінің төмендеуі (тәулігіне 500 мл - ден аз ) . Физиологиялық олигоурия шөлдегенде , сұйықтықты аз қабылдағанда , ауыр қара жұмыста , жазда терінің көп бөлінуі арқылы жүреді . Патологиялық олигоурия қалшылдау , диарея , токсикоз , ісіну , жедел бүйрек жетіспеушілігі жағдайында болады .
Анурия – зәрдің бөлінуінің тоқтауы .
Анурия : а ) пререналдық соққы кезінде , күйікте , сұйықтықты жоғалтқанда , жүрек жетіспеушілігінде, гипотензияда ;
б ) реналды – бүйрек ауруларында ;
в ) постреналдық зәр шығару жүйесінің ауруы кезінде байқалады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет