Нұр Астана. 2012. №16. 19 сәуір Есім Ж. «Ойнайық ай астында ақсүйек » Соңғы жылдары 15-сәуір «Ғашықтар күні»



Дата03.07.2016
өлшемі11.6 Kb.
#174479
Нұр Астана.- 2012.- № 16.- 19 сәуір

Есім Ж.


«Ойнайық ай астында ақсүйек...»

Соңғы жылдары 15-сәуір «Ғашықтар күні» деп аталып, «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» мерекесі ретінде бейресми түрде тойланып келеді. Ұлттық нақыштағы мейрамға арналған шараның бірі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің алдындағы алаңда өтті.

Оқу ордасының шәкірттері игі бастаманы қолға алып, саябаққа жиналған жастардың арасында «Ақсүйек» ойнауды ұсыныпты. Заманауи стиль мен ұлттық нақышты біріктірген университет алдына тігілген қос киіз үй мен алтыбақан аясына жиналғандар ай астында ақсүйек ойнады.

Ата –баба салтында жастарды таныстырып, табыстыратын ойын түрі – ақсүйектің өтуіне той-томалақ жасаған үй иелері ұйытқы болады екен. Сәйкесінше, ән мен жыр айтыс пен термеге кезек беруді де естең шығармаған. Үлкендер тәлім-тәрбие үйретіп, қисса-дастандар оқылады. Бұл шарада студенттік дәуірінде оқу ордасы табыстырған ерлі-зайыпты жұптар өз өмірлері жайлы қызықты естеліктермен бөлісті. Артынша Ақан сері Қорамсаұлы туралы театрланған көрініс көрсетілді.

- Біздің университеттің студенттері халқымызға мұра болып келе жатқан киелі салт дәстүрлерімізді жаңғыртып, насихаттау жолында тынбай еңбек етіп жүр. Бұл басқосу да соның бір дәлелі болары сөзсіз. Қыз Жібек пен Төлегенді, Қозы Көрпеш пен Баян сұлуды еске алып, махаббат күнін атап өтудеміз. Ол – үлкен тәрбие мен ұлтымызға рух, патриоттық сезім беретін қажырлы еңбек,- деді университет ректоры Ақылбек Күрішбаев.



Екі мыңнан астам жастың басын біріктірген «Ақсүйекті» тұңғыш рет ұйымдастырған белсенді топ бұдан былай дәстүрлі ойынды жылда өткізуді жоспарлап отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет