4.2.2. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, халықтың билікке сенімі көбіне тұрмыстық жемқорлықтың деңгейімен анықталады. Бұл – азаматтар мен бизнестің мемлекеттік қызметті тұтыну кезінде күнделікті ұшырасып жүрген жағдайы.
Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жүйелі түрде арттыру үшін партия келесі шараларды қабылдауға қол жеткізетін болады:
– 2015 жылдан бастап барлық рұқсаттарды электронды түрде беруді қамтамасыз етуге;
– 2016 жылға қарай әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді 100% электронды пішімге көшіруге;
– 2020 жылы мемлекеттік қызметтің кем дегенде 80%-ын, 2025 жылы 100%-ын электронды түрде көрсетуге;
– 2025 жылы мемлекеттік қызметтердің кем дегенде жартысын «бір терезе» қағидатымен (ХҚО-лар арқылы) көрсетуге;
Қабылданған шаралардың нәтижесі 2025 жылы Қазақстанның «Әдеп және сыбайлас жемқорлық»көрсеткіші бойынша Жаһандық бәсекеге Қабілеттілік Индексі елдерінің алғашқы 30-дығына енуі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |