Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет22/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

2.2 
Студенттердің 
психологиялық 
денсаулығы 
дамуының 
психологиялық-педагогикалық шарттары 
 
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне толығынан кірігу білім беру жүйесін 
халықаралық деңгейге кӛтеруді талап етеді. Білімді мамандардың кӛбеюі 
Қазақстанның дамыған елдер қатарына енуінде маңызды орын алады. Кәсіби 
білімді, батыл, болашаққа сенімді жас маман дайындау жоғарғы оқу орнының 
талабының бірі. Университет қабырғасында, студенттік кезеңде болашақ маман 
қалыптасады. Студенттерді оқытудың негізгі мақсаты кәсіби білім беру. 
Оқытудың мазмұны-мақсатталған педагогикалық процесс. Бұл студенттердің 
ғылыми және қолданбалы білімін кәсіби әрекетте іске асырудағы қажетті 
тұлғалық қасиетін, ойлау қабілетін, шығармашылығын, белсенділігін дамытып, 
оқу-танымды әрекетін ұйымдастырып, студентті ынталандыру. Жоғарғы білім 
адам психикасына, оның жеке басының дамуына үлкен әсер береді. Оқу 
орнында білім алу кезінде жағымды жағдайлар болғанда студенттерде 
психиканың барлық деңгейлерінің дамуы ӛтеді. Олар адам саналылығының 
бағыттылығын анықтайды. Жеке адамның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын 
ойлау қоймасы болып қалыптасады. 
Осыған орай психологиялық денсаулықтың дамуы студенттердің болашақ 
мамандардың жетілуінде орасан орын алатыны сӛзсіз. 
Біз зерттеу жұмысымызда студенттердің психологиялық денсаулығын 
дамытуда психологиялық дені сау студент болу нәтижесін кӛздеп, келесі 
шарттарды ұсынамыз: 


83 

студент тұлғасын дамытудың әлеуметтік-мәдени жағдайларын: 
мекендейтін жері қала-ауыл, оқу кезінде тұратын жері – жанұя- жатақхана, 
этникалық және тілдік орта; моноэтникалық-полиэтникалық орта және 
т.б.ескеру; 
- оқу курсын ескеру - ЖОО-ның білім беру және этномәдени ортасына 
бейімделу үрдісі детерминдеуші ретінде болады; 
- студенттердің психологиялық денсаулығының дамуын психологиялық 
сүйемелдеу - диагностика (мониторинг), психологиялық түзету, дамыту, 
психологиялық алдын алу шаралары.
Қазақстан - кӛп ұлтты мемлекет. Қазіргі уақытта Қазақстанда 
мәдениетке, тілге, ұлтқа, ұлттық мінез-құлыққа кӛп кӛңіл аударылып жатыр. 
Қазақстанда поли және моно ұлт топтары тұрады. Моноға біз бір ұлт ӛкілдерін 
жатқызамыз, олардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, қабілеттері, 
мәдениеттері тағы басқаларды жатады. Поли топтар - кӛптеген ұлттардың 
қосындысы, яғни олардың да, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті тағы 
басқалары. 
Қазіргі уақытта біздің полиэтникалық қоғамда ӛтіп жатқан экономикалық, 
әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде 
ӛмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің кӛтерілуімен 
түсіндіріледі. Жеке бір адамның және тұтас этностың этникалық сана сезімінің 
деңгейі, кӛп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын 
белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды. 
«Әлеуметтік мәдени орта» термині ӛз бойында үш түрлі ұғымды үйлесімді 
жинақтап тұр. Олар «әлеуметтік», «мәдени» және «орта» феномендері. 
Алғашқысы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жүйелер, оның құрылымдық 
мағынасымен (институттармен), екіншісі, қоғамдық элементтер жиынтығынан 
тұрып, оның қоғаммен қатынасын айқындайды [229, 116-124].
Біздің ойымызша, барлық адамға қатысты әлеуметтік жүйелер жиынтығы 
бір жағынан мәдениетпен қоса қарастырылады. Осы үш ұғымның әлеуметтік-
мәдени орта құруы оны екі маңызды аспектіде кӛруге мүмкіндік береді: 
әлеуметтік орта және мәдени орта кӛруге мүмкіндік береді. 
Әлеуметтік ғылымдардағы «орта» ұғымы «мәдениет» ұғымының 
нақтылығын білдіре отырып, ортадағы табиғи және әлеуметтік жағдайлардың 
жиынтығынан тұрады. Тек қана нақты ортада ғана белгілі бір уақыт 
аралығындағы жағдайлар мен ӛзгермелі, жылжымалы құбылыстарды зерттеп, 
байқауға болады. Әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуі мәдениет аралық 
байланыстар процесіндегі жүріс-тұрыс образдарын, құндылықтарды және жаңа 
нормаларды игеру арқылы жүзеге асатын жаңа мәдени ортамен сәйкестікке 
жету және ӛзгеру процесі ретінде түсіндіріледі және бірінші жағынан, жаңа 
мәдени қауымдастыққа интеграциялану деңгейінде кӛрінетін, екінші жағынан, 
кемелдену және қанағаттану сезіміне жету процесінің нәтижесі болып 
табылады. 
Мәдени орта - адамдардың ӛмірі мен қызметін ұйымдастыру 
формаларының түрлері арқылы анықталатын қоғам дамуының, шығармашылық 


84 
күштердің және адам қабілетінің тарихи нақты деңгейінің ортасы. Мәдени 
ортаға адамдардың бұрынғы ата-бабалары жасап кеткен материалдық және 
рухани құндылықтар да кіреді; адамдар қызметінің заттық нәтижесінен 
(машиналар, құрылыстар, ӛнер туындылары, т.б.) ғасырлар бойы қалыптасқан 
ұлттық және этностық ерекшеліктерінен, сондай-ақ, адамзат тірлігінде 
қолданылатын адамдардың күші мен қабілеттерінен (білімі, икемі, әдеті, 
интеллект деңгейі, эстетикалық дамуы, дүниетанымы, басқа адамдармен 
қарым-қатынас жасау тәсілдері мен формалары, мораль және құқық нормалары, 
табиғатқа кӛзқарасы және т.б.) тұратын адамдар ӛмірінің материалдық- рухани 
сферасының ортасы мәдени орта саналады. 
В.Г.Крыськоның пікірінше [230], адамың ұлттық – психологиялық 
ерекшеліктері ӛзгешелікке негізделетін фундамент іспеттес, ӛйткені ол 
қайсыбір ұлт ӛкілінің мінез–құлқы мен қылықтарының негізін құрайды. 
Әртүрлі этнос ӛкілдерін оқыту олардың ұлттық психкасының ерекшеліктерін 
ескеруді талап етед., Ӛйткені олар меңгерілген білімдердің игерілуіне, 
қабылдануына, студенттердің педагогикалық үдеріске тиімді иекмделуіне 
ықпал етеді. Автордың есептеуінше, нақты ұлттық қауымдастық ӛкілдерінің 
оқу және тәрбие ықпалдарын қабылдауының ұлттық ерекшеліктері тәрбиелік 
шаралар мазмұнының ӛзгешелігімен, олардың әртүрлі ұлт ӛкілдері мен 
халықтардағы тарихи тәжірибесі мен педагогикалық іс –әрекетінің ескерілуі 
мен тұлғаға ықпалы, қайсыбір ұлт ӛкілдерінің оқу тәрбие шараларына 
бейімделу ерекшеліктері педагогикамен қатар этнопсихологияның негізгі 
міндеттері ретінде анықталады. 
Этномәдени орта басқа құрылымдардан басқа этностың ділі мен 
дәстүрлеріне негізделген тәрбиелік бағдарлармен ұсынылады. В.Г.Крыськоның 
айтуынша ұлттық психологияның кӛптеген ерекшеліктері қоғамдық және 
мәдени ӛмірдің оларға тән ӛзгешелігімен түсіндіріледі. Мысалы, қазақтардың 
туысқандық байланыстары ӛте берік. Қандас адамдардың ортасы үлкен 
міндеттерді жүктейді. Қазақтар үшін: үлкендерді сыйлау (ата –анасын, 
әжелерін, аталарын, жасы үлкен туыстарын, педагогтарды), әлеуметтік ортаға 
бағдарлану, кӛмек кӛрсетуге даярлық, қонақжайлық жалпы іс–әрекетті, атап 
айтқанда оқу –кәсіби әрекет пен мінез –құлықты реттейтін құндылық бағдарды 
қалыптастырады. Студент оқуда қиындықтарды бастан кешірген, бағдарламаны 
меңгере алмаған жағдайда, оның туысқандарының алдында ӛзін ӛте кінәлі 
сезіну сезімі кернейді. Тіпті студент академиялық үлгермеушіліктен оқудан 
шығып қалған жағдайды жасыру деректері де орын алуы мүмкін. Бірінші 
курстың кӛптеген студенттері сәтсіздіктердің алдындағы мазасыздықты 
кешіріп стресс, невротизация күйінде кӛрініс береді. Сондай-ақ, қазақ 
студенттерінің туысқандарының қолдауына бағдарланым, дербеслік пен 
тәуелсіздікте кем екендігін байқауға болады.
Сонымен қатар, студенттердің психологиялық дені саулығының шарты 
болып тілдік орта да қарастырылады. Тіл когнитивті қарым-қатынас қызметінің 
нейтралды құралы емес екендігі белгілі. Тілдің символдық және әлеуметтік 
мәні бар. Оны кӛптілді қоғамда тілдің ұжымдық сәйкестілік пен ұлттық 


85 
құндылықтардың сақтаушысы ретіндегі қызметінен анық кӛруге болады. Тілдің 
символдық маңызы оның ұлттық, мемлекеттік, азаматтық сәйкестіктердің 
негізгі белгісі екендігінде» [231]. Қазіргі кезеңдегі студенттердің 
психологиялық денсаулығының дамуындағы маңызды шарттың бірі - оқу 
курсын ескеру. 
А.Р.Ерментаеваның атап ӛткен жоғары мектептегі оқыту процесінің 
тиімділігін анықтайтын сыртқы критерийлері студенттердің психологиялық 
денсаулығының ЖОО-нда білім алуындағы рӛлін айқын кӛрсетуде. Олар: 
- студенттердің оку жағдайына әлеуметтік-психологиялық бейімделу 
дәрежесі; 
- жастардың ӛздері таңдаған мамандык бойынша кәсіби іс-әрекетті 
меңгеруі мен оған бейімделу деңгейі; 
- болашақ мамандардың ӛз бетінше білім деңгейін жетілдіруінде 
қарқындылықтың артуы; 
- білімділіктің деңгейі; 
- кәсіби шеберлікті меңгеру деңгейі; 
- жастардың білім жетілдіруге әлеуметтік, физикалық мүмкіндіктері мен 
даярлығы [232]. 
Студенттік ӛмір кӛп жағдайларда студенттік ортамен, түрлі кӛңіл кӛтеру 
іс-шараларымен байланыстырылады. Кӛптеген студенттер үшін бұл ӛмір жеңіл 
және алаңсыз болып кӛрінеді. Басқа біреулері үшін бұл кезең, бейімделуді 
қажет ететін, ӛмірдегі кезекті бір ӛзгеріс. Студенттер жас және сондықтан да 
жастық шаққа тән түрлі мәселелерді бастан кешеді. Алайда олар ересек болуы 
да мүмкін. Онда оларға студент жасындағы қызықты кезеңмен рахаттануға 
кедергі болатын аса кӛп жауапкершіліктер жатады. Оларда сабаққа 
шоғырлануға бӛгет жасайтын жеке мәселелері болуы ықтимал. Қандай жағдай 
болса да, жоғары оқу орнында білім алу – кӛптеген студенттер үшін күйзеліс 
кезеңі болып табылады.
Алғашқы курстарда студенттік ұғым пайда болады, ақыл-ой әрекетінің 
ұжымдастырудың дағды-үйреністері қалыптасады, таңдалған кәсіпке сәйкестік 
сезіледі, тұрмыстың бос уақытының және еңбектің оптималды тәртібі 
жасалынады, жеке адамның кәсіби мәнді қасиеттеріне ӛзіндік тәрбиелеу мен 
ӛзіндік жасалулар бойынша жұмыс жүйелі түрде орнығады. 
Г.С.Никифоров студенттік кезең, ӛзінің денсаулығына жанашырлықпен 
қарауды жоққа шығаратын, ӛмір сүру стилінен кӛрініс табатын эмоционалдық 
күйзелістердің алуан түрлілігімен сипатталады деп қараған. Ӛз денсаулығының 
қамын ойлау әдетте, аға буынға тән болғандықтан, жастар оны 
«қызықтырмайтын және жалықтыратын іс» деп бағалайды [233]. Осы арада 
ӛздерінің физикалық және психикалық ресурстарының шексіз деп 
ойлағандықтан, олардың босаңсуға және демалуға деген қабілеттері де 
шектелген. Жаңа әлеуметтік ортаға белсенді ену кезеңі, құрбы-студенттер 
тобында қабылданып, жоғарғы мәртебеге иеленуге бағытталған іс-әрекеттерден 
байқалады. Бұл жерде денсаулықтың алдын алуға үнемі жатпайтын, әр түрлі 
құралдар да (никотин, алкоголь, наркотиктер)қолданылады. Ӛз құрбыларының 


86 
арасынан ӛзінің орнын табу талпыныстары кӛбінесе тәуекелді мінез-құлықпен, 
қалай болса да ӛз қадірін арттыруға деген ұмтылыспен байланысты болады.
Егер студентті 18–20 жастағы тұлға ретінде қабылдаса, бұл кезең 
студенттің ӛнегелі және эстетикалық сезімдерінің белсенді дамуына, мінез-
құлқының қалыптасуы мен тұрақтануына, есеюдің әлеуметтік рольдерінің 
(азаматтық, кәсіптік, еңбек және т.б.) толық кешенін меңгеруіне байланысты. 
Бұл 
жаста «экономикалық 
белсенділік» 
басталады. 
Демографтардың 
пайымдауынша, осы кезеңде адамның дербес ӛндіру қызметі, еңбек 
биографиясының басы және отбасын құруға құлшынысы басталады. Бір 
жағынан мотивацияны түрлендіруі, барлық бағалы бағыттар жүйесін құру 
болса, 
екінші 
жағынан 
мамандыққа 
үйрену 
жолындағы арнайы 
қабілеттіліктерді қарқынды ұйымдастырады. Бұл жас негізінен мінез–құлық 
пен ақыл–ойдың қалыптасу кезеңдеріне сәйкес келеді. 
Студенттің әлеуметтік-психологиялық бейнесін сипаттайтын және оқудың 
табыстылығыа әсер ететін факторларды екі категорияға бӛлуге болады: оқу 
орнына студентпен бірге келгендер және оқу процесі кезінде пайда болғандар: 
оларды басқаруға болады. Бірінші катергорияға дайындық деңгейі, оқуға деген
қарым-қатынас, оқу орнының мақсаттары туралы хабардар болуы, кәсіби 
болашақ туралы кӛз-қарас жатады. Бұл категорияға жататын факторлар бірінші 
курс студентінің «мен қайда келдім» және «қоршаған ортам қандай» екендігін 
түсінгісі келген кездегі бейімделу этапында қызмет атқарады. Уақыт ӛте келе 
бірінші категориядағы факторлардың әсері әлсіреп, екінші топтағы факторлар 
шешуші рольді атқарады. Олар оқу процесін ұйымдастыру, оқыту деңгейі, 
студент пен оқытушының қарым-қатынас түрі.
Студенттік шақ интеллектуалдық және физикалық күш дамуының 
оптимумының кӛпшілігіне қол жеткізілуімен де ерекшеленеді. Бірақ осы 
мүмкіндіктерімен олардың жүзеге асырылуының арасында қайшылықтар 
кездесіп жататыны да рас. Жоғарғы оқу орнына түсу жас адамға ӛзінің қабілет-
мүмкіндіктеріне сенімін нығайтады, толыққанды және қызықты ӛмірге үмітін 
жалғайды. Сонымен қатар екінші және үшінші курстарда жоғарғы оқу орнын, 
мамандықты, кәсіпті таңдаудың дұрыстығы туралы сұрақтың кездесуі де жиі 
байқалады [234]. 
Жоғарғы оқу орнына келіп түскеннен бастап болашақ мамандарға 
әлеуметтік қабылданған нормаларға жағымды қатынас, адамның ӛз 
мүмкіндіктерін шынайы бағалау сияқты жеке адамға тән қасиеттер дамиды. 
Студенттің табысты іс-әрекетіне қажетті жағдай - ішкі дискомфортты 
сезінуді жоғалтатын және қоршаған ортамен қайшылықтың болуының алдын 
алу. Ол үшін таңсық болған оқу орнындағы оқу ерекшеліктерін меңгеру болып 
табылады.
И.П. Павловтың
ашқан психо-физиологиялық құбылыс динамикалық 
стереотип негізін құрайтын кӛпжылдық әдеттегі жұмыс стереотипінің күрт 
ӛзгеруі кейде жүйке тозулары мен стресстік реакцияларға әкеледі. Сол себепті 
бұрынғы стереотиптің күрт ӛзгеруімен байланысты бейімделу (адаптация) 


87 
кезеңінің салдарынан алғашқы уақыттарда салыстырмалы түрдегі тӛменгі 
үлгерім және қарым-қатынастағы қиыншылықтарға әкелуі мүмкін [235]. 
Бірінші курстардың оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген 
кӛптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен: кешегі 
мектептің ұжымындағы оқушылардың оның ӛзара кӛмегі мен моральдік 
қалауының кетуімен байланысты жағым-сыз күйзелістер; кәсіпті таңдаудағы 
мотивацияның белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық, мінез-
құлық пен іс-әрекетті психологиялық ӛзіндік реттей алмаушылық, оның 
күнделікті бақылауға ашылуын педагогтардың талап етуі, жаңа жағдайда еңбек 
пен демалыстың оптималды тәртібін қарастырып іздеу жұмыс пен ӛзіндік 
қызметті реттеу, әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде, соңғысы 
ӛзіндік жұмысқа дағдының болмауы, конспекті жасай алмау, алғашқы еңбек 
кӛздерімен, сӛздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық. 
Аталған әртүрлі қиыншылықтардан студенттің шығуы ӛзіне байланысты. 
Оның кейбіреулері объективті құрыла алмайтын, енді біреулері субъективті 
сипатта және әлсіз даярлықта, болуымен, сондай-ақ мектеп және жанұя 
тәрбиесіндегі ақаулармен байланысты.
Зерттеушілер бірінші курс студенттерінің оқу орнының жағдайына 
бейімделуінің үш түрін кӛрсетеді. Формальды бейімделу, студенттердің жаңа 
ортаға, жоғарғы мектеп құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның 
талаптарына қатысты:
1) қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс студенттерінің топтық ішкі 
бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;
2) дидактикалық бейімделу, жоғарғы мектепте студенттердің оқыту 
жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты бейімделу [236].
Студенттердің үлгерімді оқуы кӛптеген факторларға тәуелді. Олардың 
ішінде ең бір маңыздысы деп В.А.Воронский, ақыл-ой әрекетінің кӛрсеткіші 
ретіндегі интеллектуалдық дамуы мен таным процесстерін реттеуші қызмет 
атқаратын зейін деп анықтайды [237].
Кӛпшілік бірінші курс студенттері алғашқы кездері ӛзіндік оқу 
жұмысындағы дағдылардың болмауынан үлкен қиындықтарды басынан кешеді. 
Олар дәрісті конспектілей алмайды, оқулықтармен жұмысты, алғашқы 
бастаулардан білімді тауып, іздестіре алмайды. Үлкен кӛлемді ақпаратты 
қорытындылай алмайды. Ӛз ойын нақты және анық айтып бере алмайды. 
Бірінші курс студенттерімен негізгі жұмыс міндеттерінің бірі ӛз беттік 
жұмыстың рационализациялау мен оптимизациялаумен оларды таныстыру 
болып табылады. Студенттердің ӛздік жұмысын семинар, практикалық және 
зертханалық сабақтары арқылы бақылайтын жұмыс түрлерінен кейбір 
студенттер тарапынан сәйкес талаптарды орындаудан қашып және оған 
енжарлық танытулары да байқатады. Мамандарды даярлаудың сапасын 
кӛтерудегі үлкен резервтер студенттер білімін бақылауды жүзеге асыруға жол 
ашады. Емтихандық сессияларда үлгерімдікті бақылау жүйесі студенттердің 
тек сол кезде ғана дайындалып, кейіннен ұмытуға себепші болатын жағдайы 
ғана. Студенттердің кітаппен жұмыс жасау, бүкіл семестр бойына жүйелі түрде 


88 
дайындалмауы кездейсоқ емес. Бірінші курстың кӛптеген студенттері кеше ғана 
мектептегі мұғалімдерінің назары мен қамқорлығына үйренген олар оқу орны 
жағдайында алғашында дискомфортты сезінеді. Олардың жоғарғы оқу 
орнындағы жаңа іс-әрекеттері ол жауапкершілікті тәуелді қатынастардың 
сапалы ӛзгеше жүйесі. Онда ең бірінші орынға ӛз мінез-құлқын ӛз бетімен 
реттеу қажеттілігін, ӛз ісі мен тұрмысының ұйымында бостандық дәрежесінің 
болуы қойылады. 
Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Еңбек стажы бар жас 
адамдар студенттік ӛмірмен тұрмысқа жеңіл және тез бейімделеді, ал кешегі 
оқушылар академиялық жұмысқа жақсы бейім. Студенттік топтың міндеті
жалпы оптималды іс-әрекет үшін жағдай жасау. Әдетте барлық оқу 
орындарында бірінші курстықтарды оқу орны жағдайына бейімдеуге 
кӛмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады. Маңыздырақ іс-шаралар 
қатарына «Студенттерге арнау», «Мамандыққа кіріспе» курсының оқытылуы, 
алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен бірінші курс студенттерінің сӛз сӛйлеуі, 
бақылау, бағалау шаралары жатады».
Студенттердің әр курстардағы дамуы бірнеше сипатқа ие. Бірінші курс 
ұжымдық ӛмірдің студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті үйрету міндетін 
шешеді. Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы деңгейімен 
ерекшеленеді. 
Бірінші 
курстағы 
студенттер 
де 
ӛз 
рӛлдеріне 
дифференциацияланған қадам жоқ. Екінші курс студенттердің оқу әрекетіндегі 
ең қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. 
Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың мәдени сұраныстары мен 
қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен 
аяқталған деп саналады. Үшінші курста мамандандырудың басталуы, ғылыми 
жұмысқа қызы-ғушылықтың күшеюі студенттің кәсіби қызығушылығының 
тереңдеуі мен ары қарай дамуының бейнеленуі ретінде кӛрінеді. Мамандануға 
табанды қажеттілік жеке адамның жан-жақты қызығушылықтары аумағының 
таралуына жиі әкеліп соғады. Әдетте, жоғарғы оқу орнындағы жеке адамның 
қалыптасуының түрлері мамандану факторымен анықталады. Тӛртінші курстың
оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші рет нақты танысуы. Студенттер 
мінез-құлқын арнайы дайындықтың рационалды түрлері мен жолдарын 
интенсивті іздестіру керек. Студенттердің мәдениет пен кӛпшілік ӛмір 
құндылықтарын асыра бағалайды оқу орнын жақында тәмәмдау перспективасы
болашақ іс-әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидалары қалыптасады. Жұмыс 
орны, материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты т.б. одан әрі ӛзекті 
бола бастайды жаңа құндылықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп оқу 
орнының ұжымдық ӛмірінен алшақтай бастайды. 
Үшінші және тӛртінші, кей жағдайда екінші курстарда ӛмірлік серігін іздеу 
маңызды рӛл атқарады. Бұл да студенттердің қоғамдық іс-әрекеті мен 
үлгеріміне әсер етеді. Қарама-қарсы жыныс ӛкіліне қызығушылық студенттер 
мінез-құлықтары мен ақыл-ойында мәнді орынды иеленеді. Интимдік қарым-
қатынастар ӛзін жақсы кӛрсетуге, жұмыста кӛңіл-күй, шығармашылық 
белсенділік тудыратыны жиі кездеседі десек те, Г.Ю. Любимованың ойына 


89 
жүгінсек эмоционалды ӛзара қарым-қатынастарда агрессия мен махаббат ӛзара 
әрекеттесе рӛл ойнайды [238]. 
Студенттің 
жеке 
басының 
психологиялық 
дамуы 
қарама-
қайшылықтардың пайда болуы мен шешілуі, сыртқының ішкіге ауысуы, ӛзіндік 
серпіліс, ӛзімен белсенді жұмыс жасаудың диалектикалық үрдісі. Бұл 
типологияда жалпы студенттердің кәсіпті таңдау ерекшеліктері, оқу 
үлгеріміндегі, мамандығына қатынасының айырмашылықтарына, негізгі 
қызығушылықтарына, қарым-қатынасы, бос уақытын ӛткізу ерекшеліктеріне 
баса назар қойылған. Оқытудың сәттілігі оқытылу сияқты адамның психикалық 
қасиетімен анықталады. Бұл түсініктің негізін адамның жеке бас ерекшеліктері 
(бейімділік, жеке адамның тұрақтылығы мотивациялар тығыздығы және 
басқалар) және оның барлық интеллектуалдық потенциалы құрайды [239].
Қорыта келе, студенттердің үлгерімі тек арнайы қабілеттер мен жалпы 
интеллект дамуына ғана емес, сонымен бірге, қызығушылықтар мен мотивтер, 
мінез қырлары, темперамент, жеке адам бағыттылығы, оның ӛзіндік санасына 
да тәуелді. Жеке адамның бағыттылығына, оның материалдық және рухани 
қажеттіліктері кіруі мүмкін. Осы қажеттіліктер ӛзінің қанағаттануын күтеді 
және құмарлық, еліктеу, тілек ету, талпыныс, эмоционалдық күйлерді 
тудыратыны хақ. Ал осылардың себебінен студент белсенділік танытуға 
мәжбүр болады. Жеке адамның потенциалды мүмкіндіктерін жұмылдырудың 
маңызды шарты оның қандай да бір іс-әрекет түріне бағыттылығы мен 
белсенділігі болып табылады. Адам үшін ең мәнді нәрсе сайып келгенде оның 
іс-әрекетінің мотивтері мен мақсаттары ретінде орын алады. Студенттің жеке 
басындағы негізгі қажеттіліктерінің бірі қарым-қатынас қажеттілігі. Қарым-
қатынаста студенттер ӛзгелерді ғана емес ӛзін де танып-біледі. Әлеуметтік 
ӛмірдің тәжірибесін меңгереді. Студент дамуы мен іс-әрекетінде әлемдік 
кӛзқарасы қоршаған ақиқат дүниеге кӛзқарасы, наным-сенімдер жүйесі де 
қомақты рӛлге ие. Студенттің мінез-құлқы мен әрекетіндегі айқын 
ерекшеліктер темпераментіне де тәуелді. Сондай-ақ, студенттердің іс-
әрекеттерінде олардың мінезі де кӛрініс береді. Мінез адамның салыстырмалы 
тұрақты психикалық құрылымы, оның жүріс-тұрысына әсер ететін қырлар 
жиыны. 
Студенттердің психикасының ерекшеліктерін қарастыра отырып, олардың 
психологиялық дені сау болуындағы шарттардың бірі-оқу курсын ескеру 
екендігі әбден мүмкін. 
Зерттеуіміздің ең маңызды шарты: ол студенттерге кешенді түрде 
психологиялық сүйемелдеу – психологиялық диагностика (мониторинг), 
психологиялық түзету, дамыту, психологиялық алдын алу шаралары.
Психологиялық сүйемелдеу жұмыстың келесі бағыттарынан тұрады: 
психодиагностика, 
психологиялық 
әдістермен 
түзету 
және 
дамыту, 
студенттердің психологиялық денсаулығының психологиялық алдын алу 
шаралары. 
Психодиагностика - қазіргі кезде студенттердің психологиялық 
денсаулығын диагностикалаудың жолдары белсенді түрде іздестірілу үстінде. 


90 
Кейбір авторларда предикторлар деп аталатын - психологиялық сенімділіктің, 
эмоционалдық тұрақтылық пен күйзелістің дамуына бейімділіктің негізін 
салушы факторлардың жеке-типологиялық сипаттамалары кӛрсетіледі [240, 
241]. 
Басқа ғалымдармен психологиялық денсаулықтың патогенетикалық және 
саногенетикалық ӛлшемдері белгіленеді. Әсіресе, В.А. Ананьевпен адамның 
бейімдік-компенсаторлық ӛлшемдерінің психодиагностикасы бойынша құнды 
практикалық нұсқау ұсынылған [242]. 
Физикалық, психикалық және әлеуметтік деңгейлердегі денсаулықтың 
(психикалық күйлердің, денсаулықтың тұлғалық аспектілерінің, сонымен қатар 
психикалық ӛзін-ӛзі реттеу әдістерінің кӛмегімен денсаулықты сақтаудың 
аспектілерінің; кәсіби іс-әрекетте денсаулықты психологиялық қамтамасыз 
етудің) диагностикасына арналған денсаулық психологиясы бойынша 
практикум құнды практикалық басылым болып табылады. Практикумда 
бұрыннан белгілі және мақұлданған әдістермен қатар, тәжірибе сабақтарының 
авторларымен жетілдірілген ӛзіндік әдістер де ұсынылған.
Психодиагностикалық зерттеудің бағдарламасын жасағанда біз келесі 
қағидаларды басшылыққа алдық:
- егер психологиялық денсаулық тұлғаның жүйелік сипаттамасы ретінде 
болса, онда психодиагностикалық процедуралар психологиялық денсаулықтың 
әр түрлі құрамдас бӛліктерін қамтуы қажет; 
- психологиялық денсаулықтың ӛлшемдері жүйесінде жағымды және 
жағымсыз түрлері белгіленеді.
Студенттердің психологиялық денсаулығын дамыту, сақтау, түзету және 
алдын алуға байланысты жұмыстар, студенттерді психологиялық сүйемелдеу 
үрдісін ұйымдастыруын болжайды. Психологиялық сүйемелдеу – қажетті 
психологиялық жағдайларды мақсатты түрде жасау арқылы және студенттердің 
ішкі тұлғалық әлеуетіне сүйене отырып, олардың тұлғасының мотивациялық, 
интеллектуалдық, эмоциялық, коммуникативтік, құндылық-адамгершілік 
салаларындағы сипаттамаларын зерттеудің, қалыптастырудың және түзетудің 
тұтас үрдісі. Соның нәтижесінде студент тұлғасының тұтастылығы мен кешенді 
оңтайландыруы жүзеге асады.
ЖОО студенттерінің психологиялық сүйемелдеуінің негізгі бағыттары – 
психодиагностика 
(психологиялық 
денсаулықтың 
мониторингі), 
психологиялық әдістермен түзету, психологиялық тренинг, психологиялық 
алдын алу шаралары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет