4. Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 69-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69. Нотариус жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншігіндегі мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландырады.
Нотариус тараптардың келісімімен белгіленген ортақ мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландырады. Дау болған жағдайда нотариус сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді.
70. Әрбір қатысушыға қатысты пайдалану тәртібі туралы шартта оның техникалық құжаттамаға сәйкес пайдалануға құқылы жылжымайтын мүліктің нақты бөлігі, олардың реттік нөмірі мен мөлшері көрсетіледі.
Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландыру кезінде тараптар жер учаскесін пайдалану тәртібін айқындап та, айқындамай да жер учаскесіндегі тұрғын үйді пайдалану тәртібін белгілеуге құқылы.
Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттың пайдалану тәртібі белгіленетін ортақ мүліктегі үлесті сатып алушы тұлға үшін міндеттейтін күші болады.
71. Жылжымайтын мүлікті пайдаланудың тәртібі туралы шарт дербес құқық белгілеуші құжат болып табылмайды, ол құқық белгілеуші құжатқа қосымша ретінде жүреді және заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге жатады.
72. Егер ортақ (үлестік немесе бірлескен) меншікке қатысушылар ортақ меншік тәртібін тоқтатқысы келсе, нотариус оларға мүлікті пайдалану тәртібі мен мүлікті бөлу шартын бекітудің құқықтық салдарының айырмашылығын, сондай-ақ соңғының жасалу шарттары мен тәртібін түсіндіреді.
5. Мүлікті бөлу туралы шартты куәландыру
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 73-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
73. Нотариус ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншіктегі мүлікті бөлу туралы шарттарды куәландырады.
Ортақ мүліктің бөлек (жеке) меншікке ауыстырылу шарты мүліктің бөлінетін бөлігін құқықтың дербес нысаны ретінде қарау мүмкіндігі болып табылады (Кодекстің 218, 221-баптары).
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 74-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
74. Тұрғын үйді (пәтерді) сол тұрған қалпында бөлу үй-жайдың тұрғын жайы да, қосымша жайлары да бөлінгеннен кейін уәкілетті органымен берген ұсынылған құжаттарға сәйкес бірнеше тұлғаның ортақ меншігінде (пайдалануында) қалмайтын болады. Бөлінген бөлікте (бөліктерде) жеке есік шығарудың және қажетті қосымша үй-жаймен қайта жабдықтаудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайларда, нотариус мүдделі адамдарға олардың мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарт жасауы мүмкіндігі туралы түсіндіреді.
75. Ортақ меншікке қатысушылар арасындағы келісім бойынша тұрғын емес үй-жайды бөлу шартын бекіту кезінде ортақ пайдаланудағы басқа да орындар (дәліздер, баспалдақтар және т.б.) қалдырылуы мүмкін.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 76-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
76. Тұрғын үй-жайды бөлу туралы шарттың мәтінінде әрбір бұрынғы меншік иесіне ауысқан жиынтық пайдалы алаңның, тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы пайдалы алаңына қатынасы арифметика тілімен көрсетілуі керек, сондай-ақ жалпы үлестік меншікте қалатын объектілер көрсетілуі керек.
77. Тұрғын емес үй-жайды бөлу туралы шарттың мәтінінде әрбір бұрынғы меншік иесінің меншігіне ауысқан үй-жайлардың (негізгі, сондай-ақ қосымша үй-жайлар), барлық үй-жайдың жалпы жиынтық ортақ ауданына (оның ішінде үлестік меншікке жатқызылғандар) қатысы арифметика тілімен көрсетілуі керек, сондай-ақ үлестік меншікте қалған объектілер көрсетілуі керек. Егер ортақ үлеске дәліздер, баспалдақ аралығы және т.б. жатса, нотариус арифметика тілімен олардың жалпы ауданының барлық үй-жайдың жалпы жиынтық ауданына, сондай-ақ бұрынғы қосалқы меншік иелерінің бөлуден кейін олардың жеке меншігіне жатқызылған жылжымайтын мүліктің мөлшерінде пара-пар есептелген жалпы пайдалану орындарына жалпы үлестік меншігіндегі үлестерінің мөлшерін көрсетуі керек.
78. Нотариус ортақ мүліктен заттай үлесін бөлу туралы шартты куәландырады, ол бойынша жалпы (үлестік немесе бірлескен) меншікке қатысушылардың барлығының келісімі бойынша қатысушылардың біреуі (немесе бірнешеуі) жалпы мүліктің нақтылы бөлігін, оның ішінде тұрғын үйдің (пәтердің) жеке бөлігін меншікке ала алады, ал басқа бөлігі қалған қатысушылардың жалпы (бірлескен немесе үлестік) меншігінде қалады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 79-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79. Жұбайлардың мүлкін бөлгенде нотариус некені бұзылғанда мүліктік салдары және ортақ мүліктік меншік режимі белгіленген некелік шартының бар немесе жоқ екендігін анықтайды. Некелік шарт болған жағдайда мүлікті бөлу оның шарттарына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 80-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
80. Жылжымайтын мүлікті бөлу туралы шартын, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті бөлу шартын куәландырған кезде нотариус құқық белгілейтін құжатты талап етеді.
Мүлікті бағалау туралы есепті нотариус, егер ол тараптардың келісімімен көзделген жағдайда талап етеді.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 81-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
81. Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжитын мүлікті бөлу туралы шартты куәландыру кезінде нотариус осы мүліктің тараптарға тиістілігін растайтын құжаттарды талап етеді.
82. Мүлікті бөлу (үлесті бөлу), оның ішінде жылжымайтын мүлікті бөлу тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Үлесті бөлу кезінде құқық белгілеуші құжат үлестің бөлінуі туралы белгі соғылып, құқық иесіне (құқық иелеріне) қайтарылады.
6. Некелік келісім-шарттарды куәландыру
83. Нотариус некелік шарт туралы мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелеріне сәйкес куәландырады.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 84-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
84. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады.
Неке шарты міндетті түрде нотариалды куәландырылуға жатады және жазбаша түрде жасалады.
Неке шарты «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-43-баптарыныңнормаларына сәйкес жасалады.
85. Нотариус жұбайларға мүлік жөнінде мәмілелер жасағанда нотариустың сонымен қатар басқа да мүдделі адамдардың осы шарттың жағдайларымен танысуы тиіс екенін түсіндіреді.
7. Өсиеттерді куәландыру
86. Өсиеттерді куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырып жатқан мүлігіне құқығын растайтын дәлелдерді талап етілмейді.
Өсиет жазбаша нысанда оның жасаған жері мен уақытын көрсетіп жасалынады.
87. Бірнеше адамдардың немесе өкілдің атынан өсиетхатты куәландыруға жол берілмейді.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 88-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 88-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88. Өсиеттi өсиет қалдырушының өзі жазады не өсиет қалдырушының айтуымен куәлардың қатысуы арқылы нотариус жазады.
Өсиетте оны жасаған жері, күні және уақыты көрсетіледі.
Өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиеттің мәтіні мен тізілімде куәнің тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні мен жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ тұрақты мекенжайы көрсетілуге тиіс. Өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған тұлғаға қатысты ұқсас мәліметтер өсиетте және тізілімде көрсетіледі.
Өсиет жасалған кезде ҚР АК 1050-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалар куәгер бола алмайды.
Өсиетті нотариус өсиет қалдырушының сөзімен жазған кезде немесе нотариус қолымен жазса, жалпы қолданылатын техникалық құралды (жазу машинкасы, дербес компьютер) пайдаланады.
Өсиетке өсиет қалдырушы мен куәгер қол қояды (өсиетті куәгердің қатысуымен жасаған жағдайда).
Өсиетті нотариус өсиет қалдырушының сөзімен жазған кезде өсиет қалдырушы өсиетке қол қойғанға дейін оны нотариустың және куәгердің қатысуымен оқиды.
89. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті жеке өзі оқи алмайтын жағдайда болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә жария етеді, бұл туралы өсиет қалдырушының жеке өсиетті оқи алмауының себебі көрсетілген куәландырған жазбаға дейінгі өсиет мәтініне тиісті жазу жазылады.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өз қолымен қол қоя алмайтындай жағдайда болса, оның өтініші бойынша нотариустың өсиет қалдырушының және куәгердің қатысуымен өсиетке басқа адамның қолы қойылады. Бұл ретте өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебі көрсетіле отырып, өсиет мәтінінде және куәландыру жазбасында тиісінше жазу жазылады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 90-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
90. Өсиет қалдырушының қалауы бойынша нотариусты оның мазмұнымен таныстырмай, нотариус құпия өсиетті бір данада куәландырады.
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупі ескеріліп, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылады және қолы қойылады, екі куәнің және нотариустың қатысуымен куәлар өз қолдарын қоятын конвертке желімденіп салынады, куәлардың қатысуымен куәлар қол қояды, нотариус куәландыру жазбасын қойып, басқа конвертке бекітіледі. Конверт нотариустың ісінде қалады.
Құпия өсиетті куәландырған кезде нотариус өсиет берушіге Кодекстің 1050-бабында көзделген өсиет нысанына қойылатын талаптарды түсіндіреді.
91. Өсиет бір немесе бірнеше жеке тұлғалардың пайдасына, сондай-ақ заңды тұлғалардың және мемлекеттің пайдасына да жасалады. Егер өсиет бірнеше адамдардың пайдасына жасалса, өсиет қалдырушы әрбір мұрагердің үлес мөлшерін, немесе олардың әрқайсысына тиісті мүлікті немесе барлық мұрагерлердің мұрадағы үлестерінің тең екенін көрсетуі керек.
92. Егер көрсетілген өсиеттегі мұрагер мұра ашылғанға дейін қайтыс болатын, оны қабылдамайтын не одан бас тартатын немесе лайықсыз мұрагер ретінде мұрадан шеттетілетін жағдайда, сондай-ақ мұрагердің мұра қалдырушының құқықтық шарттарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда өсиет қалдырушының басқа мұрагерді тағайындай алады.
93. Өсиетті куәландыру кезінде нотариус өсиет қалдырушыға заң бойынша жасы кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мұрагерлердің өсиеттің мазмұнына қарамастан міндетті үлесін алуға құқықтары туралы түсіндіреді.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Нотариус өсиеттік бас тартуды, міндеттерді жүктеуді, мұрагерді қосымша тағайындауды, өсиет орындаушыны тағайындауды қамтитын талаптардың өсиетке енгізілуі мүмкіндігін өсиет қалдырушыға түсіндіреді.
95. Өсиеттің мәтініне өсиетті орындаушыны тағайындау туралы шарттың қосылуы мүмкін. Өсиетті орындаудың мұрагер болып табылмайтын адамға жүктелуі мүмкін. Бұл жағдайда осы адамның өз қолымен жазылған өсиеттің өзінде, не өтінішке қоса берілген өтінішінде білдірілген келісімі қажет.
Өсиет орындаушы болып әрекет қабілеті жоқ адам, сол сияқты өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қойған адам тағайындалмайды.
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында БНАЖ арқылы өсиетті орындаушының (жанға бұйрық етуші) жеке басын куәландыратын құжаттары тексеріледі.
96. Куәландырылған өсиеттер туралы мәліметтерді нотариус өсиеттерді есепке алу алфавиттік кітабына енгізеді.
97. Нотариаттық палатада нотариус берген куәландырылған өсиеттер туралы мәліметтер енгізілетін өсиеттерді есепке алудың алфавиттік кітабы жүргізіледі.
98. Өсиеттің:
1) өзі бұрын жасаған өсиеттен толық бас тарту туралы нотариусқа өтініш беру;
2) жаңа өсиет жасау жолымен күшінің жойылуы мүмкін.
Өсиеттің:
1) өзі бұрын жасаған өсиеттің белгілі бір бөлігін өзгерту туралы жазған өтінішті нотариусқа беру;
2) бұрын жасалған өсиетті өзгертетін жаңа өсиет жасау жолымен өзгертілуі мүмкін.
99. Өкіл арқылы өсиеттің күшін жоюға немесе өзгертуге жол берілмейді. Өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы өтініш нотариаттық куәландырылады.
100. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде өсиетті жою, өзгерту туралы белгі жасайды.
Өсиет жойылған жағдайда нотариус өсиет қалдырушыдағы данасын алып қояды, оған жазба жасайды және нотариус істерінде сақталатын данасына тігеді.
Бұрын жасалған өсиет өзгерген жағдайда оның өзгергені туралы өтініш нотариуста сақталатын өсиеттің данасына тігіледі.
8. Сенімхаттарды куәландыру
101. Нотариустар бір немесе бірнеше адамның атынан бір немесе бірнеше адамның атына сенімхаттарды куәландырады.
Өкіл тікелей өзіне қатысты, бір мезгілде өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты сенімхат бойынша іс-әрекеттер жасай алмайды.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2014.24.01. № 22 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 102-тармақ жаңа редакцияда
102. Сенімхат мәтінінде оның жасалған жері мен куәландырылған күні, сенім білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) мен туған жері, тұратын жері (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға органының атауы мен орналасқан жері) және сенім білдірілген адамның тегі, аты, әкесінің аты мен тұратын жері көрсетіледі.
БНАЖ электрондық тізіліміне сенім білдіруші адамның ЖСН мен оның жеке басын куәландыратын деректері, сондай-ақ заңды тұлғаның БСН енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 103-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
103. Сенімхаттың қолданылу мерзімі жазбаша көрсетіледі және үш жылдан аспауы керек.
Егер сенімхатта мерзім көрсетілмесе, ол жасалған күннен бастап бір жылға дейін күшін сақтайды.
Сыйға тарту сенімхатында сый алушы және сыйға тарту заты көрсетіледі.
104. Нотариаттық куәландыру талап етілетін мүлікті басқаруға, мәмілені жасауға арналған сенімхат, сондай-ақ қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат (Кодекстің 167-бабының 4, 6-тармақтарында көрсетілген сенімхаттан басқа) нотариаттық куәландыруға жатады.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Автокөлік құралын басқару және иелік ету құқығына сенімхат автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (техникалық паспорты) болған кезде куәландырылады.
106. Заңды тұлға берген сенімхат нотариаттық куәландырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органның, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың атынан ақша немесе басқа да мүліктік құндылықтарды алуға немесе беруге берілген сенімхатқа осы ұйымның бас (аға) бухгалтері қол қоюы тиіс.
107. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат қайта сенім білдіру құқығы көрсетілген негізгі сенімхат ұсынылған кезде ғана куәландырылуы тиіс.
Сенімхатты куәландыру кезінде сенім білдірілген адамнан оның сенім білдірілетін мүлікке құқығын растайтын дәлелдемелер талап етілмейді (автомотокөлік құралдарына берілген сенімхаттардан басқа).
Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат негізінде одан әрі қайта сенім білдіруге жол берілмейді.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 108-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
108. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхатта негiзгi сенiмхатты куәландырған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, куәландыру уақыты мен орны, тiзiлiм нөмiрі, негізгі сенімхат берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған және тұратын жері немесе негізгі сенімхатты берген заңды тұлғаның атауы мен тұрған жері, сондай-ақ өкілеттіктер берілетін адамдар, тиісті жағдайда олардың қызметі көрсетіледі. Негізгі сенімхатта қайта сенім білдіру туралы белгі соғылады. Негізгі сенімхаттың көшірмесі нотариуста қалатын сенімхаттың данасына қосылады.
Сенім білдірілген адам негізгі сенімхат бойынша өкілеттіктерін толық ауқымда берген жағдайда қайта сенім білдірілген деген белгісі бар бастапқы сенімхат қайта сенім білдіру тәртібінде берілген сенімхатқа тігіледі және үшінші тұлғаға беріледі.
Негізгі сенімхатта көрсетілген жекелеген өкілеттіктер немесе бірнеше адамдарға қайта сенім білдірілген кезде қайта сенім білдірілгені туралы белгісі бар бастапқы сенімхат сенім білдірілген адамға қайтарылады, ал бастапқы сенімхаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі және қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат үшінші тұлғаға беріледі.
109. Сенім білдірілген адамның (ұсынылған) оған берілген сенімхаттың жойылғаны туралы өтініші нотариатты куәландырылуы тиіс.
Бұл ретте нотариус сенім білдіруші сенім білдірушіге және сенім білдірушіге мәлім үшінші тұлғаларға, сенімхат берілген өкілдікке, сондай-ақ сенімхатты куәландырған нотариусқа сенімхаттан бас тартылғаны туралы хабарлауға міндетті екендігін түсіндіреді.
110. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде берілген сенімхаттың жойылғаны немесе одан бас тартқаны туралы белгі жасайды.
9. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландыру
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 111-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
111. Нотариус шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын: құрылтай шартын және Жарғысын куәландырады.
Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шарты нотариатты куәландыруға жатады.
112. Жарғысын куәландырған кезде «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылтайшылардың қолдарының түпнұсқалылығы куәландырылады.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 113-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
113. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сенімхаттың негізінде жұмыс істейтін олардың құрылтайшысы (-лары), қатысушы (-лары) немесе олардың өкілі (-дері) қол қояды.
114. Құрылтай шартын куәландырған кезде нотариус мәмілелерді осы Ереженің талаптарына сәйкес куәландыру үшін жалпы ережелерді басшылыққа алады.
10. Мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 115-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115. Нотариус мұраны ашқан жері бойынша, заң бойынша бір немесе бірнеше мұрагерлердің өтініштері бойынша, сондай-ақ мұрагерлер заң бойынша болмаған немесе белгісіз болған кезде - жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша мұраға сенімгерлік басқарушы тағайындайды.
Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, сенімгерлік басқарушыны оған қажетті шығыстардың орны толтырыла және мұраның есебінен қисынды сыйақы төлене отырып, олардың талабы бойынша кері шақырылады.
116. Егер мұрагерлердің арасында тұратын жері нотариусқа белгісіз адамдар бар болса, нотариус олардың тұратын жерін анықтауға қисынды шаралар қабылдайды.
Егер мұрагерлердің тұратын жері немесе жұмыс орны белгісіз болса, нотариус бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұраның ашылғаны туралы хабарлама жасайды.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 117-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
117. Сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы нотариус қаулы шығарады.
Қаулыда:
1) қаулының шығарылған күні, уақыты мен жері;
2) қаулыны шығарған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, оның лицензиясының нөмірі не мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;
3) тағайындалатын мұраны сенімгерлікпен басқарушының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен жері, оның тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжатының деректері;
4) мұра қалдырушының тегі, аты мен әкесінің аты (болған кезде), сондай-ақ қайтыс болған күні, соған қатысты қорғау шараларын қабылдау қажет болатын мүліктің атауы мен тұрған жері көрсетіле отырып, мұралық мүлікті қорғауға қабылданған шаралар туралы тапсырманың мазмұны;
5) мұраны сенімгерлікпен басқарушының өкілеттігін түсіндіру жөніндегі жазба;
6) тізілім нөмірі мен нотариусқа төлеген сомасы;
7) нотариустың қолы, мөрі болуы тиіс.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен
Достарыңызбен бөлісу: |