Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет21/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

4. Эмоционалдық компонент. Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo - толғану) 
- адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне 
реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын кӛңіл-
күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды 
эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның 
жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты эмоция. 
Эмоцияның жоғары түрі адамның іс-әрекетінің ӛнімді болуына мүмкіндік 
туғызады. 
К.Изардта он екі эмоцияны қамтыған дифференциалдық эмоциялар 
шкаласы (DES-IV) ұсынылған: қуаныш, қызығушылық, таңдану, мұң, ашу, 
аутоагрессия, қысылу, жиіркенушілік, жек кӛрушілік, қорқыныш, ұялу, 
айыптылық. Изардтың теориясында эмоциялар ұйымдастырушы және 
мотивациялық үрдістер ретінде ұғынылады және әрбір базалық эмоцияға 
бірегей түрткі беруші, бейімделуші қасиеттер қосылады. Нақты бір тұлғаға тән 
эмоциялар кешені сәйкес іс-әрекеттерге беталысты анықтайды. Оның мінез-
құлқымен, бейімдік мүмкіндіктерімен тікелей байланысты болады.  


82 
Эмоционалдық интеллект (англ. Emotional intelligence) – адам ӛмірінің 
эмоционалдық саласын тиімді ұғыну қабілеті. Эмоциялар мен қатынастардың 
эмоциялық астарын түсіну, ӛз эмоцияларын қатынастар және мотивациямен 
байланысты міндеттерді шешуде қолдану. ЭИ тӛмендегілерді қамтиды: 

эмоцияларды қабылдау және білдіру 

эмоция арқылы ойлау тиімділігін арттыру 

ӛзінің және ӛзгелердің эмоцияларын түсіну 

эмоцияларды басқару [228].  
Жоғарыдағы компоненттерді анықтағандықтан, біз студенттердің 
психологиялық денсаулығын тәжірибелік-эксперименталды зерттеуге бағытта
әрбір компонентті бірнеше әдіспен талғап іріктедік. 
Студенттердің психологиялық денсаулығының құрылымдық-мазмұндық 
моделінің келесі бӛлімі - даму факторлары. Яғни қазіргі кезеңдегі 
студенттерінің психологиялық денсаулығы дамуына сыртқы (этномәдени орта, 
бейімделу үрдісі, оқу курсы, ЖОО білім беру ортасы) және ішкі (ӛзіндік 
маңыздану қоры адекватты ӛзін-ӛзі бағалау, ӛзіндік маңыздану; бейімділік 
қоры: стреске тӛзімділік, эмоционалдық тұрақтылық, ӛзін-ӛзі реттеу; рухани-
адамгершілік қоры: моральдық қалыптылық, денсаулық құндылық ретінде, ішкі 
бақылау локусы, дамыған эмоционалдық интеллект) факторлар әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет