3-ші мұздық басу кезеңде өмір сүрді.Олардың азу тістері приматтарға қарағанда кішірек болды. Сонымен олар приматтарға қарағанда адамға жақындады. Дриопитектерге Оңтүстік Қытай мен Үндістаннан табылған маймылдар ұқсас болды. Дриопитектерге пргрессивті тармағынан Солтүстік Үндістанан табылған адамға ұқсас келеді рамапитек дамыды. Оның алдыңғы тістері онша шығынқы болмады, жалпы түрі маймылдан гөрі адамға ұқсас болды. Рамапитек бұдан 14-9 млн жыл бұрын шамасында өмір сүрген. Бұдан әрі олар өмір сүруге жарамды барлық аумақтарға таралып, қоныстана бастаған. Бұдан 5-2 млн ж.бұрын Жер бетінде адам тәрізді маймылдардың бірнеше түрлері болған. Солардың бірі австралопитек. Д.Джохансон Эфиопиядан жақсы сақталған аналық австралопитектің тым ертедегі қаңқасын тапқан. Ғылым оны «Люси» деп атады.Ол шамамен осыдан 3,5млн жыл бұрын өмір сүрген.
Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
Ең ежелгі епті адамның мөлшермен өмір сүрген мерзімі
1 млн. 750 мың жыл бұрын
|
Епті адам
1 млн. 750 мың жыл бұрын
|
Епті адам алғаш рет табылған аймақ
|
Африкадағы Кения жерінен Олдувай шатқалы
|
Епті адам табылған шатқал
|
Олдувай
|
Адамзат дамуының епті адамнан кейін пайда болды
|
Тік жүретін адам
|
Ежелгі адамдар болып табылатын питекантроптар мен синантроптардың атау
|
Тік жүретін адам
|
Ежелгі тік жүретін адам өкілі
|
Питекантроп
|
Питекантроптың мөлшермен өмір сүрген мерзімі
|
1 млн жыл бұрын
|
Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылған аймақ
|
1891 жылы Ява аралы
|
Ява аралынан табылған адам қаңқасы
|
Ява аралынан табылған адам қаңқасы
|
Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдардың замандасы
|
Питекантроп
|
Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың шамамен пайда болған мерзімі
|
1 млн жыл бұрын
|
Пикантроптан кейінгі адам атауы
|
Синантроп
|
Ежелгі тік жүретін адам өкілі
|
Синантроп
|
Қытай адамы атауы берілген
|
|
Синантроптың қаңқасы алғаш рет табылған аймақ
|
Солтүстік қытай
|
Синантроптың мөлшермен өмір сүрген мерзімі
|
500-200 мың жыл бұрын
|
Осыдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген адам
|
Синантроп
|
Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрді
|
Неандертальдықтар
|
100-35 мың жыл аралығында өмір сүрген адам атауы
|
Неандерталь
|
Неандерталь адам алғаш рет табылған аймақ
|
Германия
|
1938 ж Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір
|
Тесіктас
|
Жер бетінде 40-35 мың жыл бұрын өмір сүрген адам
|
Саналы адам
|
Саналы адам сүйегі алғаш рет табылған үңгір
|
Кро-Маньон
|
Франциядан табылған адам қаңқасы
|
Саналы адам
|
Кейінгі палеолит дәуірінде қазіргі адамдарға ұқсас қалыптасқан адам
|
Саналы адам
|
Саналы адам алғаш меңгерді
|
Анық сөйлеуді
|
Бұрынғы адамдарға қарағанда көптеген ірі жетістіктерге жеткен ежелгі адам
|
Саналы адам
|
Рулық қауым шықты
|
Кроманьон адам тұсында
|
Епті адамнан саналы адамға дейінгі адам дамуының кезеңі
|
Палеолит
|
Саналы адам қалыптасып, рулық қауым пайда болған кез
|
Кейінгі палеолит
|
|
|
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді.
Тас дәуірінің кезеңдері:
1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)
А. Ерте палеолит
Ә. Орта палеолит
Б. Кейінгі палеолит
2. Мезолит (орта тас ғасыры)
3. Неолит (жаңа тас ғасыры)
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.
Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы төбыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшіп бірлесу болды.
Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:
Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл);
Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);
Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.
Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.
Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған.
Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.
Тас дәуірінің хронологиясы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
Қазақстан жерінің, оны өте көне замандарда мекендеген адам баласының, адамзат қоғамының тарихы дүние жүзіндегі адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты. Адамзат баласының шығу тегінің, қалыптасуының ортақ тарихы, заңдылықтары бар. Сондықтан қай елдің, қай халықтың болсын көне тарихын дүрыс түсіну үшін, осы ең көне замандағы тарихқа шолу жасау қажет.
Тарихты дәуірлеу қоғамдық өндірістің дамуына, өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты жасалады. Белгілі бір ғылым саласының әдіс-тәсілдері арқылы жасалатын кезеңге бөлу археологиялық және геологиялық деп екі кезеңге бөліп қарастырылады.
Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған — атақты американ этнологі Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын жабайылық, тағылық (варварлық ) және өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді. Аталған әрбір кезеңде адамзат баласы өзінің дамуы барысында белгілі бір жетістіктерге жетіл отырды. Мысалы, жабайылық кезеңінде адамзат калыптасу үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды — сөйлеу тілі пайда болды, отты бағындырды, балық аулауды игерді, садақ пен жебені пайдаланды. Тағылық кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін салу мен мал бағуды үйренді, темірді өзіне бағындырды, ал өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққаннан басталады. Л.Г.Морган адамзат баласы тарихын эволюцияльқ даму тұрғысынан карастырып, тарих кезеңдерін материалдық өндірістегі белгілі бір жетістіктермен байланыстырды. Оның бұл бағыты кейінгі кезендерге бөлу ісіне дұрыс жол сілтеді.
Тас дәуірінің кезеңдерін жете түсіну үшін, осы дәуірдің геологиялық, археологиялық деректерін нақты білу қажет-ақ. Геологиялық кезеңге бөлу бойынша, шамамен 67 млн жыл бүрын кайназой дәуірі басталды. Осы дәуірде жер бетінде сүтқоректі жануарлар, құстар, әр түрлі өсімдіктер пайда болды. Кайназой дәуірі үштік және төрттік кезеңдерге бөлінеді. Адамзат баласының тарихы осы төрттік кезеңмен байланысты.
Палеолит Олдувай кезеңінен басталады. Олдувай кезеңі мөлшермен б.з.д 2,5-млн жылдықтан 840-мыңжылдыққа дейін; шелль-ашель кезеңдері б.з.д 840-мыңжылдықтан 140-мыңжылдыққа дейін созылады. Ашелль-мустье дәуірі 140—40-мыңжылдықтар арасын алып жатыр. Соңғы палеолитке (мустье) б.з.д 40—12-мыңжылдыктар жатады.
Бүгінгі таңда бір топ ғалымдар палеолит дәуірін: ерте (төменгі) палеолит, орта палеолит және соңғы (жоғары) палеолит деп үш үлкен кезеңге бөлсе, енді бір топ ғалымдар палеолитті: ерте (төменгі) палеолит жөне соңгы(жоғары) палеолит деп екі үлкен кезеңге бөледі.
Палеолитті үш кезеңге бөлушілер ерте (төменгі) палеолитке олдувайдан бастап кейінгі ашельге дейінгі кезеңді, ал мустьені — орта немесе соңғы палеолитке жатқызады. Сонымен бірге соңғы немесе жоғары палеолитке — оринъяк, солютре, мадлен мәдениеттерін жатқызады. Екі топтағы археологтардың бұл мәселедегі таласы мустье кезеңіне байланысты екен, біреулері оны палеолиттің орта дәуірі деп есептесе, екіншілері мустьені соңғы палеолитке қосып жібереді. Тас дәуіріне арналған еңбектерде ғалымдар кейде геологиялық, кейде археологиялық мәліметтерді пайдаланады. Сондықтан жер тарихының геологиялық және археологиялық кезеңге бөлінуін салыстыра білу қажет. Геологиялық кезеңге бөлуге сүйенсек, плейстоцен толығымен палеолитке және жартылай мезолитке сөйкес келеді. Ал голоцен (мұз қайтқаннан кейінгі дәуір) неолит заманына сай келеді.
Адамзат баласының пайда болуы
Тас дәуірінің ең басты белгілерінің бірі — адамзат баласының пайда болып, қалыптасуы. Бүгінде адамзат баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде көптеген көзқарастар бар. Оларды үш топқа бөлуге болады. Біріншісі — бүл мәселені діни, идеалистік жолмен түсіндіру. Ондай ұғым бойынша, күллі дүниені, соның ішінде адамды Құдай жаратты деу. Бұл — ғылыми жолмен дәлелдеуі өте қиын пайымдау. Екінішісі — әсіресе кейінгі кезде көп айтылып жүрген әлемдік гуманоидтер жөніндегі көзқарас. Ол бойынша, адам баласы жер бетіне басқа планетадан келген. Бүл да әзірге ғылыми дәлелденбеген пікір. Адамзат баласының пайда болуы, қалыптасуы жөніндегі үшінші пікір — адамзат баласы жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктер сияқты ұзак жөне біртіндеп дамудың нәтижесінде пайда болып қалыптасқан.
Ч.Дарвиннің ілімі бойынша, бүкіл жанды дүниенің, өсімдіктердің пайда болуы, тарихи дамуы карапайымнан күрделіге карай, дамудың төменгі сатысынан жоғары сатысына қарай жүріп отырған. Адамзат баласының пайда болып, қалыптасуы және дамуы жөніндегі пікірлердің ішіндегі осы эволюциялық теория бүгін де ең дәлелді, сенімді көзқарас саналады. Сондықтан әлемнің көпшілік ғалымдары осы көзқарасты жақтайды.
Ғалымдар ерте палеолит заманындағы адам баласы қоныстанған аймақтың ең солтүстік шегі Сарыарқа деп келген. Соңғы 10—15 жылда біздің жерден әлдеқайда солтүстікте жатқан аймақтардан ерте плейстоцен адамдарының ізі табылды. Қазір Қазақстан жері палеолит заманындағы игерілген аймақтың ең қиыр шегі емес, Еуразия материгіндегі палеолиттік мәдениеттің таралу орталығының бірі деп есептеледі.
Адамзат тарихының ең көне дәуірін кезеңге бөлуде археологиялық қазбалар пайдаланылады. Әр замандағы адамдардың негізгі құрал- сайман жасаған материалы да әр түрлі болды. Адамдар ең көне дәуірде құрал-саймандарды тастан жасаған. Сондыктан да бүл заманды тac дәуірі дейміз. Бұдан соң адамдар еңбек құралдарын жасау үшін мысты пайдалана бастады. Бұл өтпелі кезеңді энеолит — мысты тac дәуірі деп атайды. Одан кейінгі кезеңде құрал-сайман қоладан жасалды. Сөйтіп, қола дәуірі пайда болады. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы VII ғасырда адам баласы темірді қорытуды үйреніп, содан құрал-сайман, қару-жарақ жасай бастады. Бүл — тарихта темір дәуірі, дәлірек айтсақ, ерте темір дәуірі деп аталды.
Тас дәуірі адамзат баласы пайда бола бастаған кезден басталады, бұл — шамамен екі миллион жылдай уақытты қамтыды. Тас дәуірі үш үлкен кезеңге бөлінеді. Олар — палеолит (көнетас), мезолит (ортатас) және неолит (жаңатас) кезеңдері.
Палеолит дәуірінің кезеңдеуінде соңғы уақыттарда біраз өзгерістер болды. Қазір тас дәуірінің ең көне кезеңін олдувай мәдениеті дейді.
Адамның басқа жан иелерінен басты айырмашылығы — оның еңбекке қабілеттілігінде. Бірде-бір маймыл кұрал жасай алмайды. Ол табиғаттағы заттарды құрал ретінде пайдалануы мүмкін. Мысалы, ағашпен жаңғақты немесе бананды ұрып түсіреді. Бүл — құралды пайдалану әрекеті ғана, әлі еңбек емес. Еңбек егер маймыл екі ағашты бір-біріне жалғап, не болмаса ағаштың ұшын ұштап, кейін іс-әрекет пайдаланса ғана еңбек құралын жасау іске асады. Яғни, табиғи құралды өз қажетіне қарай өңдеуден еңбек үдерісі басталады. Еңбекке қабілеттілік адамның басты критерийі, яғни басқа жан иелерінен негізгі айырмашылығы болды, еңбек ету үдерісінде адамның ойлау қабілеті дамыды. Ойлау қабілетімен бірге қатынас құралы — тіл дамыды. Тілдің пайда болып, дамуы қоғамның дамуына өзінің жағымды әсерін тигізді.
Адамның биологиялық, физиологиялық дамуында ет тағамының рөлі зор болды. Қалыптасып келе жатқан адамдардың өмірінде отты игерудің орны да бөлек еді. От алғашқы адамдарды суықтан сақтады, әр түрлі жыртқыштардан қорғануға мүмкіндік берді. Оның үстіне, отқа пісірілген (ысталған) ет адамның күш-қуатының артуына, ойлау қабілетінің дамуына жақсы әсер етті. Адамның адам болып қалыптасуы кезеңінде аталған факторлар негізгі рөл атқарды.
Әлеуметтік ұйым формаларының қалыптасуы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымы ұзақ даму жолынан өтті. Бірінші формасы — алғашқы адамдардың тобыры бірігіп аң аулап, қорғану үшін қажет болды. Адамзат баласы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шыққаннан кейін, 1,5—2 миллион жылдай уакыт тобыр болып өмір сүрді. Алғашқы адамдар тобыры деп аталатын өте қарапайым бірлестіктің құрамында, әдетте 20—30 ересек адамдар болатын. "Адамдардың бұл алғашқы бірлестігін неге тобыр деп атаймыз?" деген сүрақ тууы мүмкін. Шындығында да, бұл адамдардың бірлестігі болғанымен, олардың әлі де хайуанаттар тобырынан айырмашылығы шамалы болатын. Олар да терімшілік пен аңшылық арқылы күн көретін, табиғаттың дайын байлығын тұтынатын, яғни ештеңе өндірмейтін.
Археологиялық кезеңге бөлуге сүйенсек, алғашқы адамдар тобыры ерте және орта палеолит заманында біріге бастады. Планетаны, соның ішінде Еуразияның оңтүстік бөлігін ол заманда ең көне жөне ежелгі адамдар — питекантроп, синантроп, неандарталецтер жайлаған.
Ежелгі адамдардың ойлау қабілеті, санасы дами түсті. Ұжымдық өмір сүру мен туыс адамдардың каң араласуын болдырмау үшін топ мүшелерінің арасында неке қатынастарына тыйым салынды. Бір әлеуметтік топтың ішінде неке қатынастарына тыйым салуды тарих ғылымында "экзогамия" деп атайды. Басқа топ адамдарымен некелік қатынастар орната отырып, біртіндеп туыскандарға айналды. Енді бұрынғы топтар қандас-туыс адамдардан тұратын бірлестіктерге айналды. Ғылымда мұндай бірлестік "ру" деп аталады. Туысқандық байланыстар аналық ру жағынан анықталды.
Екінші формасы — соңғы палеолитте қалыптаскан рулық қауым. Бұл қазіргі адамдарға ұқсас саналы адамның (Homo Sapiens) пайда болу кезімен тұстас келді. Рулық қауым аналық ру түрінде пайда болды.
Аналық ру — өзара қандас, аналары жағынан туысқан болып есептелетін адамдардың бірлестігі. Әйел заты қоғамның негізгі біріктіруші күші болғандықтан (туыстық түр-тұлғасы анасы жағынан есептелгендіктен), оның әлеуметтік орны жоғары болған, қастерлеп, қасиет тұтқан. Сондықтан аналық рулық қауым қалыптасты.
Рулық қауым орта палеолит пен соңғы палеолит арасында пайда болған. Бұл кезде ойлау қабілеті жетілген, түр-тұлғасы жағынан қазіргі адамдарға өте ұқсас адамзат баласы қалыптаса бастаған. Рулық қауымда ұжымдық еңбек жөне өндіріс құрал-жабдыктарына ортақ меншік үстем болды.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |