Net визуалды бағдарламалау ортасы 1 Объекті-бағытталған бағдарламалауға кіріспе


Windows жүйесінің оқиғаларды басқару ұғымы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата26.04.2023
өлшемі428.72 Kb.
#472815
1   2   3   4   5   6
1лекция

1.2 Windows жүйесінің оқиғаларды басқару ұғымы
Консольді қосымшаларда бағдарлама жұмысы іске қосылғаннан кейін 
Main() әдісінің операторлары орындала бастайды. Windows үшін жазылған 
бағдарламардың ерекшелігі – бағдарлама іске қосылғаннан кейін ол 
Windows-тан келетін хабарларды күтудің шексіз цикліне ауысады.  
Хабар дегеніміз - Windows операциялық жүйесінің жүйеде өтіп жатқан 
оқиғаларға жауабы. Оқиға ретінде компьютер жұмысында кез келген 
«бейстандарт» жағдайды есептеуге болады, мысалы, пернетақтада пернені 
басу, тышқан курсорының орнын ауыстыруы, нөлге бөлу, т.б.
Windows жүйесі жауап бере алатын барлық оқиғалар нөмірленген және 
әрбір нөмерге – «үзу векторына» сәйкес оқиғаға дұрыс жауап беретін арнайы 
бағдарлама 
сәйкестендірілген. 
Мысалы, 
компьютердің 
шалғай 
құрылғыларының драйверлері (пернетақта, тышқан, таймер). 
Оқиға пайда болғанда Windows жүйесі оқиға «нөмерін» анықтайды 
және сәйкес драйверді іске қосады. Драйвер оқиғаны «өңдеп», Windows 
жүйесіне хабарлама жібереді.
Windows жүйесі жұмысының негізінде оқиғаларды басқару принципі 
жатыр. Сонымен, жүйе және Windows үшін жазылған барлық қосымшалар 
іске қосылғаннан кейін пайдаланушы іс-әрекеттерін немесе операциялық 
жүйенің оқиғаларын күтеді және оларға белгілі тәртіпте жауап қайтарады. 
Windows хабары болған оқиға туралы жазба болып табылады. Мысалы, 
кейбір хабардың құрылымында мыналар болуы мүмкін: бағдарлама 
терезесінің дескрипторы, хабарлама коды (идентификаторы), анықтаушы 
параметрлер (мысалы, тышқан меңзерінің x пен y координаттары), 
хабарламаның құрылу уақыты.
Windows жүйесі қабылдайтын барлық хабарлар бір ғана данада 
болатын хабарлардың жүйелік кезегіне орналастырылады. Одан кейін 
жүйелік кезектен хабарлар жеке Windows қосымшаларының хабарлар 
кезегіне үйлестіріледі. Сонымен қатар, әрбір қосымша үшін өзінің хабарлар 
кезегі құрылады. Қосымшалардың хабарлар кезегі тек қана жүйелік 
хабарлардан толықтырылмайды. Кез келген қосымша хабарды кез келген 
басқа хабарға, сонымен қатар өзіне жібере алады. Әрбір Windows 
қосымшаның Windows-тан келетін, хабарларды өңдейтін үздіксіз циклі 
болады. Осы циклдің көмегімен қосымшалар «өзінің» хабарларын алады 
және қосымшаның тиісті хабарлар өңдеуішіне жібереді. Қосымшаның әрбір 
терезесінде хабарларды өңдейтін өз циклі және терезе функциясы (оған 
қосымша кезегінен алынатын хабарлар жіберіледі) болады. 
Әдетте Windows қосымшасының негізгі терезесі болады, онда негізгі 
элементтер орналасады – меню, батырма, жалаушалар, т.б. Қосымшамен 


жұмыс істеу барысында пайдаланушылар менюді таңдайды, батырмаларды 
басады немесе басқа басқару элементтерін қолданады. 
Әрбір басқару элементінің өз идентификаторы болады. Мысалы, 
батырманы басқанда пайда болатын хабар Windows қосымшасының хабарлар 
кезегіне орналастырылады. Қолданылған басқару элементінен келетін 
хабарды Windows операциялық жүйесі осы басқару элементінің 
қосымшасының кезегіне жібереді.
Windows-та құрылатын қосымшаларда (File -> New -> Project -> 
Windows Forms Application) екі негізгі тип қолданылады: Form, Application. 
Application класы қосымшаны басқарады: хабарларды өңдеу циклі 
(Application.Run();) бар Main() әдісін іске қосады, хабарды алғанда тиісті 
әрекеттерді орындайды және қосымша жұмысын дұрыс аяқтайды (Program.cs 
файлы). 
Form класы пайдаланушы интерфейсін анықтайды: форма терезесін 
инициализациялайды, қосымшаны жұмысқа дайындайды (Form1.cs файлы).
Қарапайым Windows қосымшасын құру барысында әрекеттер ретін 
қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет