Нормативтік сілтемелер 3 белгілеулер мен қЫСҚартулар



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата28.10.2023
өлшемі1.33 Mb.
#481848
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
МАГИСТРЛІК ЖОБА

Әлсіз жақтары. 
Тараптардың бірдей көңілдерінен шығатын медиаторды таңдаудың 
қиындығы 
Кейде медиация процесінің барлық қатысушылары арасында сындарлы 
қарым-қатынас орнатуға қабілетті кәсіби медиаторды табу қиынға соғады.
Егер 
тараптар ымыраға келмесе, сотқа жүгінуге болатын уақыт босқа кетеді. 
Медиация рәсімінің тиімділігі дауласушы тараптардың ынтымақтасу 
дәрежесіне өте тәуелді 
Қақтығыстардың туындау себептері мүдделердің, көзқарастардың, 
пікірлердің алшақтығы болуы мүмкін. Көбінесе, жанжалдар тараптардың 
әрқайсысы өздерінің кінәсіздігін қыңырлықпен қорғауға және оны дәлелдей 
бастауына байланысты туындайды. Сондықтан көзқарастардың алшақтығы мен 
іште тұрған бір-біріне деген ызаның не ғұрылым терең отырып қалуы, 
тараптардың ымыраға келу мүмкіндіктерін де алыстатады. 
Түпкілігінде тараптар ымыраға келіп, мәселені шеше алады немесе 
заттарды сол күйінде қалдырады.
Медиация институтына көпшіліктің әліде сенімсіздікпен қарауы 
Қазақстанда медиация институтының пайда болғанына он жылдан 
шамалы ғана асқанын ескерсек, бұны жас институт деп айтуға болады. Себебі, 
заң қабылдануымен қатар, оны жүзеге асыру үшін бір-екі жыл немесе кейбір 
жағдайда одан да көп мерзім аздық етеді. Сондықтан тұрғындар дауды шешудің 
үйреншікті тәсілден арылуы қиынға соғатын сияқты. Бүгіннің өзінде медиация 
туралы естігенімен, тұрғындар оған жүгінуді әдетке айналдырмаған, көпшілікке 
дәстүрлі форматта сот арқылы дауды реттеген тиімді сияқты болып көрінеді. 


28 
Бұның тағы бір тұсы құқықтық дауларды шешуге өздері жүгіргеннен, 
адвокат немесе заң көмекшісін жалдап, барлық мәселені соларға артып қойған 
оңай деп ойлауы. 
Егер, осы ретте, адвокатқа, одан кейін сотқа жүгіну үшін төленетін баж 
салығы мен басқа да сот шығындарын ескерсек, әрине медиацияның қаржылай 
да уақыт жағынан да ұтымды сәттерін байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет