4.2.1. БИЗНЕСКЕ ЖАСАЛАТЫН ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ АЗАЙТУ
Партия өзінің Парламент Мәжілісіндегі Фракциясы арқылы бизнеске жасалатын әкімшілік кедергілерді түбегейлі азайту бойынша заңдар топтамасын қабылдауға күш салатын болады, оның ішінде төмендегілер қарастырылады:
– 2015 жылдан бастап шағын және орта бизнеске жасалатын барлық жоспарлы тексеруді алып тастау, сондай-ақ, жоспардан тыс бақылау қажеттілігін объективті көрсететін кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесін енгізу;
– 2015 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жою рәсімдерін жеңілдету;
– 2016 жылдан бастап хабардар ету тәртібіне және өзін-өзі реттеуге көшіру жолымен берілетін рұқсаттар санын 50%-ға қысқарту;
– мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын заңнамалық жолмен қысқарту.
Үкіметтік емес ұйымдарды, сараптамалық қауымдастықты іске тарта отырып, партия сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, шарпысуларды аластау бойынша заңнамаға жүйелі негізде талдау жүргізетін болады.
Атқарылған жұмыстың нәтижесі Қазақстанның 2025 жылы «Бейресми төлемдер мен паралар деңгейі»көрсеткіші бойынша Бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық Индексіндегі және Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізудің жеңілдігі» рейтингіндегі жемқорлық деңгейі ең төмен елдердің алғашқы 30–дығына енуі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |