4.5. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Ұсынылған шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасының барлығын айтарлықтай жетілдіруді талап етеді.
Осыған байланысты партия Парламент Мәжілісіндегі Фракция арқылы мыналарға қол жеткізетін болады:
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған жаңа заңды қабылдау, осы заңда оның алдын алу басымдыққа ие болады. 1998 жылғы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» қолданыстағы Заңы көп жағдайда уақыт ағымындағы өзгерістерге сай келмейді, тұжырымдамасы жағынан ескірген және партияның осы заманғы бағдарламалық мақсаттарына сай емес. Жаңа заң сыбайлас жемқорлықтың барлық деңгейінде онымен тиімді күрес жүргізуді арттыруға, жемқорлықтың пайда болуы мен тамырын жаюына мүмкіндік туғызатын жағдайды азайтуға, сондай-ақ қоғамда жемқорлыққа атымен төзбеушілікті қалыптастыруға;
– Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдарға кіруіне және жемқорлыққа қарсы іс-әрекет саласындағы көпшілікке танылған халықаралық конвенцияларға қосылуына мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды профилактикалық шарасы нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз ғылыми сараптама жүргізу болып табылады. Мұның бәрі Қазақстан заңдарының халықаралық стандарттарға сай келуіне, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы ең озық әлемдік тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді, жалпы алғанда, біздің еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |