Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері тұрғындардың сыбайлас жемқорлықты түйсінуі мен билікке деген сенімі мониторингінің маңызды партиялық құралы болып табылады. 2013 жыл мен 2014 жылдың алты айының ішінде оларға миллионнан аса азамат хабарласты. Өтініштерге жүргізілген талдау сыбайлас жемқорлық пен азаматтардың құқықтарын бұзудың алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс сапасын арттырудың тиімді құралы «Электронды партия»болып табылады. Ол халықпен кері байланысты нығайтады, азаматтардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты арыздары мен шағымдарын жедел, электронды пішімде қарастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |