34
процесін талдау және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады. Сондықтан оқыту
және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-
техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет.
Менің тұжырымдауымша көркем еңбек сабағында тиімді жүргізілетін
жұмыстарды іріктеп, әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білу оқушылардың
ынтасының, қабілетінің, шығармашылық ой өрісінің дамуына мүмкіншілік
жасайды , сол арқылы оқушылардың еңбектің тәрбиелік құндылығы артады.
Сабақты қызықты әрі балаларғы ұғынықты етіп жеткізу әр бір педагогтың
шеберлігі мен кәсіби білімінің арқасында қол жеткізуге болады, бірақ
балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың жолдары да аз емес 21
ғасыр техналогия ғасыры. Қазіргі заман талабы ол ақпараттық техналогияларды
тиімді пайдалану, ақпараттық техналогияларды тиімді пайдалану сабақты
көрнекті әрі қызықты өткізуге мүмкіндік беріп отыр.
Сабақта көрнектілік ретінде интерақтивтік тақтаның мүмкіншіліктерін
пайдалану сабаққа деген балалардың қызығушылығын арттырары сөзссіз,
әсіресе бастауыш сынып оқушылары түрлі түсті бейнелер мен қызықты
кескіндерді интерактивтік тақтадан тамашалар арқылы жұмыс жасау сабаққа
деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.
Теориялық тұрғыдан дәстүрлі сабақ түрін өткізуді бірінші бөлімде
қарастырған болатынбыз, ендігі кезекте ақпараттық құралдарды пайдалана
отырып сабақты жүргізудің артықшылықтары мен кемшіл тұстарнына
тоқталамыз.
Елімізде төтенше жағдай енгізілген жағдайда қашықтықтан сапалы
оқытуды ұйымдастыру өте өзекті болып саналады
Еліміздің білім беру
жүйесінің алдына үздіксіз білім беру үшін мүмкіндік жасау міндеті қойылған
Қашықтықтан оқыту кезінде қандай әдістерді қолдануға болады?
1) Оқытушының және басқа да оқушылардың ең аз қатысуымен білім
алушының білім беру ресурстарымен өзара іс-қимылы арқылы оқыту әдістері
(өзін-өзі оқыту).
2) Жеке оқыту және оқу әдістері, оларға бір білім алушының бір
оқытушымен немесе бір білім алушының басқа білім алушылармен өзара
қарым-қатынасы тән ("бірге бір" оқыту). Бұл әдістер қашықтықтан білім беруде
негізінен телефон, смартфон, электрондық пошта, WhatsApp,
Тelegram сияқты
технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
3) Білім алушыларға оқытушы немесе сарапшы оқу материалын ұсыну
негізінде қолданылатын әдістер, онда білім алушылар коммуникацияда
белсенді рөл атқармайды ("бір адам көпті"оқыту).
Дәстүрлі білім беру жүйесіне тән бұл әдістер заманауи ақпараттық
технологиялар базасында дамудың жаңа қарқынын алады. Мәселен, радио
немесе теледидар арқылы оқылатын аудио немесе видеокассетаға жазылған
дәрістер заманауи қашықтықтан білім беру үдерісінде "электрондық дәрістер"
деп аталатын, яғни компьютерлік желілер арқылы Интернет көмегімен
таратылатын дәріс материалдарымен толықтырылады.
35
4) оқу үдерісінің барлық қатысушылары арасындағы белсенді өзара
әрекеттесуі тән әдістер ("көпшілік көпшілікті" оқыту).
Бұл әдістердің мәні және оларды пайдалану
қарқындылығы оқыту
телекоммуникациялық технологияларының дамуымен айтарлықтай артады. Бұл
әдістердің дамуы ұжымдық оқу дискуссиялары мен конферен-цияларын
өткізумен байланысты Аудио-, аудиографиялық және бейнекон-ференция
технологиялары қашықтықтан білім беруде осындай әдістерді белсенді
дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша қашықтықтан оқытуда қай платформа
тиімді деген сұрақ туындалады.
Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты оқушылар 2019-2020
оқу жылының төртінші тоқсанын қашықтан оқыды. Қысқа уақытта енгізілген
әдіске ұстаздар да, ата-ана да, оқушы да дайын болмады. Оқу процесі
барысында мұғалімдер тарапынан да біршама қателік жіберілд .
Мұны ескерген Білім және Ғылым министрлігі жаңа оқу жылына сақадай
сай боламыз деп уәде етті. Ендігі кезекте осы
қашықтан оқыту барысында
бірден бір оқу жүйесі ретінде өзін көрсете білген онлайн мектеп
платформасына тоқталып, осы жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктерін
көрсете отырып зеттейік.
Төтенше жағдай кезінде қашықтан оқыту барысында болған барлық
кемшіліктерді ескере отырып, жаңа оқу жылында дәстүрлі мектепті онлайн
форматта әзірлеп, жаңа функционалдар қосылған OnlineMektep платформасы
іске қосылды. Оқушылар мен ұстаздар мектеп бағдарламасын үйден шықпай-ақ
толықтай меңгере алады. Жаңа тақырыпты жақсы меңгеру үшін оқушылар
анимациялық видеолар мен виртуалды зертханаларды пайдаланады.
Ендігі кезекте осы қашықтан оқу жағдайында осы ондайн мектеп
платформасының артықшылықтарын атап көрсетсек:
Оқушылар үшін:
- барлық
мәліметтерге қол жетімділігі;
- берілген мәіметтердің түсінікті әрі ыңғайлуы;
- мәліметтер бейне жазба (видио) және аудио жазба ретінде де берілуі;
- тақырып бойынша берілетін тапсырмалар нақты берілген тақырыпқа
сай және ұғынықты болуы;
- щқушылардың тапсырманы орындап болған соң, бірден өз нәтижесін,
яғни алған ұпай саны мен пайыздық көрсеткішін білуі;
- жалпы жүйенің түсінікті әрі ыңғайлы болуы, яғни білінен соң біріне
«алға» батырмасы арқылы өте беру
Мұғалімдер үшін:
- берілген мәліметтердің тез арада қолжетімділігі;
- оқушылармен кері байланыс орнатудың жылдамдығы;
- оқушының қандай тапсырманы дұрыс орындамағанын бақылау
мүмкіндігі, соның негізінде оқушыға түсініксіз
сұрақтарды анықтап
сонымен жұмыс жасу;
- оқушылардың пайыздық үлесі арқылы оқу деңгейін жылдам саралай
алуы;
36
- сыныптың оқу деңгейін ақын байқалуы
Қашықтан оқыту ол әрине ол әрине қазіргі заман талабы. Бірақ дегенмен
де дәстүрлі форматта оқыту оқушы үшін көп мүмкіндіктер ашары сөзсіз. Әрине
жоғарыда айтылып жатқан онлайн мектеп бағдарламасының мұғалім үшін де
оқушы үшін де артықшылықтары көп, бірақ кемшіл тұстары да жоқ емес.
Мәселен көркем еңбек сабағында балалармен тікелей қатынасып жұмыс жасау
қажет Мәселен кез келген бұйымды немесе затты жасауды, жалпы жасалу
жолдарын оқушыларғы қолына ұстатып үйрету арқылы ғана жақсы нәтижеге
жетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: