Net визуалды бағдарламалау ортасы 1 Объекті-бағытталған бағдарламалауға кіріспе



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата26.04.2023
өлшемі428.72 Kb.
#472815
1   2   3   4   5   6
1лекция

1.5 Бірінші бағдарламаны құру мысалы
Windows жүйесінде жұмыс істейтін қосымшаның формасын қолдану 
мысалын қарастырайық. Мысал ретінде үшбұрыш периметрін есептеу есебі 
қарастырылады.
1.1-есеп. диалог режімінде үшбұрыш қабырғаларын беру және оның 
периметрін есептеу керек. Үшбұрыш қабырғаларын берілгеннен кейін мына 
тексерістерді орындау керек: үшбұрыш қабырғалары нөлден үлкен болуы 
керек және үшбұрыштың кез келген екі қабырғаларының қосындысы үшінші 


қабырғадан үлкен болуы керек. Қосымша кодына түсініктемелерді қолдану 
керек. 
Біз Toolbox терезесінен стандартты үш басқару элементін 
пайдаланамыз:
тұрақты мәтін (Labe1) элементі, мәтінді енгізу-шығару өрісі 
(TextBox), командалық батырма (Button). 
– тұрақты мәтін; 
– мәтінді енгізу-шығару өрісі; 
– командалық батырма. 
Түсіндіретін сөздерді жазу үшін төрт тұрақты мәтін қолданылады.
Үш мәтінді енгізу, нәтижені шығарудың бір өрісі және бір командалық 
батырма қолданылады. 
Визуалды бағдарламалау процессінде формаға Toolbox терезесінен 
керекті басқару элементі көшіріледі және белгілі бір орынға 
орналастырылады. Әдетте Toolbox терезесі «жиналған» күйде болады. Оны 
«ашу» үшін тышқанның оң жақ пернесімен Toolbox панелін басу керек, 
элементі (оны басу керек) арқылы экранның белгілі бір орнына орнықтыруға 
болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін 
элементінің көмегімен Toolbox 
терезесін «жинауға» болады.
Визуалды бағдарламалау процесінде басқару элементтерінің кейбір 
қасиеттерін өзгерту керек, мысалы, тұрақты мәтін мен батырманың Text 
қасиеті өзгертілді (1.3-сурет). Ол үшін Properties терезесін пайдалану керек 
(1.4-сурет). 
Енгізу өрістері мен шығару өрісінің айырмашылығы бар, шығару 
өрісінің Multiline қасиеті Multiline = true тең. Барлық басқару 
элементтерінде Text қасиеті қолданылды. 
«Ввод» Батырмасын басу бойынша хабарды өңдеуші әдісін құру үшін 
визуалды бағдарламалау кезеңінде осы батырманы екі рет басса жеткілікті. 
Бос 
private void button1_Click(object sender, EventArgs e)
хабар 
өңдеушісіне кодты жазамыз: үшбұрыш қабырғаларын мәндерін диалог 
режімінде беру және олардың үшбұрыш шарттарына сай келуі. 


1.3-сурет 

«Ұшбұрыш» қосымшасының терезесі 
1.4-сурет 

button1 элементінің Properties терезесі 
Program.cs файлының коды: 
using System; 
using System.Collections.Generic; 


using System.Linq; 
using System.Windows.Forms; 
namespace WindowsFormsApplication1 

static class Program 

///  
/// The main entry point for the application. 
/// 
 
[STAThread] 
static void Main() 

Application.EnableVisualStyles(); 
Application.SetCompatibleTextRenderingDefault(false); 
Application.Run(new Form1()); 



Form1.cs файлының коды: 
using System; 
using System.Collections.Generic; 
using System.ComponentModel; 
using System.Data; 
using System.Drawing; 
using System.Text; 
using System.Windows.Forms; 
namespace WindowsFormsApplication1 //Zadacha1_1 

public partial class Form1 : Form 

public Form1() 

InitializeComponent(); 

private void button1_Click(object sender, EventArgs e) 

int a, b, c, p; 
a = Convert.ToInt32(textBox1.Text); 
b = Convert.ToInt32(textBox2.Text); 
c = Convert.ToInt32(textBox3.Text); 
p = a + b + c; 
if (a > 0 && b > 0 && c > 0) 
if (a + b > c && a + c > b && b + c > a) 
textBox4.Text = "Үшбұрыш периметрі = " + p.ToString(); 
else 

textBox4.Text = "Үшбұрыштың бір қабырғасы қалған екі 
қабырғалардың қосындысынан үлкен. Енгізуді қайталаңыз."; 

else 



textBox4.Text = "Үшбұрыштың бір қабырғасы 0-ден кіші! 
Енгізуді қайталаңыз."; 


private void Form1_Load(object sender, EventArgs e) 

}


Орта автоматты түрде атаулар кеңістігін құрады. Оларды толығырақ 
қарастырайық.
System атаулар кеңісті базалық және іргелі анықтамалардан тұрады, 
олар: деректер типі, оқиғалар, оқиғалар өңдеуіштері, т.б. 
System.Collections атаулар кеңістігінде кластар анықталған, олар 
массивтерді, тізімдерді, сөздіктерді, хэштерді анықтайтын контейнерлер 
қызметін атқарады. 
System.ComponentModel 
кеңістігіндегі 
кластар 
қосымшаның 
компоненттері мен басқару элементтерінің белгілі бір тәртіптегі қызметін 
орындау үшін қолданылады. 
System.Data класы ADO.NET интерфейсі арқылы деректер базасымен 
жұмыс істейтін қосымшалар үшін керек. 
System.Drawing 
кеңістігі графикалық құрылғылар интерфейсіне 
(Graphics Device Interface, GDI) қол жеткізу үшін керек, нақтырақ айтсақ, 
оның толықтырылған GDI+ версиясы үшін. Осы кеңістіктегі кластар 
қосымша терезесінде сызықтарды, екі өлшемді пішіндерді, кескіндерді, басқа 
да графикалық объекттерді салу үшін керек. 
System.Windows.Forms кеңістігінде формалардың жұмыс тәртібін 
орындайтын кластар анықталған. 
Қосымшаға нақтысында System және System.Windows.Forms екі кеңістігі 
қажет, ал қалған атаулар кеңістігі қосымшаға қажетінше қосылады. 
Қосымша ретке келтірілгеннен (после отладки) кейін барлық файлдарды 
сақтау керек (менюде File->Save All командасын таңдау керек). 
Бағдарламалаудың визуалды ортасы кішігірім қосымша үшін де 10-нан 
аса файлдар мен бумаларды дайындайды. Жұмыс үстеліндегі бірінші 
бағдарламаның 1_1_treygolnik бумасында WindowsFormsAplication1 бумасы 
бар. 
Оның 
ішінде 
WindowsFormsAplication1 
атты 
бума 
мен 
WindowsFormsAplication1.csproj-ды редакциялау үшін шақырылатын жоба 
файлы бар. Ал WindowsFormsAplication1 бумасында тағы bin, obj, Properties 
бумалары мен бірнеше файлдар (бағдарлама коды – Program.cs, форма коды – 
Form1.cs) бар. Осы бумада Form1 формасы бойынша файлдың сырт пішінін 
сақтайтын ресурстық файл және форма мен онда орналасқан барлық басқару 
элементтер «қасиеттерінің» мәндерін сақтайтын Form1.Designer.cs файлы 
орналасады. 


Visual Studio .Net ортасымен жұмыс жасау үшін әзірше бізге тек форма 
кодының файлы 

Form1.cs қажет және осы файлды ғана өзгертуге болады
басқа файлдардың атауы мен қасиеттерін берілген күйде қалдыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет